Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеттері



бет38/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеттері.

Тәрбие жұмысы факультетінің оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Жоспар кафедра эдвайзері іске асырылады. Эдвайзерлер мен тәлімгерлер студентттермен жұмыстың жылдық жоспарын құрастырады.
Эдвайзерлер мен тәлімгерлердің жоспарларында жұмыстың негізгі бағыттары көрсетілген:
Бірыңғай эдвайзерлық сағаттарды өткізу айына 2 рет тақырыптық эдвайзерлық сағаттарды өткізу. Тәрбие жұмыстары жөніндегі жоспарды орындағаны бойынша есеп әр семестр қорытындысы бойынша жылына екі рет есеп беріледі.
Оқу-тәрбие жұмысы эдвайзерлық сағаттарға және студенттермен жеке әңгімеге бағытталуы тиіс. Негізгі тақырып – кәсіби қызмет, үлгерімді бақылау және оқу ақысын төлеу, топтағы студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасы. Ата-аналармен әңгіме эдвайзердің немесе ата-ананың ықыласы бойынша, ал ата-аналармен хат жазысу қажеттілікке қарай жүргізіледі. Негізгі тәрбие жұмысы адамгершілік және рухани байлықты, яғни тәртіптілікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, тұлғаның жеке қасиетін, мәдениеттілікті, жасанды ортаны қабылдаудың эстетикалық және көркемдік деңгейін жоғарлатуға, тұлғалық және ұжымдық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған.
Патриоттық тәрбие мемлекеттік мейрамдарға қатысуды, Президенттің, үкіметтің мәлімдемесімен танысуды, Қазақстан Республикасының дамуына бағытталған заң шығарушы және бағдарламалық құжаттармен танысуға мақсат етеді.
Студенттер және кафедра оқытушылары мемлекеттік тілді білуден конкурстарға қатыстырады. Студенттер сабақтан тыс бос уақытында университеттегі кезекшілікке, университет жоспары бойынша ұйымдастырылатын сенбілікке, митингтерге және шерулерге қатыстыруы тиіс. Кәсіби қызмет бойынша оқытушылар студенттермен жеке кеңестер өткізеді. Студенттер «Білім күні», «Студенттерге арнау», «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем», ғылыми және философиялық үйірмелерге сияқты үйірмелерге қатысуға ынталандыруы керек.
Эдвайзерлік сағаттарда, жеке әңгіме өткізуде темекі шегудің, нашақорлықтың, алкоголимзнің зияндылығы, гимнастикалық жаттығулармен айналысу туралы әңгіме өткізуді қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні жастардың саяси білімін, сауаттылығын көтеруде тек оқу процесі ғана емес, сонымен қатар, тәрбиелік шаралар да өз ықпалын тигізері сөзсіз.
Қазіргі уақытта студенттерді болашақ үлкен өмірге дайындауда, нағыз шынайы өмірге даярлауда саяси әлеуметтендірудің мәні өте зор. Жастар шынайы өмірдің негізгі мәселелерін шешуге бейімделуі қажет және сол жинақтаған тәжірибесі арқылы жақсы өмір сүруге, жетістікке қол жеткізуге, өзіне ұнаған бағытты таңдауға ерікті болады. Сол арқылы өз болашағын жоспарлауға бейім, өмір сүрудің өзіне сәйкес стилін дұрыс таңдауға қабілетті және мінез-құлқын қазіргі заман талабына сай қалыптастыруға әзір болып есептеледі.
Студенттердің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты оларды өз Отанын сүюге, халықтық салт-дәстүрлерді құрметтеуге, жеке басының қабілеттерін ашып арттыруға негізделеді. Осы кезеңде мынадай тәрбие қағидалары басшылыққа алынады:
- тәрбие жұмысын ізгілендіру;
- тәрбие жұмысының табиғилығын қалыптастыру;
- тәрбие жұмысының мәденилігін қадағалау;
- тәрбие жұмысының жеке тұлғаның әлеуметтік-мәдениетінің дамуына ықпалдылығын арттыру;
Ал, тәрбие жұмысының негізгі бағытына:
- қалыптасқан мәдени шаралар ұйымдастыру;
- жастардың шығармашылық жұмысын қолдай отырып, жетілдіруге ықпал ету;
- әлеуметтік-саяси белсенділікті арттыру;
- жастардың этномәденилігін көтеру;
- өзін-өзі басқаруға үйрету;
- салауатты өмір сүруге бейімдеу;
- коммуникативтік ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашығы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер – мамандар дайындайтын жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер. Өйткені халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеп отыр.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет