Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы



бет49/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.

Бұл тұжырымдама саланы дамытудың 3 тұжырымдамасын біріктіру арқылы ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бірыңғай тұжырымдама үш негізгі тараудан тұрады: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, өмір бойы білім алу және ғылым. Сондай-ақ, Тұжырымдама жобасында 16 бағыт және 16 нысаналы индикатор, 120 іс-шара көзделген.
2029 жылға қарай саланы дамыту бойынша: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне қанағаттану деңгейін 78% - ға дейін ұлғайту; шетелдік жоғары оқу орындары филиалдары санының 12 бірлікке дейін және оқытушылық қызметке тартылған шетелдік сарапшылар санының 1400 адамға өсуі; халықтың қызметтер спектріне және бейресми білім беру сапасына қанағаттану деңгейін 50% - ға ұлғайту; ғылымға жұмсалатын шығыстар үлесінің ішкі жалпы өнімнен 1% - ға дейін өсуі күтіледі.
Жалпы, тұжырымдаманы іске асыру жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қолжетімділігіне, жоғары білімнің инфрақұрылымы мен цифрлық архитектурасын озық кадрлармен қамтамасыз етуге және дамытуға, қазақстандық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оның елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесін арттыруға, ҒЗТКЖ-ға жеке сектордың инвестицияларының өсуіне және ұлттық және өңірлік деңгейлердің қолданбалы проблемаларын шешуге ықпал ететін болады.
Сонымен қатар кездесуде Заң департаментінің директоры Ержан Нұрғалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу бойынша ҚР заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шарада Әдеп жөніндегі уәкіл Әділет Тойбаев «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтау туралы» туралы баяндама жасады. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттеріне негізделген, өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметте Әдеп кодексінде көзделген парасаттылық атмосферасын құруға бағдарланған қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет