Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Педагогикалық технологиялар және оларға қысқаша сипаттама



бет34/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
47. Педагогикалық технологиялар және оларға қысқаша сипаттама
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар әркетінің өзара байланысты компоненттерінің, кезеңдерінің, жай-күйінің бірізді және үздіксіз қозғалысы.
Педагогикалық жүйелерді, процестерді немесе жағдаяттарды жобалау –күрделі көп сатылы іс-әрекет. Бұл іс-әрекет, оны кім жүзеге асырса да және қандай объектіге арналса да, бірінен кейін бірі келетін кезеңдер ретінде, алдағы іс-әрекеттерді әзірлеуді жалпы идеядан нақты сипатталған іс-әрекеттерге жақындата отырып жасалады.

Интеллектуалды оқыту жүйесі (ИОЖ). Бағдарламалық оқыту технологиясы білім алушының белгілі бір бірізділікпен ақпаратты (мәтіндік, графикалық, бейнелік – барлығы техникалық мүмкіндіктерге байланысты) порцияларын алуды болжайды және оқытушы белгілеген оқу курсында меңгеруді бақылауды қамтамасыз етеді.
Интеллектуалды оқыту жүйесі (ИОЖ) оқушының білімі мен ерекшеліктеріне бейімделу, оқыту үдерісінің икемділігі, оңтайлы оқу әсерін таңдау, оқушы қателігінің себептерін анықтау сияқты ерекшеліктерімен ерекшеленеді. ИОЖ осы ерекшеліктерін жүзеге асыру үшін жасанды интеллект әдістері мен технологиялары қолданылады.


48.Педагогикалық инновациялардың теориялық және қолданбалы мәселелері.
Инновация — (латынның «innovation» сөзінен — жаңашылдық, өзгеріс, жаңарту) жүйені бір күйден екінші күйге өзгертуге әкелетін жаңа элементтерді енгізу ортасына мақсатты өзгеріс енгізе отырып, жаңасын жасау, игеру, пайдалану және тарату жөніндегі қызмет (шет тілдерінің қазіргі сөздігі). Педагогикалық инновация — бұл жаңа білім беру тәжірибесін құрумен байланысты мектептің даму процестерін зерттейтін ғылыми білімнің ерекше саласы.
Педагогикалық инновация – жас ғылым. Біздің елде олар бұл туралы өткен ғасырдың екінші жартысында ғана айта бастады. Қазіргі кезде педагогикалық инновация эмпирикалық ізденіс пен қалыптасу сатысында.
Бастапқыда бұл педагог-жаңашылдар қозғалысы болса, қазіргі уақытта оған ғалымдар да атсалысуда. Олар отандық білім беру жүйесіндегі жаңалықтарға ерекше мән бере бастады.
Инновациялық қызметтің негізгі міндеттері:

  • жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;

  • жаңалықтың жетіксіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;

  • жаңалықтардың басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;

  • жаңалық еңгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.

Бұл міндеттерді шешу үшін мынадай қосымша міндеттер шешілуі қажет:

  • арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдарынан жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық қызмет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;

  • өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.

Білім берудегі инновация дегенде «педагогикалық технологияларды, оқыту әдістері мен тәсілдер жиынтығын жетілдіру үдерісін» түсінеміз. Білім беру қызметінде инновацияның келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:



  • пәнішілік инновациялар: бұл пән ішінде іске асырылатын, яғни пәнді оқыту ерекшеліктеріне негізделген. Мысалыға, жаңа оқу-әдістемелік кешенге ауысу және авторлық әдістемелік технологияны меңгеру.

  • жалпыәдістемелік инновациялар: оған педагогикалық тәжірибеге дәстүрлі емес кез-келген пән саласында қолдануға мүмкін болатын әмбебап педагогикалық технологияларды ендіру жатады. Мысалы, білім алушыларға арналған шығармашылық тапсырмалар дайындау, жобалық әрекет және т.б.

  • әкімшілік инновациялар: білім беру қызметінде барлық субъектілердің тиімді жұмыс істеуіне әсер ететін жетекшілердің әр алуан деңгейдегі қабылданатын шешімдері.

  • идеологиялық инновациялар: бұл инновациялар сананы жаңартуға шақырады және қалған барлық инновациялардың негізі болып табылады. Себебі, бірінші ретті жаңартудың қажеттілігі мен маңыздылығын сезінбей тікелей жаңартуға кірісу мүмкін емес.

Инновациялық педагогикалық қызметтің басты формасы мен маңызды құрауышы эксперимент болып табылады. Қызметі мен мазмұнына қарай педагогикалық эксперимент оқу, дидактикалық, ғылыми-зерттеушілік түрде болады. Білім беру саласында эксперимент толықтай таным әдісі ретінде талқыланады.
Педагогикалық эксперименттің мақсаты алуан түрлі педагогикалық әрекеттің, яғни ұйымның оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формаларының тиімділігін тексеру болып табылады. Ол педагогикалық іс-әрекет пен олардың нәтижесі (білім мен білікті игеру, қабілеттерді дамыту, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және т.т.) арасындағы себеп-салдар байланысын құруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық инновация - педагогикалық іс-әрекетке жаңалық енгізу, тиімділігін арттыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу технологиясына және мазмұнына өзгерістер енгізу. Тұлғаның инновациялық потенциалын келесі негізгі параметрлермен байланыстырады:

  • жаңа идеяларды ойлап табу және оны жүзеге асыру, ең бастысы – оларды практикалық түрде жобалау иен пішіндеу шығармашылық қабілеті;

  • мәдени-эстетикалық дамуы және білімі;

  • өз іс-әрекетін жетілдіруге дайындығы және сол дайындықты қамтамасыз ететін ішкі әдістер мен құралдардың болуы.

  • дамыған инновациялық сана (дәстүрлімен салыстырғанда инновациялық қызметтің құндылығы, инновациялық қажеттіліктер, инновациялық тәртіп мотивациясы).

Инновациялық қызмет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты үдерістермен сипатталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет