«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет36/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   134

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1) Мағжан Жұмабаев «Педагогика»  

2) Журнал «Бастауыш мектеп» 2002ж  

3) Журнал «Дефектология» 2003ж 

4) Журнал «Тәрбиеші және бала» 2001ж  

5) Лабзина А. Я., Васильченко Е, В. Обслуживающий труд. –М.: Просвещение, 1981.  

6) Журнал  «Ертегілер» 20016ж 

7) Журнал  «Ертегілер»2015ж 

 

 

ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚУ - ТӘРБИЕ 



ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 

 

Бокижанова Г.К., Шутенова С.С., Нуркенова Г.К. 



 «Болашақ» академиясы ЖММ 

 

Қазақ халық ертегілері - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі 

болып табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға 

мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе 

жатқан асыл мұра. Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте 

заман  болса  да,  бүгінгі  біздің  дәуірімізде  қажеттілігі  күшейіп  мән  -  мағынасының  артып 

отырғандығында[1]. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, 

әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-

санасын  өскен,  өмірге  деген  көзқарасы  өзгереді.  Қазіргі  заманның  жетістіктерін  көре 

отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз. 

Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-

ғажайып  ертегілері,  түрмыс-салт  ертегілері,  хайуанаттар  туралы  ертегілер,  шыншыл 

ертегілер болып бөлінеді[2]. 

Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап 

қалу  жолында,  елінен,  жерінен  адасып  кеткен  ағаларын  іздеп  тапқан  Ер  Төстіктің  ерлігін 

суреттесе,  екінші  жағынан,  әр  түрлі  дию,  пірілерімен  күресі  баян  етіледі.  “Ер 

Төстік”ертегісінде  жалпы  ертегілердің  қаһармандарына  тән  іс-әрекеттер  толық  сақталады. 

Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – 

табиғаттың  сыры  мәлімсіз  күштерін  жеңу.  Адамға  зиян  ойлайтын  Бектөре,  Темірхан, 

Шойынқұлақ  тәрізді  жауыздың  иелерінен  үстем  шығып,  оларды  қалай  да  өздеріне 

бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі 

жауыздықтардың  ұясы  болған  адам  баласына  қастық  қана  ойлайтын  кейіпкерлер  Бектөре, 

Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, 

Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді. 

Ертегілер  әрқашанда  қазақ  халқының  өмірінде  маңызды  роль  атқарып  келген.  Себебі, 

ертегілердің  мазмұнында  халықтың  тұрмыс  тіршілігі  салт-дәстүрі,  әдет-  ғұрпы,  бүкіл 

болмысы,  адамдардың  өзара  қарым-қатынасы,  мінез-қүлқы  т.б.  бейнеленген.  Ұрпақ 

тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, 

ертегілердің  балаларға  отансүйгіштік,  еңбексүйгіштік,  т.б.  тәрбиелер  беруде  ғана  емес, 


261 

 

261 



 

олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп 

оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы 

адамгершіліктік  құндылықтарды  бойына  сіңіруге  септігін  тигізеді[3].  Сонымен  қатар 

баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - 

үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік 

қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - 

қоғам  дамыған  сайын  күнделікті  қажеттілікке  айнала  беретін  ең  өзекті  мәселелердің  бірі. 

Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін 

жетілдіру,  соның  ішінде,  бала  тілінің  дамуы  мен  сөздік  қорының  молаю  мәселесі  әдіскер 

ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан 

диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш 

мектеп  оқушыларының  тілін  дамыту  енді-енді  ғана  қолға  алынған  мәселе  екендігін 

ескерсек,  біздің  жұмысымыздың  көкейкестілігі  даусыз  екендігіне  ешқандай  күмән 

жоқ[4]. 

Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін қарастырсақ, атақты 

әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған. Олар: қиял – ғажайып, тұрмыс – 

салт, шыншыл ертегілері болып табылады. Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда 

ертегіні төрт түрге бөледі. С. Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ 

сюжеттен гөрі  композицияның рөлі  күшті  болады деп есептейді. Ол ертегіні: хайуанаттар 

жайындағы, қиял – ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық деп бөледі.  

М.  Әуезовтың  ертегі  түрлерін  талдасақ  қиял  –  ғажайып  ертегілерінде  «Керқұла  атты 

Кендебай»,  «Аңшы бай» «Ұшқыш кілем» жатады деп есептейді. Оқушы осындай ғажайып 

достарының  көмегімен  мейірімді,  адал  дос  адамын  ардақтайды,  оның  күшіне  мол  сенім 

білдіреді.  Оқушы  барлық  заттарға  көзқарасы  өзгеріп,  кішіпейілдікке,  мейірімділікке,  дос 

болуға ішінен ой қорытады.  

С.  Қасқабасовтың  пайымдауынша,  қиял  –  ғажайып  ертегілер  –  шығу  тегі  жағынан 

ертелік  прозаның  ең  көнесі.  Алғашқы  қауымда  пайда  болған,  жанрлық  жанынан  біркелкі 

емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала,  жауынгер, батыр, т.б. бұқара 

халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң  – 

хайуанаттармен  күрескен  кезде  халықтың  арманы  соларды  жеңетін  күшті  батыр,  балуан, 

мерген  болды.  Ал  кейінгі  дәуірде  рулық  қоғам  тұсында  халықтың  арманы-  өз  елін  бөтен 

елден, жаудан қорғайтын батыр болды.Ол қазақ өміріндегі  қара шаңырақ иесі-кенже бала 

болды[5]. 

Ертегілер  ауыз  әдебиетінің  ең  көне  жанрына  жатады.  бұларда  көбінесе  өмірде  сирек 

кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша 

айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге 

жеткен.  Әр  кезеңде  ертегі  айтушылар  өз  жандарынан  ертегі  мазмұнына  жаңа  оқиғалар 

қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған. 

Халық  ерте  кезде-ақ  әрқашан  зұлымдықты  әділеттік  жеңеді,  адам  табиғаттың  асау 

сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез 

жетуді,  ғажап  күшті  болуды,  көкке  ұшуды,  жер  асатына  түсіп,  асыл  қазынасын  алып, 

пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде 

халық  қиялы,  арманы,  даналығы  ғасырлар  бойы  жинақталған  өмір  тәжірибесі  бар.  

Ертегілердің  үш  түрі  бар.  Олар:1.  Хайуанаттар  туралы  ертегілер;  2.  Қиял  –  ғажайып 

ертегілер; 3. Шыншыл ертегілер. 

Ертегі  балаларды  қиялдауға,  шешен  сөйлеуге,  өз  ойын  жеткізуте  және  қайратгы  істер 

жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді 

оқушылар  бойына  сіңіру  мақсатында  «Ертегілер  еліне  саяхат»  сабағын  өткізуге  болады. 

Сондай-ақ  «Ертегіні  кім  көп  біледі?»  сайыс  сабағын  ұйымдастыруға  да  болады.  Сайысты 

бірнеше  бөлімнен  тұратын  етіп,  біріші  бөлімді  «Кім  тапқыр?»  деп  атау  керек.  Ертегіден 

үзінді  бойынша  сахналық  қойылым  көрсетіліп,  көрген  ертектің  атын,  қай  халық  ертегісі 

екенін айтуы керек. 


262 

 

262 



 

Бастауыш  мектеп  оқушыларының  тілін дамытып,  сөздік қорын  молайтуда ертегілердің 

рөлі ерекше[6]. 

Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды: 

- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын

-  Өлеңмен  жазылған  мәтінді  оқығанда  оның  әуені  мен  ұйқасын  келістіре  оқуға, 

интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына; 

- Мәтінді мәнерлеп оқуға; 

- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына; 

- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына; 

-  Балалардың  түсініктерін  мейлінше  көркем  тілмен  өз  сөздерімен  айтып  беруіне  баса 

көңіл бөлу керек.  



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Алпысбаев Т. Қазақ халық әдебиеті. Т.З; Ертегілер. ─ Алматы: Жазушы» 1975ж. 135-

1846. 

2. «Педагогика». Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Алматы. 2002 ж. 254-269 б. 



3. «Педагогика». Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Дарын. Алматы -2004 ж. 180 б. 

4. «Этнопедагогика». З.Ә. Әбілова. Алматы. 1997 ж. 

5. «Қазақ тәнім – тәрбиесі». Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Алматы. «Санат». 1995 ж. 21-22 

бет. 


6.  Қазақ  этнопедагогикасындағы  құқық  тәрбие.  Әдібай  Табылдиев.  Алматы.  «Қазақ 

университеті».2003 ж. 



 

 

ЖАҢА ЗАМАНДА-ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯНЫ  ҚОЛДАНУ 

 

Мизан Салтанат 



қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің оқытушысы  

 

 №21 КММ Осакаров ауданы,Сарыөзек  ауылы  



 

 

Қазіргі  қоғам  мұқтажына  сай  қойылатын  талап- қоғамнан, өмірден өз  орнын  еркімен  

таңдай  алатын, еркін  ойлау  қабілеті  бар,істің  нәтижесін  болжай  алатын,білімді  жеке  

тұлға  тәрбиелеу. 

Бұл  ұстаздар  қауымының  алдана  қойған  үлкен  міндет.Ұстаздың  шығармашылығы 

өзінің    жеке  шығармашылық    қабілетін    танып,білуден    басталады,өйткені    оқыту  мен  

тәрбиелеу ісі өзіне тән өнер. 

 Инновациялық    үдеріс  жүрмейінше  білім    беру  орындарының    дамуы    жүзеге 

аспайды.Ұстаз-ұлы  ұғым.  

«Адамның  адамшылығы  жақсы  ұстаздан» деп  ұлы  Абай  айтқандай,еліміздің  ертеңгі 

болашағы – жас жеткіншектердің  тәрбиесіне  бар саналы  ғұмырын  арнап  жүрген ұстаз 

еңбегі  әрқашан  да шынайы  құрметке  ие. 

Қазіргі таңда  білім  беру  үдерісінде    жаңа    ақпараттық   технологияларды    пайдалану 

қажет  не  қажет еместігін  талқылауды  қажет  етпейді. Қазіргі  таңда ұстаздардың  алдында  

тұрған 

 

міндет:оқушылардың 



табиғи 

 

мүмкіндіктері 



мен 

қабілеттерін  

дамыту,қызығушылықтарын    арттыру,дүниежүзілік    деңгейдегі    жоғары    мәдениет    пен  

қажетті  білім  қорын    жинақтаған,өз  алдына  белсенді  шығармашылық    әрекет    жасауға  

қабілетті  жас ұрпақты  тәрбиелеу. 

 Келер  ұрпаққа  қоғам    талабына    сай    тәрбие    мен    білім    беруде    инновациялық   іс-

әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеру  маңызды  мәселелердің  бірі. 

Ғылыми  ақпараттар  ағымының  жедел қарқынмен  өсуі,жалпы  білім  беретін  мектеп  

оқушыларын  өз  бетінше жаңа білімдер  игеруге  қабілетті  етіп  тәрбиелеу  

мен оқытуды  талап  етеді.  



263 

 

263 



 

Оқушының  ұғым  түсінігі,танымы  тиісті  дәрежеде  өзіндік  іс-әрекетке  айналып, оны  

өз өмірінде  пайдалана  білуге  жол  ашады. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп, өмір сүретіндер – 

бүгінгі  мектеп    оқушылары,    педагог    оны    қалай    тәрбиелесе,  Қазақстан    сол    деңгейде  

болады. Сондықтан  ұстазға  жүктелетін  міндет  ауыр» деген  болатын. 

Сондықтан  әр  бір педагог  жинақтаған  тәжірибелерін  ертеңгі  күні өз  жұмысына 

пайдалану  үшін  кәсіби  білім  беруде  жаңа  педагогикалық  технологиялармен  сабақ  

жүргізудің  маңызын  білу  керек. 

Ақпараттық  ортада жұмыс  жасау  үшін  педагог  өз  ойын, іс-әрекетін  жүйелі  түрде  

жеткізе алатындай, коммуникативті және  ақпараттық  мәдениеті  дамыған, интерактивтік  

тақтаны  пайдалана  алатын, Он-лайн  режимінде  жұмыс жасау әдістерін  меңгерген  мұғалім  

болуы  тиіс. 

Мен  өз іс тәжірибемде қазақ  тіл  сабағында  деңгейлеп оқыту,ойын  арқылы  оқыту, 

сын  тұрғысынан  ойлау    технологиясын    қолданамын.  Бұл  әдістер  арқылы    оқушылардың  

сабаққа  деген  қызығушылығы  артады, білім  алуы  жеңілдейді, сабақтың  сапасы  көтеріледі. 

Мәселен, ойын  технологиясы  ол дағдыларды  қалыптастырады, тиянақтайды, бекітеді 

немесе  тексеру  болып  табылады. 

Сын  тұрғысынан    ойлау    технологиясы    оқушылардың    жас  және  психологиялық  

ерекшеліктеріне  сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты  өткенде ,өтілген  материалды  

қайталағанда, білімді тиянақтау және  тексеру  кезінде,яғни  сабақтың  кез келген  сәтінде  

оқыту әдісінің  құралы  ретінде пайдаланауға болады. 

Түрлі    инновациялық    әдіс-тәсілдерді    қолдана    отырып,түрлі  көрнекіліктер,  тірек 

сызбалар пайдаланып, уақытты  жеткілікті ,әрі тиімді қолданамын. 

Жалпы  қазақ  тілі мен әдебиет  пәні бойынша  мен өз тәжірибемде деңгейлеп оқыту, 

сын тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолдану  арқылы көп  жетістікке  жеттім. 

Бұл әдістерді  қолдана отырып  біз әлемдегі бәсекелестікте табысқа жету  үшін  күшті  

білімді, мәдениетті,ойы  ұшқыр, еліміздің келешегін  ойлайтын, дарынды, өзіне  сенетін  жеке 

тұлға  қалыптастырамыз  деп  ойлаймын. 

Біздің  мектепте оқушылар  интерактивті  тақтамен  жұмыс жасайды. 

Оқушы  интерактивті    тақтамен    жаңа  материалдарды  арнаулы    программамен  

мүмкіндігінше  пайдалана  алады. 

 Қазіргі    ақпараттық    технологияның    озық    жетістіктерін  қазақ    тілі  мен  әдебиет  

сабағында  қолдану арқылы  танымдық  іс-әрекеттерін  ұйымдастыра отырып,оқушылардың 

құзіреттілігін  дамытуға болады.  

Жаңа  технолгиялар  мұғалімнің  жүйелі  жұмыс  істеуіне мүмкіндік  береді. Ал, 

оқушының    шығармашылық    белсенділігін    өзіндік  танымдық    қызыметін  

ұйымдастырушы  болады. 

Біздің    мектеп    оқушылары    үшін    интерактивтік    тақта  көмек  ретінде    көп  септігін 

тигізеді, олар тақтада  жазылған  тапсырмалар  бойынша оның  шығарылуы  және тақтада  

сақталған шешім  қосымша  сабақтарда, сабақтан  қалып  қойған  оқушыларға немесе  дұрыс 

түсінбеген  оқушылар өздері программаны  ашып,қосып тапсырмаларды  алып отырады. 

   Ақпараттық  технологиялар-адамдар  білімін  кеңейтетін  және  олардың  техникалық, 

әлеуметтік үрдістерді басқару бойынша мүмкіндіктерін дамытатын ақпараттарды жинаудың, 

ұйымдастырудың,  сақтаудың,  өңдеудің  және  жеткізудің  әдістері  мен  техникалық 

құралдардың жиынтығы. 

   Ақпараттық технологиялар арқылы оқушыларды негізгі біліммен ғана қаруландырып 

қоймай, олардың бойында өз еңбегінің жалпы тәсілдері мен әдістерін пайдалану біліктерін 

қалыптастыру арқылы білімді меңгеруді қамтамасыз етеді. 

   Ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастырылған өзіндік жұмыс тапсырмалары 

жекеленген фактілерді  емес, әртүрлі  проблемаларды шешуге бағытталған болады. Өзіндік 

жұмыстарды орындай отырып, оқушылар проблемаларды көруге және ойлап табуға, оларды 



264 

 

264 



 

өз  бетімен  шешуге  үйренуі  тиіс,  ол  үшін  осы  уақытқа  дейін  қалыптасқан  білім,  білік  

дағдыларын пайдаланып,соның негізінде алынған нәтижелерді тексергендері жөн. 

Ақпараттық  технологияның  көмегімен  жүргізілетін  сабақтарда  оқушылар  өздерін 

белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. 

Ұстаз әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат 

жүйесін пайдалана білуі тиіс. 

XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. 

   Ақпараттық  технологиялар-бұл  жеке  тұлғаның  әртүрлі  ақпаратты  қабылдау,  табу, 

сақтау,  оны  жүзеге  асыру  және  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның 

мүмкіндіктерін 

жан-жақты 

қолдану 

қабілеті. 

Ақпараттық 

технологияларды 

қалыптастырудың  басты  мақсаты-оқушыларды  ақпаратты  беру,  түрлендіру  және  оны 

қолдану  білімдерін  қаруландыру,  олардың  компьютерлік  технологияны  өз  қызметтеріне 

еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. 

Пән  оқытушылары  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыруды  дамыту  бағытында  білім 

мекемесінің  оқу-тәрбие  үрдісін  ақпараттандыру  мен  барлық  пәндерге  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдалану  және  өз  пәнін  оқытудың 

сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы 

қажет. 


Қазақ  тілі  сабағы  тек  тіл  үйрену  ғана  емес,  оқушыларғды  жан-жақты  шыңдау, 

тәрбиелеу  сабағы.  Сондықтан  мен  кәсіби  шеберліктерін  арттыру,  бейімдеу  мақсатында 

іскерлік шеберлігімді арттыру, бейімдеу мақсатында іскерлік ойындаройнату да өз жемісін 

берері анық деп есептеймін.  

Еліміздің  ертеңгі  болашағы-бүгінгі  мектеп  қабырғасынан  алған  білім  нәрімен 

сусындаған оқушы жастар. Сондықтан оқушыларға сапалы білім берудің тимді  жолдарын 

ісдестіру  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Мысалы,  қазіргі  кезде  бастауыш  мектепте 

оқыту  бағдарламасын  жаңарту  жұмыстары  жүргізіліп,  тәрбиелеудің,  дамытудың  жаңа 

мүмкіндіктері ашылуда. 

Мен  қазақ  тілі  сабақтарында  тірек  белгілерін  қолданамын.  Тірек  белгілері  (сызбасы, 

сигналы) арқылы технологияның негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы 

төмендегідей: 

-білім, білік дағдыны қалыптастыру

-барлық баланы оқыту; 

-оқытуды жеңілдету. 

Ерешеліктері: 

-үнемі  қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі  қиыншылық,  блокпен 

оқыту, тіректі қолдану; 

-жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; 

-ізгілік, еркімен оқыту; 

-әр  оқушының  жобасының  жариялылығы,  түзетуге,  өсуге,  табысқа  жетуге  жағдай 

жасау; 


-оқыту мен тәрбиенің бірлігі. 

Бұлай іздендіре оқыту өз тиімділігін көрсетіп келеді. Бұл қызметтің әрі теориялық, әрі 

практикалық  мәні  зор.  Себебі  мұнда  сөйлемдерді  дұрыс  құру  тәсілдерін  түсіндірмейміз, 

оқушыларға  меңгерген  білімін,  практикалық  дағдысын  пайдаланып  мәселені  шешуді 

ұсынамыз.Бұл  әдіс  жоғарғы  сынып  оқушыларына  өте  тиімді.Оқушылардың  өз-өзіне 

сенімділігі  артып,ұстазбен ашық жарқын ойын жеткізе білуіне жол ашады. 

Оқытудың  инновациялық  технологиялары  білімді  әртүрлі  формада,  әртүрлі  күрделі 

деңгейде ұйымдастыруға қажетті модульге тез арада қол жеткізуге, қолайлы жылдамдықпен 

бірнеше ретқайталап отыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялар 

табиғи  және  дәстүрлі  жағдайда  қол  жетпейтін  көрнекіліктерді  қолдануға,  мотивацияны 

жоғарылататын  материалдарды  жақсы  меңгеруге  көмектесе  алады.  Жаңа  ақпараттық 


265 

 

265 



 

технологияларды  білім  беру  процесінде  қолдану  білімнің  жаңа  сапалық  деңгейіне  қол 

жеткізеді, себебі бұл потенциалдық мүмкіндік ақпараттық технологияның мәнінде жатыр.  

Сабақ  барысында  оқушылардың  белсенділігін  бақылауда  оқушылардың  арасындағы 

көшбасшылық қасиеттерін анықтауға мүмкіншілік береді.  

Қазақ  тілі  пәні  бойынша  білім  беру  барысында  әртүрлі  әдістерді  қолдана  отырып, 

оқушылардың білімі мен ойлау қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасаймын. 

 Ойлау қабілеттерінің дамуы үшін мен үнемі сабақтарда логикалық ойындарды, шешімі 

күрделі  тапсырмаларды  ойлау  ерекшеліктеріне  қарай  тапсырмаларды  ұсынамын.  Сабақта 

талантты және дарынды оқушыларды зеріктірмеуге әрекет жасаймын, ал қабылдауы төмен 

оқушыларды ағыннан шығармауға тырысамын.  

Сыни  ойлау  оқушылардың  ойлау  дағдыларын  дамытып,  оларды  оқу  мен  өмірде 

туындайтын  мәселелерді,  өздігінен  шешуге  бағыттайды.  Осы  арқылы  сыни  ойлау 

оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақты тұрғыдан кез келген жайтты талдауға, 

бағалауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды.  

Оқушылар  бұл  секілді  жұмыстарды  жасау  нәтижесінде  өздеріне  және  өзгелерге 

толассыз  сұрақтар  қойып,  оларға  жауап  іздеп,  өз  жауаптарын  ұтымды  дәлелдермен 

айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.  

Сыни  ойлау  әр  адамды  табиғатындағы  менмендіктен  және  ортаға  тәуелділіктен 

арылтады:  адам  басқалармен  тиімді  қарым-қатынасқа  түседі,  қоғамдағы  беделдердің 

пікірлерін  ақиқат  деп  санамай,  оларға  күмәнмен  қарайды,  олардың  артықшылықтары  мен 

кемшіліктерін саралай біледі. 

Қорта келе мен  өткізген сабақтарымда жаңа инновациялық  технологияны 

қолдана  отырып,оқушыларымның пәнге қызығушылығын арттырып, үлкен  нәтижеге 

жете  аламын. 

 

Пайдаланған әдебиеттер:  

1.Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар.Алматы,2006 

2.Мұқаметқали  М.  Мұғалімдерді  кәсіби  педагогикалық  инновациялық  іс-әрекетке 

даярлау жолдары – Өскемен 2004ж 

3.Кішібаева.Д.Ж.Жаңа педагогикалық технология.Түркістан,2010ж  

 

 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ  

БАЛАЛАРДЫҢ  ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН 

АРТТЫРУ 

 

Қарағанды қаласы 

ҚМҚК «Алтын сақа» балабақшасы 

Тәрбиеші:М.М.Шабденова 

Дене шынықтыру мұғалімі: Н.С.Сәрсенбаева 

 

Бүгінгі    таңда    қоғамымыздың    жаңа    қарқынмен    дамуы,    ғылыми-техникалық 



прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне 

де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу қызметінің ұйымдастырудың негізгі түрі  –   жүйесі екені 

бәрімізге  мәлім.  Осыған  орай  менің  тәжірибемде  сабақтың  қалыптасқан  дәстүрлі  түрінен  

басқа,  дәстүрлі  емес  сабақтар  түрлері  де  пайда  болуда.  Олар  көбінесе  оқытудың жаңаша  

әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым  әрбір   тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере 

отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай  ұйымдастыру  

мен  әдістің  жаңалығы  басқа  ұстаздардың  жаңа  жағдайға  байланысты оқу-тәрбие процесін 

шығармашылықпен  пайдаланудың  негізгі  өлшеміне  айналуда.  Оқытудың  жаңа  

инновациялық    әдістері    мен    пәнге    байланысты    жаңа    технологияларды    пайдалануға 


266 

 

266 



 

итермелейді.   Жаңа  технология  үрдісінің  талабы-  балаға  білім  беруде  мақсатқа  жету,  

іс-әрекеттері арқылы  ойлау  дағдыларын,  таным  белсенділігін  арттыра  отырып,  баланың  

жан-жақты  дамуына    және    жаңалықты    тез    қабылдауына    әсер    ету.    Біздің  

балабақшамыздың    негізгі  мақсаты-балаларға  сапалы  білім  саналы  тірбие  беру  арқылы, 

денсаулығы  мен  физиологиялық  дамуын  қорғау  және  нығайту.Бала    тәрбиесі    отбасынан  

бастау    алды    десек    те,    ғылымға    негізделген    әдіс-тәсілмен  берілетін  тәлім-тәрбие  ісі 

көбінесе  балабақшадан  басталып,  жан-жақты  педагогикалық  өрісін  табады.    Әсіресе  

балабақшадағы  тәрбие  бала   табиғатына  ерекше  әсер   етіп,  оған  өмір   бойы ізгілікті, 

мағынасына  өшпейтін  із  қалдырады.  Баланы  мектеп  алды  даярлау  үздіксіз  білім  беру 

жүйесіндегі  маңызы  мен  өзектілігі  ерекше  мәселелердің  бірі  болып  саналады.  Сонымен 

қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да 

маңызы зор. 

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті 

білдіреді.  Оның  мәні  –    білім  беруге  және  өздігінен  білім  алуға  негізделген  қабілетті 

дамытады.  Қазіргі    таңда    оқушы-    ақпаратпен    қаруланған,    жан-жақты    дамыған    тұлға.  

Оның    білімдік  қабілеттерін    дамыту  үшін  біздер,  мұғалімдер  жан-жақты  қаруланған 

болуымыз  керек.  «Балаға  білім  бергенде,  алыстан  жақынға,  таныстан  жатқа  көшіп,  жаңа 

білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне 

жаңа  көзқараспен  қарау  керек.  Осы  бағыттарда  мектептерде  музыкадан  теориялық  және 

тәжірибелік  білім  беру  жүйесінен  біраз  тәжірибелер  жинақталған,  солай  бола  тұрса  да, 

музыка  сабағын  жүйелі  оқыту,  әсіресе  қазақ  балабақшаларында  ұлттық  бай  музыкалық 

мұрамызды  молынан  пайдаланудың  жолдары  әлі  де  көрсетіле  берсе  артық  етпейді.  Басты 

міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі 

,  ақылды  адамдарды  тәрбиелейтін  құрал»  деп  тәрбие  үрдісінде    өнерге  аса  көңіл  аудару 

қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да  сазды  әуендерді  бүгінгі  күн  

әуендерімен,  классикалық  музыкамен  ұштастыра, шығармашылықпен  тақырыпты  аша  

түсіп,    оқушыларды    музыка    әлеміне    қызықтыра    білу  музыка  мұғалімінің  өз  ісінде 

шеберлігін  талап  етеді.  Оқуға  ынтасы  барды  да,  ынтасыздарды  да,    тәртіптілер    мен  

тәртіпсіздерді  де  музыка  әлеміне  қызықтырып,  оқушылардың  рухани бейнесі,  танымын  

қалыптастыра    отырып,    қоғамның    саналы    азаматы    етіп    шығару    -ұстаздардың  басты 

мақсаты.Инновациялық  білім  беру  құралдарына:  аудио,  видео  құралдар,  компьютер, 

интерактивті тақта,  интернет,  мультимедиялық  құрал,  электрондық  оқулықтар  мен  оқу  

әдістемелік  кешендер,  инновациялық  ақпараттық  банк,  инновациялық  сайт  және  тағы 

басқалары жатады.  

Қазіргі  таңда  көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер 

құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып қолданыс 

табуда.  Осындай    құралдардың    бірі-    мультимедиялық    оқулықтарды    балабақшаларда  

кеңінен пайдалану.   Бұл  жағдайда  мұғалім   ә  оқу  іс-әрекеттерін  бастар  алдында  жиі  

көрнекіліктер  ауыстырмаған  болар  еді.Музыка  пәнін  оқытудағы  жаңа  инновациялық 

әдістердің  тиімділігі«Қазақстан  2030»  стратегиялық  бағдарламасы  приортитетінің  бірі 

ұлттық білім моделін қалыптастыру  тенденциясымен  және  Қазақстан  білім  беру  жүйесін  

бүкіл    әлемдік    білім  кеңістігіне  кіріктіруіне  сипатталатын  білім  беру  саласы  болып 

табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық  қоғамнан  интерактивті  қатынас  жасауға  оны  

жүзеге  асыратын  техникалық мүмкіндіктерді  дамытып  отыра  алатын  информациялық  

қоғамға,  тасымалдау,  тарату  және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу 

процесі жүріп жатыр. 

Бүгінгі  күні  инновациялық  әдістермен  оқытуды  қолдану  арқылы  оқушының  ойлау 

қабілетін    арттырып,    ізденушілігін    дамытып,    құзыреттілігін    қалыптастыру,    тарихи 

объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі 

мақсат болып айқындалады. 

Жаңа    технологияларды    күнделікті    сабақ    үрдісінде    пайдалану    үшін,    әр    ұстаз  

алдында  отырған    баланың    жас    ерекшелігін    ескеріп,    өзінің    шеберлігіне    орай    таңдап  


267 

 

267 



 

алады.  Міне, осындай  оқытудың  жаңа  технологияларының  бірі  интерактивті  оқыту  әдісін  

мен    өз  тәжірибемде    қолданып    келемін.Мысалы      «Құрманғазы»тақырыбында    өткен  

сабақта  «Адай»күйін    көз    жұмдыра    тыңдатып,баланың    ойын,түсінігін    сұрап,басқа  

жолдастарының жауаптарымен  салыстырып,содан  соң  бейнеклипті  көрсеттім.  Сабақтың  

жаңа    ақпаратты  қабылдау    бөлімінде    оқушылар    тақтада    берілген    тапсырманы    көріп,  

түсініп,    жауабын  тауып,тапсырманы  толық,дұрыс  орындауға  тырысады.  Тапсырманы 

орындауға  барлық  бала  қатысады.  Әсіресе  тұйық,  өз  ойын  жеткізе  алмайтын,  өздеріне 

сенімсіздеу  балалардың  өздері  жазбаша    жұмысты    қызыға    орындайды.Өйткені  

интерактивті    тақтаның    келесі    бетінде    ол  тапсырманың    дұрыс    жауабы    беріледі,сол  

арқылы  бала  өзінің  жауабын  салыстыра тексеріп,өзін-өзі  бағалайды.  Топпен  жұмыстану  

барысында  белсенділік  көрсете отырып,топтау,Венн  диаграммасына  түсіру,сәйкестендіру  

әдістерін    интерактивті    тақтада  орындап,уақытты    үнемдеуге    болатынын    көруге  

болады.Сабақты  бекіту  бөлімінде активпультті  пайдаланып,уақытты  үнемдеу,оқушының  

шапшаңдық  қабілетін,өз  білімінің нәтижесін көруді дағдыландыруға болады.Кластан тыс 

өткізген «Кім зерек?» интеллектуалды ойынында  «Кім ойлы?» бөлімінде,  «Шешендік өнер» 

бөлімінде  берілген  тақырыптар  бойынша  мәтін    құрастыру,көпшілік    алдында    әңгімелеп  

айтып  беру  тапсырылды: 

а) «Тәуелсіздік айшықтары-еліміздің рәміздері» 

ә) «Желтоқсан құрбандары» 

б)  «Отаным-Қазақстан»  әдістерін  қолдану  арқылы  баланың  ойлау,еске  түсіру,өз  

ойын жетік,түсінікті жеткізуге тәрбиелеу. 

Ұлы    педагог    М.Жұмабаев:    «Баланы    тәрбиелеу    қылу    –    тұрмыс    майданында  

ақылмен, әдіспен  күресе  білетін  адам  шығару  деген  сөз.  Қалса  өзін,  асса  барлық  адам  

баласын  әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез 

шеше білетін, тұрмыстың  тұңғиық  теңізін  қалын  қайратымен  шеше  білетін,  адалдық  

жолға  құрбан  бола білетін, қысқасы адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт 

жағы  түгел  адам  етіп  шығару.  Бала  мұндай  адам  қыла  алу  үшін  тәрбиені  бар  күшін,  бар 

білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай  үйрете  білуі  керек»  деген  болатын.  Олай  болса,  

ұстаздардың  алдында  тұрған бірден-бір мақсат балалар алған білімдерін пайдаға асырып, 

өзара  әрекет  ете  алатын  азаматтың  ұлттық  құндылықтарды  меңгерген  жеке  тұлға 

тәрбиелеу.Бүгінгі  таңда  өскелең  ұрпаққа  сапалы  білім  беру  барысында  осы  аталмыш 

технология  нәтижелі    жетістік,    балалар    бірінші    болып    интерактивті    тақтаның  

педагогикалық мүмкіншіліктерін  аса  жоғары  бағалап,  оны  іс  жүзінде  тиімді  қолдану  

тәсілдерін  үздіксіз зерттеу үстінде.  

Шынында да, интерактивтік тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, яғни оқытудың 

барлық  кезеңінде,  әсіресе  балабақшадағы  оқытуды  қызықты  да  әсерлі  өткізуге  ықпалын 

тигізеді.  Баланы  ойлау  мен  сөйлеу  дағдыларына  төселдіруде  интерактивті  әдісі  оқыту 

әдісінің бір түрі болып саналады.  

Біз  осы  әдісті  пайдалана  отырып,  балалардаң  білімін  жетілдіре  алдық.  Топпен 

жұмыстану  барысында  белсенділік  көрсете  отырып  топтау,  Венн  диаграммасына  түсіру, 

сәйкестендіру  әдістерін  интерактивті  тақтада  орындап,  уақытты  үнемдеуге  болатынын 

көруге  болады.Сабақты    бекіту    бөлімінде    активпультті    пайдаланып,уақытты    үнемдеу,  

баланың  шапшаңдық    қабілетін,    өз    білімінің    нәтижесін    көруді    дағдыландыруға  

болады.Бүгінгі    таңда    өскелең    ұрпаққа    сапалы    білім    беру    барысында    осы    аталмыш  

технология  нәтижелі    жетістік,    балалар    бірінші    болып    интерактивті    тақтаның  

педагогикалық мүмкіншіліктерін  аса  жоғары  бағалап,  оны  іс  жүзінде  тиімді  қолдану  

тәсілдерін  үздіксіз зерттеу үстінде. Шынында да, интерактивтік тақта сабақты түрлендіруге 

көмегін тигізіп, яғни оқытудың  барлық  кезеңінде,  әсіресе  балабақшада    оқытуды  қызықты  

да    әсерлі    өткізуге  ықпалын    тигізеді.    Интерактивті    оқыту    әдістері    дәстүрлі    оқыту  

әдістерінен  оқу  үрдісінде балалардың  өзінің  өмірлік  тәжірибелерін  пайдалану  арқылы  

есте    берік    сақтауымен,  мәліметтерді    талдап,    жинақтау    арқылы    жеке    және    кәсіптік  

қабілеттерін  аша  алуымен ерекшеленеді.  


268 

 

268 



 

Интереактивті оқытудың тиімді жақтары: 

Балалар        ақпарат    алумен    қатар    өздерінің    белгілі    бір    мәселені    шешу    жолын  

қисынды  түсіндіріп  береді.  Балалар    ойларының  тереңдігіне  талпынады.Ұстаздың 

жетекшілігі  арқылы  білімдерін  әрі  қарай  дамытады.Осыған    орай    оқу    қызметінің    өзім  

қолданып  жүрген  интерактивті  оқыту технологиясы    -  білім берудің болашақ көкжиегін 

кеңейтетініне сенімім зор. Сонымен қатар айтарым,  ұстаз  ізденісі  білім  кепілі.  Демек  жаңа  

технологиямен  қаруланған  ұстаз  ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. 

Жаңа  технологияны  білім  беру  саласында  тиімді  пайдалану  балалардың  өзіндік 

жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық 

технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан  –  жақты қолдану, ұстаздың қызметін 

жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызады. 

Осындай жолардың бірі  –  педагогикалық іс  –  әрекеттің мазмұны мен формасын толықтыру 

негізінде  оқыту  үрдісін  жетілдіру  болып  табылады.  Интерактивті  құралдарды  сабаққа 

пайдаланғанда дидактикалық мәселені шешуге көмектеседі. Яғни, базалық білімді меңгеру, 

алған білімді жүйелеу, өзін  –  өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, оқуға деген  ынтасын 

арттыру,  балаларға  оқу  материалдарымен  өздігінен  жұмыс  істеуге  әдістемелік  көмек  

беру,  ақпаратты    меңгеруін    тексеру.    Сонымен,    интерактивтік    тақта    сабаққа  

қатысушылардың барлығының  ойын  бір  ортаға  жинақтауға  көмектесміз,демонстрациялық  

материалдар  даярлау  мақсатында  интерактивті  тақтаны  пайдалануды қажеттілігі жоғары. 

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет