Т. Кун бойынша, ғылыми білімнің өсу заңдылықтары: қалыпты ғылым (ҚҒ), ғылымдағы аномалия (ҒА), жаңа парадигма (ЖП), яғни балама теориялардың бәскекелестігі және ескі парадигманың жаңа парадигмамен алмасуы, ғылыми революция (ҒР) қайтадан қалыптасқан ғылым (ҚҒ) және ары қарай дамудың келесі сатысы.

Т. Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, философ Г.И. Рузавин парадигманы қоғамда қабылданған қандай бір ғылыми саланың белгілі кезеңдегі дамуын қамтамасыз ететін, негізі қаланған теория ретінде қарастырады.
«Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар кездеседі:
«Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар кездеседі:
1. Берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер жүйесі. 2. Шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде қалыптасқан қатаң ғылыми теория.
3. Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, мәселелер қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық сұлбасы, моделі.
«Парадигма» ‒ педагогикада міндетті өзгерісті немесе әртүрлі дүниеге көзқарас тұрғысында өзгеше мағыналық ойды танытатын ұғым.
«Парадигма» ‒ педагогикада міндетті өзгерісті немесе әртүрлі дүниеге көзқарас тұрғысында өзгеше мағыналық ойды танытатын ұғым.
Педагогикалық сөздікте «парадигма» ‒ белгілі бір кезеңдегі ғылым дамуының ғылыми зерттеу стандарттарының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған теориялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема» деп беріледі.