Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Шет елдерде (Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Англия, Франция, Финляндия) жоғары білімді маман даярлау мәселесі



бет46/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

Шет елдерде (Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Англия, Франция, Финляндия) жоғары білімді маман даярлау мәселесі.

Кредиттік оқыту жүйесі – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, «жалпыға ортақ білім» парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына ауысуға мүмкіндік береді. Халықаралық білім кеңістігінде басқа да кредиттік жүйелер қалыптасты, жоғары білім бойынша кредиттік оқытудың іргелі 4 жүйесі бар:
1. Американдық жүйе – USCS (US Credit System).
2. Британдық жүйе – CATS (Credit Accumulation and Transfer Scheme/System.
3. Еуропалық жүйе –ESTS (European Credit Transfer System).
4. Азия мемлекеттері және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – UMAP (University Mobility in Asia and the Pacific) UСTS (University Credit Transfer System) Оның ерекшелігі жоғары білімнің академиялық бағдарламаларын ғана емес, сонымен қатар кәсіби біліктілік жүйесін де реттейді.
Кәсіптік білім беру бағдарламаларын бағалау үшін әлемнің әртүрлі елдерінде қолданылатын кредиттік жүйелердің 2-моделі:
- академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету мақсатында негізінен кредиттерді есепке алуға бағытталған модельдер, мысалы, еуропалық кредиттерді есепке алу жүйесі және Азия-Тынық мұхит аймағының университеттеріндегі кредиттерді есепке алу жүйесі.
- негізінен кредиттерді жинақтауға бағдарланған модельдер, мысалы, АҚШ университеттері пайдаланатын кредиттік жүйе және Ұлыбритания университеттері пайдаланатын кредиттік жүйе, Кредиттік-жинақтау жүйелері “кредитті” негізінен білім беру бағдарламаларын игерудің нәтижесін, яғни алған білім, білік және дағдыларды бағалау бірлігі ретінде анықтайды. Аббревиатура (итал. abbreviatura, ab - қысқару, brevio - қысқа сөзінен) - негізгі сөз тіркестеріне енетін бастапқы сөздер дыбыстарынан немесе бастапқы әріптерден жасалған сөз.



  1. Жаһандану жағдайына сәйкес жоғары білімнің мазмұнын жетілдіру.

Білім және ғылым жүйесін реформалау және жетілдіру жаһандану жағдайында көптеген мәселелерді шешудің айқындаушы факторы болып табылады. Кәсіптік білім берудің жоғары сапасын ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның іргетасы ретінде білім берудің жаңа философиясын сипаттайтын білім беру парадигмасы өзгереді.
Білім беру әлемнің көптеген елдерінің негізгі мемлекеттік басымдықтарының қатарына кірді. Олардың көпшілігі бүгінгі таңда жаһандық бәсекелестік жағдайында жаңа талаптарға жауап беретін жоғары білім берудің икемді ұтқыр жүйесін құруға ұмтыла отырып, түбегейлі өзгерістерге жауап береді. Бұл ретте басты мақсат – жоғары оқу орындарының бейімделу әлеуетін және дайындық бағдарламаларын арттыру – академиялық және ұйымдастыру құрылымын реформалау, оқытудың инфрақұрылымын, әдістері мен технологияларын жаңарту, педагогикалық үдерісті жетілдіру, оқытушылар құрамының сапасын жақсарту арқылы қол жеткізуді жоспарлайды.
Интернационалдандыру үрдісі жоғары білімді дамытудың жалпы стратегиялары мен қағидаларын әзірлеуде көрініс табады. Мұндай үрдістер ЮНЕСКО, ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), Еуропалық Одақ, ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) білім беру саясатында айқын көрініс табады. ЮНЕСКО интернационалдандыру үрдістерін дамыту, жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың нормативтік негізін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге бастамашылық етеді. Бұл үдерістер үшін академиялық еркіндік пен демократияның әмбебап нормаларының болуы және ұлттық білім беру жүйелері үшін барынша нормативтік мәнге ие болып отырған халықаралық конвенциялар, ЮНЕСКО мен Еуропа Кеңесі қабылдайтын Дүниежүзілік декларациялар негіз болып табылады. Біртіндеп білім беру жүйелерінде жалпы «ойын ережелері» жасалады.
1999 жыл Кредиттік оқытудың Еуропалық жүйесінің қабылдануы кезеңі болып табылады. Себебі, 1999 жылы 19 158 маусымда Болоньяда (Италия) Еуропаның 29 елінің білім министрлері еуропалық жоғары білім аймағы туралы Болон декларациясына қол қойды, Болон процесі жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Бұл бірлескен отырыста кредиттік оқытудың еуропалық жүйесін қабылдады.
Кредиттік оқыту жүйесі – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, «жалпыға ортақ білім» парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына ауысуға мүмкіндік береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет