Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


К.Левин басқару стильдерінің үш классикалық түрін бөліп көрсетеді: авторитарлық, либералды және демократиялық



бет42/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

К.Левин басқару стильдерінің үш классикалық түрін бөліп көрсетеді: авторитарлық, либералды және демократиялық.
Басқару үрдісі адамзаттық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде ұжымға қатысушылар жұмыстарының мақсатқа бағыттылығы мен келісімділігін қамтамасыз етуден туындаған.

64Студенттердің оқу - зерттеу және ғылыми - зерттеу әрекеттері, олардың мәні мен түрлері.


Студенттердің ғылыми–зерттеу жұмыстары ЖОО-ның маман даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады және оқу, ғылыми үдерістер бірлігінде шешілетін университеттің негізгі мақсаттарының бірі саналады..
Ғылым мен техниканың қарқынды өсу деңгейінің әлемдік үдерістерге әсер ету, экономиканың ауқымдану шарттары Қазақстанда оның ғылыми әлеуетін күшейту жөнінде проблемалар туғызды. Қазіргі кезеңде мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ғылымды қолдау және дамыту болып табылады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары теориялық және қолданбалы проблемаларды қалыптастыруға қызмет етеді. ЖОО-да оқу үдерісі оқу, тәрбие, өндірістік іс-тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарының болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ЖОО әлемдік стандарттар талаптарына жауап бере алатын, ғылым мен білімді интеграциялауда көп жылдық отандық және шетелдік тәжірибелерге арқа сүйетін жаңа шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
студенттердің сабақтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету;
студенттерді шығармашылық, ғылыми және кәсіби еңбекке баулу мен даярлаудың органикалық бірлігін жүзеге асыру;
студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;
студенттерді ғылыми жұмысқа тарту және нәтижелілігін арттыру;
ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды іріктеу;
студентті ғылыми қызметкер ретінде қалыптастыру және дайындау;
болашақ мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды алып кете алу шеберлігін, тез бейімделе алу қабілетін, алған білімін қолдана алу;



  1. Инновациялық, зияткерлік және зерттеу университеттерінің білім беру тұжырымдамалары.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы қазақстандық білім беру жүйесіндегі қарқынды реформалар кезеңі болды. Бұл білім сапасына қойылатын талаптардың өзгерісіне байланысты сыртқы факторлардың әсерінен, сонымен бірге даму тенденциясын туындататын ішкі қарама-қайшылықтар әрекеті әсерінен болды. Қазіргі қоғамға өз бетінше әрекет ете алатын, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын, шығармашыл, өз дамуын құндылық ретінде түсінетін, үздіксіз білім ала алатын және оған дайын адамдар қажет. 2006 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен «Сегіздіктен құрылған топ» саммитінің «ХХІ ғасырдағы инновациялық қоғамға арналған білім» атты қорытынды құжатында «білім беру адамзат дамуының негізі ретінде инновацияны қажетсінеді», – деп көрсеткен. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістер енгізудің қажеттілігі нормативті-құқықтық құжаттарда да көрініс тапқан. Инновациялық іс-әрекеттегі көптеген шектеулерге жол бермей, оны өзгертуге деген қажеттіліктің туындауы білім беру жүйесінде кең ауқымды инновациялық қозғалысты тудырды.
ХХІ ғасырдағы білім берудегі ерекшеліктердің бірі оның интеграциялық сипаты болып табылады. Болон үдерісі аясында ұлттық білім беру жүйелері әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануда. Қазақстандық педагогикалық ғылым мен тәжірибе білім беру мазмұнын өзгерту арқылы интеграциялық үдерісті ескере отырып, мамандарды даяр- лау сапасын қамтамасыз ету жағдайы мен мүмкіндіктерін іздестіру үстінде.
Оқытушытұлғасы, оныңкәсібибіліктілігі, рухани байлығы ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етудегі маңызды жағдай болып табылады. Оқытушының тұлғалық және кәсіби маңызды сапасын қалыптастыру мәселесі психологиялық-педагогикалық зерттеулерде өз маңыздылығын жоғалтпайды.
Барлық деңгейдегі педагогтардың инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру стратегиясын тұлғаны дамыту және өзін- өзі дамыту тұжырымдамасы анықтайды. Жаңа білім беру парадигмасын жүзеге асыру жағдайы ақпаратты жылдам әрі сапалы талдай білу, маңыздылығын бөліп алу, мазмұнын жариялау және өз білімін тәжірибелік әрекетте қолдана білу қабілеттерін қалыптастыруды талап етеді.
– ЖОО оқытушысының кәсіби әрекетіндегі инновациялық сипаты Болон үдерісін жүзеге асыру талаптарын ескеруді қажетсінеді.
Сонымен бірге біртұтас педагогикалық үдерісті атап өткен жөн, ондағы басты ұстаным: оқыта отырып, тәрбиелеймін, тәрбиелей отырып, оқытамын. Жаһандану үдерістері тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру мәселесін шеттеткен емес.
Жаңа жағдайда оқытушылар жастардың құқықтық-азаматтық, моральды-этикалық, адамгершілікті-эстетикалық тәрбиесі мен олардың салауатты өмір салтын ұстануы секілді ушыққан мәселелер туралы да ойлануы керек.
Инновациялық білім беру үдерісінің бастапқы құндылықтар жүйесі ретіндегі түсінік оны рухани өндіріс ретінде сипаттайды, ал оның өнімі тек жаңа білім, құндылықтарды меңгеру емес, сонымен қатар оқушылардың шынайы күші мен әрекеттік қабілеттіліктерін ашу болып табылады. Білім берудегі инновациялар әлеуметтік маңызды құндылықтарға негізделеді, олар: адам, өмір, еңбек, Отан.
Қазіргі таңда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы әлемдік педагогикалық мәдениеттің гуманистік құндылықтары мен дәстүрлеріне бағытталу қажеттілігі айқын көрініс табуда. Оқытушы шеберлігі оқыту үдерісін үлгілей отырып, оның мазмұнына инновациялық астарын қоса білуінде және кері әсерлерге тойтарыс бере отырып, оқушылар бойында этикалық мінез-құлық, адамгершілік сипаттарды қалыптастыру үшін жағымды жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет