№ 2 дәріс тақырыбы: Қазақ тілі фонетикасына кіріспе. Фонетиканың зерттелуі. Салалары мен нысаны. Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселелер. Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбы
№ 2 дәріс тақырыбы: Қазақ тілі фонетикасына кіріспе. Фонетиканың зерттелуі. Салалары мен нысаны. Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселелер. Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар.
Фонетика – тіл білімінің басты бір саласы. Оның зерттеу объектісі – тіл дыбыстары, олардың құрамы мен жүйесі. Тіл дыбыстары адам ойын білдіру үшін қызмет атқарады. Ол бұл қызметін сөз арқылы жүзеге асырады, өйткені сөздерден сөз тіркестері, сөйлем құралады. Ал тілдегі әр сөз тіл дыбыстарынан тұрады.
Дауысты дыбыстар. Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Тілде мынадай 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і.
Дауыссыз дыбыстар. Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.