Қазіргі заманғЫ Қазақ тілінің негізі


Дауысты дыбыстардың жіктелуі



бет6/31
Дата08.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#27264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Қазіргі заманғы қазақ тілінің негізі

Дауысты дыбыстардың жіктелуі:

Жақ қатысына қарай:

– ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е

– қысаң дауыстылар: ы, і, ұ, ү

Ерін қатысына қарай:

– еріндік дауыстылар: о, ө, ү, ұ

– езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і

Тіл қатысына қарай:

– жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы

– жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, е, і

Қазіргі қазақ тілінде 25 (ал қазақ тілінде 19) дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, ң, қ, п, р, с, т, у, ћ, ф, х, ц, ч, ш.

Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді (сонор) дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, у;

Қатаң дауыссыздар: п,ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ

№ 3 дәріс тақырыбы: Буын, оның түрлері. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Дыбыс үндестігінің орфография мен орфоэпияға қатысы. Бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулығындағы буын және дыбыс үндестігі кездесетін тақырыптар. Орфоэпия, орфография, графика.

Адам сөйлеп тұрған кезде ауа қарқыны сөйлеу мүшелері арқылы толқындалып, бірнеше бөлікке түсіп айтылады. ¤йткені сөйлеу ырғақ-интонациялық тұрғыдан алғанда, дыбыстардың үздіксіз тізбегінен құралған бірлік немесе сөйлеу толқыны. Ол нақты бөліктерден, сөйлеудің бірліктерінен (фраза – такт – буын – жеке дыбыс) тұрады.



1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, а-ғе-ке, ба-ла т.б.

2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз. Мысалы: ат, аз, ін т.б.

3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, паң, таң, нан т.б. Құрт...

Дауыстылардың бір-бірімен өзара үндесуі сингармонизм деп, ал дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі ассимиляция деп аталады.

Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрде көрінеді:

а) ілгерінді ықпал;

ә) кейінді ықпал;

б) тоғыспалы ықпал.



а) Ілгерінді ықпал деп сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын айтады. Мысалы: қала-ға, білім-ді, күз-гі, бүгін-гі т.б.

жент-ті, ат-қа, бас-пен т.б.

ә) Кейінгі ықпал деп сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін айтады. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяңданады, кейде п дыбысы у-ға айналады: жүрек жүрегі, білек білегі, парақ парағы, қабақ қабағы, жап жауып, жаба бастады т.б.

б) Тоғыспалы ықпал. Қосымшалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ықпал дейді. Мысалы: он күндік – оңгүндік, қайран қалды – қайраңғалды, айдын көл айдыңгөл, тас жол – ташшол, Досжан Дошшан, Есжан Ешшан т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет