«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ЗАМАНАУИ  ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет41/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   134

ЗАМАНАУИ  ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 

 

Қарағанды маңызды «Болашақ» білім беру колледжінің 

ШТ-15-3(11) тобының студенті Әлібай Ақтолқын 

Ғылыми жетекші педагогика пәнінің оқытушысы Әшен А.А. 

 

Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Бәсекеге  қабілетті  дамыған 



мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз 

үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге 

дайын болуға тиіс» - деп айтқандай, колледж студенттері- болашақ педагогтер терең білімді, 

озық ойлы және өз мамандығын жетік меңгерген болуы қажет. 

Қазіргі  кезеңде  білім  ғылым  саласында  инновациялық  педагогикалық  технологиялар 

қаншалықты маңызды болса, осы білім бағытында заманауи технологиялар ұғымы кеңінен 

қолданылатын  ұғымдардың  біріне  айналды.

 

Қоғамымызда  болып  жатқан  әлеуметтік-



экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі 

білім  беру  саласында,  соның  ішінде  кәсіптік  білім  беру  уақыт  талабына  сай  өзгерістер 

енгізуді талап етіп отыр. 

Болашақ  құзыретті  мамандарды  өсіріп,  дамыту  мәселесі  мемлекеттік  саясаттың 

ажырамас  бөлігі  болып  отыр.  Жаңа  заман  маманы  ертеңгі  еліміздің  болашағы.  Кәсіби 

құзыретті  маманды  қалыптастырып,  дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр 

сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. 

Әрине, ол үшін білім беру мекемелерінде студенттердің жеке басының қалыптасуы мен 

дамуында  педагогтардың  заманауи  технологияларды  қолдана  білу  сауаттылығына  да 

байланысты.  Сондықтан,  білім  берудің  жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолдану 

негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл 

болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. 

Заманауи технологиялар – тәрбие, білім беру  мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік 

беретін  оқыту  формаларының,  әдістерінің,  жолдарының,  тәсілдерінің  және  тәрбие 

құралдарының  жиынтығы.  Бұл  дамыту,  оқыту  және  тәрбие  процестеріне  ықпал  ететін 

тәсілдердің бірі. Заманауи технологиялар балаға білім мен тәрбие беруді саналы, сапалы етіп 

қызығушылықтары  мен  өміршеңділігін  арттырады.  Инновациялық  технологиялар  – 

заманауи  әлеуметтік  -  мәдени  жағдайда  баланың  тұлғалық  дамуында  динамикалық 

өзгерістер есебінен позитивті нәтиже жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдарының, оқыту 

тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. 



296 

 

296 



 

Заманауи технологиялардың басты міндеті - баланың танымдық әрекетін жандандыра 

отырып, педагогтың кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа толықтай жету. 

Технологиямен жұмыс жүргізу оқып меңгерумен қатар тәжірибеде қолдану, шығармашылық 

бағытта дамыту және нәтиже арқылы іске асырылады. 

Колледждегі тәрбие мен оқыту жұмысының негізгі мақсаты  – дені сау, ұлттық сана-

сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында 

ізгі қасиеттер қалыптасқан, дүниетанымы мол тұлға, көшбасшылық қасиеттерді меңгерген 

жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Заманауи технологиялар мен инновациялық құралдар колледжде жас ерекшеліктерін 

ескере отырып, өзіндік бағыттары мен мақсаттары бар екендігі мәлім. 

Ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  дидактикалық,  тәрбиелік, 

дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшелігі 

ойындық  іс-әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына 

сүйенеді.  Студенттің  бойындағы  білімділік,  танымдық,  шығармашылық  қасиеттерін  аша 

түсуді  көздейді.  Іскерлік  және  тағы  басқада  ойындар  студенттерге  өмірде  кездескен 

қиыншылықтарды  жеңу  жолын  үйретіп  қана  қоймайды,  олардың  ұйымдастырушылық 

қабілеттерін  де  қалыптастырады.  Ойын  -  әлеуметтік  қызмет.  Ол  студенттің  жасына  қарай 

өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. 



Проблемалық  оқыту  технологиясы  -  студенттің  өз  бетімен  ізденуге  үйрету, 

танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.  Яғни,  студенттердің  белсенділігі 

арттыру,  шараға  қызықтыратындай  мәселе  тудыру,  студент  материалды  сезім 

мүшелері  арқылы  ғана  қабылдап  қоймайды,  білімге  деген  қажеттілігін  қанағаттандыру 

мақсатында меңгереді. 

Шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  технологиясы.  ТРИЗ  –  өнертапқыштық 

тапсырмаларды  шешу  теориясы.  Негізін  салушы  -  Генрих  Альтшуллер.  Оның 

технологиясының  басты  идеясы  техникалық  жүйелер  белгілі  бір  заңдармен  туындап, 

дамиды:  бұл  заңдарды  тануға  болады  және  өнертапқыштық  тапсырмаларды  шешу  үшін 

қолдануға болады. Қазіргі таңда Г. С. Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына 

дейінгі  балалардың  сөйлеуін,  тапқырлығын,  шығармашылық  елестетуін,  диалектикалық 

ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың 

ой-өрісін  дамытумен  қатар,  жүріп  жатқан  үдерісті  түсіндіре  отырып,  жүйелі  ойлауынуға 

үйрету.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  «ТРИЗ»  технологиялары  –  бұл  тәрбиешілер 

үшін  толық  әдістемелік  ұсыныстары  бар  ұжымдық  ойындар  мен  сабақтар  жүйесі.  ТРИЗ 

негізгі  бағдарламасын  ауыстыруға  емес,  оның  тиімділігін  барынша  арттыруға  арналған.   

Тәрбиеші  жұмыс  істейтін  кез  келген  бағдарлама  негізінде  практикада  тексерілген  ТРИЗ 

әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады. 

Денсаулықты  сақтау  және  ынталандыру  технологиясы-  стретчинг,  ырғақ 

пластикасы,  динамикалық  үзілістер,  қозғалмалы  және  спорт  ойындары,  релаксация, 

эстетикалық  бағыттағы  технологиялар,  саусақ  гимнастикасы,  көз  гимнастикасы,  дем  алу 

гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика. 



Өздігінен  даму  технологиясы  -  бұл  студентті  жан-жақты  дамыту,  дербестікке 

тәрбиелеу,  санасында  нәрселер  әлемі  мен  ойлау  әрекетінің  бірігуі,  мұнда  тәрбие  үрдісі 

студенттің дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана ол өзін дамыта алады. 


297 

 

297 



 

Бұл  технологияның  ерекшелігі  оқытудың  бірыңғай  бағдарламасы  болмайды,  әркім 

табиғат берген даму жолымен жүреді. Әр студенттің іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің, 

құрбылар тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе студент өзін-өзі бағалайды. 



Ынтымақтастық  педагогикасы  -  педагогтың  талап  ету  педагогикасынан  қарым-

қатынас педагогикасына көшуі. Студенттке ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің 

ажырамас  бірлігі:  педагог  -  студент,  студент-педагог,  студент-студент,  яғни  студент  те 

педагог те субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, студенттің басына ізгілік қарым-

қатынас, екеунің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау. Бұл 

технологияның негізгі мақсаты - студентті азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін 

қалыптастыру және дамыту, студенттің жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. 

Дамыта  оқыту  технологиясы  -  студентті  оқыта  отырып,  дамыту.  Оның  бойында 

еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, 

белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. 

Қашықтықтан  оқыту  (ҚО)  -  білім,  білік  дағдыларды  алу  үрдісі,  бұл  кезде  оқыту 

процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің териоториялық 

алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың 

көмегімен  жүзеге  асырылады.  Қашықтан  оқытудың  білім  саласындағы  мақсаты:  Білім 

берудің  біртұтас  ақпараттың  жүйесін  құру  арқылы  оқушылар  мен  студенттердің  білім 

деңгейін көтеру. Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:  

 

бір-бірімен  тығыз  байланысты  бола  отырып.  мемлекеттік  (республикалық) 



деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;  

 



құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;  

Қашықтықтан  оқытудың  жергілікті  жүйесі  белгілі  бір  білім  және  жекелеген  қала 

(институт)  шеңберінде  жұмыс  атқарады,  оның  құрамына  тек  жоғары  оқу  орындары  ғана 

емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс 

жасаудың  алғашқы  сатысында  зиялылық  потенциялын,  компьютерлік  техниканы  ұтымды 

пайдалана  отырьп,  үздіксіз  білім  беру  принциптерін  ойдағыдай  іске  асыру  қажет.  Осыған 

орай,  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындары  жергілікті  және  аймактық  желіні  пайдаланып, 

шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы 

қажет. 

Қашықтықтан  оқыту  тәсілі  бойынша  жұмыс  істейтін  оқытушы  оқытудың  жаңа 



технологиясын,  оқытудың  компьютерлі  және  тораптық  жүйелерін  жетік  біліп,  олармен  іс 

жүргізу  ісін  орындау  шарт.  Қашықтықтан  оқыту  тәсілімен  оқытатын  оқытушыларға  және 

осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:  

 



Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.  

 



Қашықтықтан  оқытудағы  мақсаттары  мен  міндеттері,  оның  алдағы  уақытта 

ақпараттық  технология  және  коммуникация  құралдарының  негізінде  дамуы  туралы 

білуі қажет.  

 



Қашықтықтан  оқыту  технологиясын  жетік  білетін,  білім  саласындағы 

қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.  

 

Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы 



қажет. 

 



Оқытудың  телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану  ісіне  дағдылануын 

қалыптастыру,  атап  айтқанда:  тұтынушылар  арасында  ақпараттар  алмастыру  және 

ақпараттық  жүйелердегі  ресурстарды  пайдалануға  дағдылануын  қалыптастыруы 

қажет.  


 

Жинақталған  түрде  оқу  бағдарламасын  құрайтын  белгілі  бір  тәртіптегі 



модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра 

білуі қажет. 

Оқу  үрдісін  қашықтықтан  оқыту  шеңберінде  жүргізу  ісіне  жан-жақты  даярлау, 

қашықтықтан  оқыту  жүйесі  бойынша  сабақ  өткізу  үрдісінде  үйлестіруші  болуы  қажет. 



298 

 

298 



 

Бүгінгі  таңда  ақпараттық  қамтамасыз  ету  жүйесіне  баса  мән  бермейінше,  білім  берудің 

ақпараттық 

технологияларын, 

дәлірек 

айтқанда, 

электрондық 

оқулық 


және 

бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік 

арнасы  арқылы  ендірмейінше,  кез  келген  әлеуметтік-экономикалық  саланың  алға  басуы 

мүмкін емес. 



Ақпараттық технологиялар (АКТ)-деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық 

ақпараттық  құралдарды  (интерактивті  тақта,  электронды  -  есептеуіш  машиналар,  аудио, 

бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен 

қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды.         

Компьютерлік  технологиялар  бағдарламалаған  оқытудың  идеяларын  дамытады, 

заманауи компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, 

әлі  зерттеле  қоймаған  нұсқаларды  ашады.  Оқытудың  компьютерлік  (жаңа  ақпараттық) 

технологиялары  –  бұл  оқытушыға  компьютер  арқылы  ақпараттарды  дайындау  және  беру 

үдерістері.  Компьютерлік  технологиясының  мақсаты  ақпаратпен  жұмыс  жасау  қабілетін 

қалыптастыру,  коммуникативтік  қабілеттіліктерді  дамыту,  «ақпараттық  қоғам»  тұлғасын 

дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді  қабылдау қабілеті болып 

табылады. 

Сонымен  қатар,  білім  беру  мекемесінде  инновациялық  білім  беру  құралдарын 

қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, 

компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, 

мен  оқу  әдістемелік  кешендер,  инновациялық  ақпараттық  банк,  инновациялық  сайт  және 

тағы  басқалары  жатады.  Қазіргі  таңда  көптеген  интерактивтік  бағдарламалық  бөлімдер, 

қозғалмалы  объектілер  құруға  мүмкіндік  беретін  векторлық  және  графикалық  жабдықтар 

көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды 

оқу  ордалары  кеңінен  пайдалану.  Бұл  жағдайда  әрбір  педагог  ұйымдастырып  отырған 

шарасы әрі қызықты, әрі нәтежелі болады, сонымен бірге мультимедиялық құралдар арқылы 

педагог уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді. 

Педагог  –  студенттің  бойына  білім  нәрін  себетін,  жан-жақты  тәрбие  беретін  басты 

тұлға.  Болашақта  колледж  түлектерінен  жаңашыл  педагог  даярлауға  қойылатын  талаптар 

студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялар түрлерімен қаруландыра отырып, 

қазіргі  уақыттағы  кәсіптік  дағдыларын  игеруге  бағытталған  оқытудың  жаңа  жолдарын 

енгізуді көздейді. 

Педагогтарының негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық 

технологияларды  дұрыс  қолдана  білу,  жеке  тұлғаның  дұрыс  дамып  қалыптасуы  үшін 

ыңғайлы  жағдай  жасау.  ХХI  ғасырда  білім  мен  ғылымды  жаңа  инновациялық  технология 

бағытында дамыту. 

Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі-ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл 

кезең,  компютерлік  техника  мен  оған  байланысты  барлық  ақпараттық  коммуникациялық 

технологиялар педагог қызметінің барлық саласына кірігіп,оның табиғи ортасына айналып 

отыр. 

Білім  беру  мекемелерде  ақпараттық  коммуникативтік  технология  құралдарын 



қолданудағы мақсат – әр студенттің танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Студенттің 

танымдық қызығушылықтың болуы олардың шараларда белсендік танытуға, жағымды мінез 

құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Оқытушы ретінде менің де алға қойған мақсатым: 

 

студенттерге  тәрбие  мен  білім  берумен  қатар  олардың  шығармашылық 



қабілетін арттыру; 

 



ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық жағынан ғылыми негізде өмірмен 

байланысты ұйымдастырып, оқушының қызығуын, білім құштарлығын таныту; 

 

әрбір ұйымдастырылған іс -әрекетте студенттерді ойлануға, өздігінен ізденіс 



жасауға баулып, ойын ауызша, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру. 

299 

 

299 



 

Кез  келген  оқыту  технологиясы  терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық, 

әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, студенттердің жан дүниесін терең үңіліп оны 

ұғына білуді талап етеді. 

Оқушының  бойындағы  бар  к

үшін  мақсатты  іске  жұмылдыру  үшін  әрекеттендіруде 

жаңа  идеялар  туындауда.  Сократ:  «  Біреуді  бір  нәрсеге  иландырғың  келсе,  қ

ұр  сөзбен 

уағыздама,одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала 

өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат 

заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға т

үсірту—мұғалімнің жұмысы»,-

деп 

ұстаздың негізгі бақылаушылық рөлін белгілеп береді. Біз білім беру адамзаттың ортақ 



м

үлкіне айналған дәуірде өмір сүріп отырмыз. Бір елде жаңалық ашылса, басқа жерде оны 

дер  кезінде  тез 

үйреніп  үлгеруде  біздің  міндетіміз—  дүниежүзіндегі  жаңалықтар  мен 

дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін 

ұсыну. Олай етпесек көштен 

қаламыз. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму 

өте жедел жүзеге асуда. Инновациялық 

білім  –іскерліктің  жаңа  т

үрі.  Инновациялық  қызмет  пәндердің  мазмұнын  тереңдетуге, 

ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға , оқу ісін дамытуға бағытталған. 

XXI ғасыр –қатаң бәсеке ғасыры . Елбасымыз халыққа арналған жолдауында: «Білімін 

дамыта  алмаған  елдің  тығырыққа  тірелері  анық.  Біз  болашақтың  жоғарғы  технологиялық 

және  ғылыми  қамтымды 

өндірістері  үшін  кадрлар  қорын  жасақтауға  осы  заманғы 

басқарушылырсыз біз инновациялық экономика қ

ұра алмаймыз» — деген болатын. Қашан 

да  білімді 

ұрпақ-болашағымыздың  кепілі.  Егеменді  еліміздің  тағдыры-жас  ұрпақтың 

қолында болса, 

ұрпақтың тағдыры-бүгінгі ұстаздардың қолында. 

 

 



ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ӨЗЕКТЕНДІРІП, ҚАЗАҚСТАН 

ЖӘНЕ АЛЫС, ЖАҚЫН ШЕТЕЛДЕГІ БІЛІМ БЕРУ 

 

БМ-14-3/11/ тобының 4 курс студенті Ахат Роза 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

Ғылыми жетекші: Жексенова  Бибинур Омарбаевна 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің оқытушысы 

 

Қазіргі  заманауи  білім  құрылымының  ғасырлар  бойына  астарласатын  тарихы  бар. 



Адамзат қоғамының дамуының әр түрлі сатысында нақты бір мәдени-қоғамдық контекстке 

негізделген білім беру жүйесінің түрлі модельдері болды. Заманауи білім беру жүйесі XVIII 

ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, классикалық деген атқа ие болды. 

Классикалық  білім  беру  жүйесі  еуропалық  мәдениет  пен  өркенниеттің  дамуына  тікелей 

әсерін  тигізді.  Соңғы  онжылдықта  дүниежүзілік  білім  беру  жүйесі  ұлғайтылып  бара 

жатқан    білімнің  сапасы  мен  көлеміне  деген  сұранысты  қанағаттандыруға  мүмкіндігі 

жеткіліксіз.  Білім  беруге  деген  қоғамдық  сұраныс  пен  оны  қанағаттандыру  мүмкіндігі 

арасындағы  айырмашылық  өте  үлкен.  Сонымен  қатар,  адамзат  қоғамы  экологиялық 

дағдарысқа  ұлтаралық  және  қоғамдық  түсініспеушіліктерге  идеологиялық  және  табиғи 

азушылыққа қатысты жалпы проблемалар дүниесіне тап болды. 

Корея  Республикасы,  Гонконг,  Сингапур,  Жапония  мемелекеттерінің  дамуы 

нәтижесінде бақыланған экономикалық ғажап батыс саясаткерлері үшін осы мемлекеттердің 

жалпы экономикалық жетістіктерге жетудегі білім беру жүйесінің үлесін бағалау үшін үлгі 

болды. 


Шығыс  Еуропа  мен  дамушы  елдердегі  қоғамдық  реформалар  туралы  жоғарғы 

деңгейдегі  сарапшыларды  басқаратын  "Ақыл  орталығының"  кеңесшісі  М.  Кастеллстің 

ойынша,  ақпараттық  қоғамға  өту  дамыған  елдермен  қоса  дамушы  елдердің  де  бірінші 

орындағы  көздеген  мақсаты  болып  табылады.  Ол  соңғы  онжылдықта  ақпараттық 



300 

 

300 



 

технологияның даму жолына түскен елдер қатарындағы немесе ақпараттық технологиядан 

оқшау қалған мемлекеттер төменгі экономикалық жағдайда қалғанын атап өтті. 

Білім  беру  саласы  еңбек  сапасының  негізгі  факторы  болып  табылады.  Аймақтық, 

фирмалық,  мемлекеттік  экономикаға  қосқан  үлесі  бағалы  болып  табылатын  ақпаратты 

өндіру  саласындағы  және  білім  мамандардағы  генераторлары  жаңа  ақпараттық 

капитализмнің негізін салушылар болып табылады. 

Соңғы екі онжылдықта дүние жүзінде білім беру саласының дамуы келесі бағыттардан 

тұратын рефомаларды жүрзізуде: 

 



мемлекеттік тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді

 



үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасу тенденцияларын айқындауды; 

 



қоғамның білім берудегі бақылауға қатысу принциптерін; 

 



өндіріс, ғылым және білім беру арасындағы байланысты қадағалауды; 

 



білім беру мекемелерінің автономиялығын арттыруды; 

 



білім  беру  кешендерінің  интеграциясын,  халықаралық  ЖОО  өсуін 

мемлекеттік қолдауға алуды іске асыруда. 

Өткен жүзжылдықтың 60-70 жж. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та экономикалық даму 

мен жалпы мемелекеттік деңгейегі ерекше назар аударуды қажет ететін сала ретінде білім 

беру  саласының  рөлі  біліне  бастады.  Бұл  жылдар  адамзатты  үлкен  жетістікке  әкелген 

жаратылыстану  және  нақты  ғылымдардың,  білім  беру  жүйесінің  жаңаруының,  ғылыми 

пәндердің  интеграциясының  дамыған  кезеңі  еді.  Соған  байланысты  мемлекеттегі  жалпы 

білім беруде, орны мен рөлінде, оның мақсатында көптеген өзгерістер болды. Толық білім 

алу үшін жүгіну керек болмай қалды. Жас маманның пәндердің негіздерін белсенді игеруі 

дағдысын  дамыту,оларда  пайда  болған  проблемаларды  талдау  жасау  мүмкіндігін 

қалыптастыруды  дамыту,  балама  шешімдер  қабылдануды  ұсыну  мен  олардың 

аргументтерінің 4 критерийлерін жасау басты мақсат болып қалды. 

Стратегиялық  шешімдерді  қабылдау  алдындағы  білім  беру  саласындағы 

проблемаларды жүйелік зерттеудің мәнін жан жақты түсіну - білім беру саясатының негізгі 

қағидаты болып табылады. Бұның алғашқы жемістері мен нәтижесін тек 10-15 жылдан соң 

алу мәселесіне қатты назар аударылған, ал шын мәнінде ол 20-25 жылдан кейін ақталатынын 

айтуымыз қажет. 

Шетел  мемлекеттерінің  білім  беру  саясатында  табандылық  пен  сабақтастық  тән. 

Мемлекет басқарушылары мен үкіметтері ауысып отырса да, саяси партиялардың әртүрлері 

мемлекет басқаруға келсе де, білім беру саласының принципі мызғымас іс боп қала берді. 

Америка  қоғамына  тән  жалпы,  соның  ішінде  білім  беру  мазмұнындағы  теориялық 

плюрализмды,  көптеген  шындықты  және  түрлі  теориялардың  бірдей  құндылылығын 

мойындау  спецификалық  ерекшелігі  болып  табылады.  Солардың  ішінде  қоғамға  деген 

қатынасы  бойынша  тұлғаның  біріншілігін  алдыңғы  қатарға  қойған  гуманистік  теория 

ерекшеленеді. Өзінің қолданысына байланысты мектеп мәдени селекция құралы болып отыр, 

сондықтан оқу бағдарламасы бейтараптық сипатта болмауы керек. Өзінің философиясында 

мектеп  тек  дұрыс  ойлауды  ғана  үйретуді  көздеумен  басқарылып  қана  қоймай,  жастарға 

қандай  қоғамдық  маңызы  бар  құдылықтар  мен  идеяларды  насихаттауды  да  қолға  алуы 

тиістігінде айқындауы қажет [1]. 

Батыстың жалпы педагогикалық философиясы - нақтырақ айтсақ, олардың қоғамдық 

өмірінің  модельдері  дүние  жүзілік  өркениетінің  жетістіктерін  айқын  көрсетеді.  Мұнда 

қоғамның  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қатынас  құрылымының  әртүрлілігі  түсінігі 

қалыптасқан,  соған  сәйкес,  қоғам  неғұрлым  бірыңғай  емес  құрылымды  болған  сайын, 

соғұрлым  өмірлік  тәжірибе  ұлғайып,  пайда  болған  проблемаларды  соғұрлым  сәтті  шешіп 

отыруы орныққан. 

Заманауи  американдық  зерттеушілердің  жұмыстарында  оқытудың  мазмұнында  орай 

білім берудің  құнды бағыт-бағдарының 4 типіне басымдық берілген. Олар - энциклопедизм, 

гуманитаризм, натурализм және прагматизм. 



301 

 

301 



 

Жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыратын  білім берудің гуманистік мақсаты

білім беру мазмұнын қайта қарастыруды талап етеді. Ол тек жаңа ғылыми - техникалық 

ақпараттан тұрмай, гуманитарлық, жеке басты дамытатын білім мен дағдыдан, 

шығармашылық істегі тәжірибеден, жеке тұлғаның әлемге, ондағы адамға эмоционалды – 

құндылық қатынастардан тұруы тиіс. 

XXI ғасырдағы жоғарғы оқу туралы дүниежүзілік декларацияда" атап көрсетілгендей 

жоғарғы оқу келесі міндеттерді орындауы тиіс: 

Оқу  бағдарламасына  және  курстарына  негізделе  отырып,  адамзаттың  кез  келген 

шаруашылық  саласында  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  алатын  қоғамның  заманауи  және 

болашақ  қажеттіліктеріне  әрдайым  бейімделетін  жоғарғы  дәрежелі  мамандарды  және 

жауапкершілігі мол азаматтарды  дайындауды қамтамасыз ету. 

Әділдік  рухында  демократия  мен  әлемнің  тұрақты  дамуына,  адам  құқығын  еске  ала 

отырып,  қоғам  өміріне  белсенді  араласу  мен  азаматшылықты  көздей  отырып,  қоғамдық 

мобильді жеке тұлға мен жеке даму мүмкіншілігін қатысушыларға кең таңдау мүмкіншілігін 

біріктіре отырып, жоғарғы білім алуды қамтамасыз ету. 

Мәдени, қоғамдық және экономикалық дамуға үлес қосу мақсатымен қоғамды қажетті 

біліммен қамтамасыз ету жаратылыстану ғылымы мен технологиялық зерттеулерді қолдай 

отырып, дамыту сонымен қатар, қоғамдық және гуманитарлық ғылым мен шығармашылық 

еңбекті зерттеу. 

Ұлттық және аймақтық, халықаралық және тарихи мәдениеттерді мәдени  плюрализм 

талаптарына сай  түсіндіру,насихаттау, сақтау, кеңейту, дамыту және тарату. 

Тұлға азаматшылығын құрып, жастарды тәрбиемен қамтамасыз ете отырып, қоғамдық 

құндылықтарды сақтау және нығайту, және де сол арқылы гуманизм болашағын кеңейту. 

Жалпы  және  кәсіби  мәдениетті  жоғары  деңгейлі  ұстаздар  дайындап,  білім  беруді 

барлық деңгейлерде дамуын қолға алу. 

Заманауи білім берудің мазмұнында, оның императивті  құндылықтары  құрылымында 

қоғамның мәдениетті меңгеру міндеттерімен қатар, табиғи және әлеуметтік ортада біртұтас 

қарым-қатынасты  қалыптастыруда  адамның  шығармашылық  мүмкіншіліктерін  өзгерту, 

оның қабілетін дамыту, өмір ақиқатын қайта құру ерекше орын алады. 

Қазақстанда  жоғары  білімді  мамандар  дайындау  екі  деңгейде  жүреді.  Әрбір  деңгей 

өзіне  тиесілі  міндеттерді  шешуге  тиіс  болды.  Бірінші  деңгей  әлеуметтік  сипаты  бар 

проблемаларды  шешуге  дайындау  деңгейі  болып  саналады  (халықтың  білім  деңгейін 

арттыру). Осы деңгейде студенттер жалпы ғылыми базалық дайындықтан өтеді және нақты 

тапсырыс берушіге немесе тандалған бағыттағы жалпы теориялық арнайы білімді алады [2]. 

Мұндай  мамандардың  квалификациялық  деңгейі  батыс  білім  жүйесіндегі  бакалаврдың 

академиялық дәрежесіне сәйкес келуі тиіс. Мемлекет өзінің әлеуметтік бағдарламасына орай 

бакалаврға тапсырысты беруші болып саналады. 

Бастапқы  тұлғаның  біріншілігін  жариялаған  «гуманистік»  теория  моделі  басқада 

көптеген  түрлі теориялар арасында ерекшеленеді.  Өзінің қолданысына байланысты мектеп 

мәдени  селекцияның  құралы  болып  табылады.    Өзінің  философиясында  мектеп  дұрыс 

ойлауды  үйретіп  қана  қоймай,  жастарға  қоғамдық  пайдалы  құндылықтар  мен  идеяларды 

сендіруді  басшылыққа  алуы  тиіс.  Білім  беру  теориясында  рационалистік  концепция 

өзіндік  өрлеу кезеңін бастан кешіріп жатыр. Осы модель ғылыми-техникалық рефолюция 

мен  философиялық-қоғамдық  теорияның  әсерінен  дамыған  технологиялық  платформаға 

негізделген. 

Бүгінгі  таңда  білім  берудің  алдына  келесі  міндеттер  қойылып  отыр  -  ол  өзінің  елін 

қамтамасыз  етумен  қоса,  тез  трансформацияланудағы  әлем  жағдайында  қоғамдық  өмірге 

белсене араласу үшін білім алушылар қандай білім және ілімді меңгеруі тиіс."Дүниежүзілік 

деңгейлік  білім  беру"  деп  аталатын  жобаны  гуманистік  бағыт  ерекшелейді.  Бұл  моделдің 

концепциясында  білім  беру  қызметінің  вариативтік  идеясы  мен  дүниежүзілік  ең  жоғары 

жетістіктерге бағытталған стандарттарға сүйенуді насихаттайды. 



302 

 

302 



 

Еуропалық  білім  беру  саласында  айтарлықтай  өзгерістер  болып  жатыр.  Сорбон 

(1998ж.) мен Болонда (1999ж.) қабылданған декларациялар – еуропдағы жоғарғы мектептің 

түбегейлі  өзгеру  кезеңінің  дәлелі.  Сарапшылардың  атап  өткеніндей,  екі  құжатта  білімнің 

мазмұнына емес, құрылымына бағытталған [3]. 

АҚШ-тың  білім  беру  саясатының  бағытталуын    Батыс  Еуропа  елдері,  Жапония, 

өндірістік дамыған мемлекеттер бағалап және оның білім беру жүйесінің даму масштабына 

әлемдік нарықтағы өзіне қауіп төндіруші ретінде қарап, соған сәйкес шаралар қолданды.  

Дүниежүзіндегі білім беру жүйесі дағдарысты бастан кешіруде.  Қоғамның қатал еңбек 

бөлінісіне  негізделген  білім  берудің  дәстүрлі  әдісі  өз  мүмкіншіліктерін  жоққа  шығарды. 

Қоғамдық  жіктеліс,  өндірістің  төмендеуі,  кажетті  қаржыландырудың  болмауы  білім  беру 

дағдарысын  үдетуде.  Алайда  оқу  адамдардың  қоғамдануының,тұрақтануының  факторы 

болып қала береді. 

Білім  берудің  гуманизациясы  дүниежүзінің  басқа  да  қазіргі  жаһандану 

проблемаларымен  байланысты  әлемдік  проблема  ретінде  қарастырылады.  Әлемнің 

әлдеқайда  дамыған  елдеріндегі  оқу  дағдарысына  тез  ауысатын  технологиялардың 

бәсекелестігі себеп болып отыр.   

Заманауи білім жүйесінің талабы қоғамды тек керекті біліммен қамтамасыз етіп қана 

қоймай,  қоғамдық  құндылықтарды  нығайту,  ұлғайту,  гуманизм  мен  азаматтықтың 

жағдайларын  кеңейту  өзекті  мәселе  етіп  қойылуда.  Бұл  үдеріс  үздіксіз  жүреді,    адамның 

әлеуметтену іске асырудың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.  

Білімнің жаңа философиялық-әлеуметтанулық парадигмасы бірнеше шарттарға жауап 

беруі керек: 

1) Біздің қоғамның полимәдениеттілік тәжірибесін ескеру. 

2) Білім беру жүйесінің замана тенденцияларға сай келуі. 

3) Әлемнің дәстүрлі тәжірибесімен шамалас болу. 

         Полимәдениетті  қоғам  жағдайында  Қазақстанның  ғылыми  және  педагогикалық 

зиялылары тәрбиелеуші оқыту моделінің таңдауында тұрып қалды. Тәрбиелеу мен оқытудың 

теориясын іздеу тек  педагогика мамандары үшін ғана емес  –  бұл  жалпы ортақ  әлеуметтік 

мәселе. Қазақстанның тұрақты дамуына әлеуметтену үшін қандай жағдайлар жасалатынына 

байланысты  балалар  мен  жасөспірімдердің  жеке  бағының  неге  бағытталатынына 

байланысты. 

Қазақстанда  әлемдік  дүниетанымдық  плюрализм  қалыптасты,  бірақ әзірге  құндылық 

жүйенің концептуалды өлшемі жоқ, өйткені дүниетанымдық,  құқықтық мәдени нормалар 

әлі де қалыптасып бітпеген, олар қалыптасу сатысында тұр. 

Республикада гуманистік педагогика кеңінен таралуда, ол бойынша бала білімдік және 

тәрбиелік қызметтің мәні басты және қорытынды болып тұр. 

Батыс жаңа технологияларының  үлгісін культке айналдыру маңызды мәселелердің бірі 

болып отыр. Бұл біздің қоғамымыздағы дәстүрлі құндылықтардың трансформациялануының 

нәтижесі. Бұның білім мен мәдениет моделдеріне бірдей қатысы бар. 

               ХХІ ғасырдың өркениетті даму перспективаларына сай білім беру жүйесінің 

жаңа үлгілерін іздеу адамзат дамуымен тығыз байланыста қарастырылады. 

Қазақстан Республикасының білім жүйесінің мақсаты білім сапасын қамтамасыз етуде 

тиімді жұмыс істейтін  ұлттық үлгісін құру, ол өз кезегінде қоғамды жоғары білікті кадрларға 

деген  қажеттілігін  қамтамасыз  етеді.  Концепцияда  білімнің  міндеттері,  құрылымы  және 

мазмұны  көрсетілген.  Ондағы  көрсетілген  түрлендірулер  халықаралық  білім  кеңістігіне 

интеграциялануға бағытталған. Концепция келесі негізгі ойлармен өкпектелген [4]: 

 



білім сапасын қадағалау; 

 



білім ашық жүйе ретінде; 

 



оқытуды ұйымдастырудың жаңа принциптері; 

 



нәтижеге бағыт-бағдар ұстау; 

 



жалпы және кәсіби білімнің арақатынасы. 

303 

 

303 



 

Бүгінгі таңда ақпарат және білім қоғамның дамуыныда стратегиялық ресурсы ретінде 

көрініс  тапты.  XXI  ғасыр  зияткерлік  индустриямен,  инновациялық  технологиялармен 

ерекшелінеді. Егер біз бұл үрдістің шеткі аймағында қалғымыз келмесе, біздің ақпараттық-

коммуникативтік кеңістігіндегі білім беру барысының стереотиптерін есте ұстау қажет. 

Білім берудің екінші деңгейінде мамандарды дайындау нақты тапсырыс беруші үшін 

немесе  нақты  қызмет  түрі  үшін  шешілетін  болады.  Осымен  байланысы  бұл  деңгейді 

бітірушілер  өздерінің  болашақ  жұмыстарының  ерекшелігін  ескеріп,  тереңдетілген  жалпы 

ғылыми,  жалпы  теориялық  және  арнайы  білім  алады,  ол  батыс  білім  жүйесінің  инженері 

немесе магистры сияқты дипломды маманның  квалификациялық  деңгейіне  сәйкес келеді. 

Технологиялық  өндірістің  және  инженер  –  техникалық  қызметкер  функционалдық 

ерекшеліктерінің  көп  жақтылығын  ескеріп,  екінші  деңгейдегі  білім  беру  оқылатын  кәдері 

мен дайындық көлемі бойынша индивидуалдануы тиіс. 

Қазақстандық  білім  беруі  ұйымдылық-құрылымдық  және  нормативтік-құқықтық 

мәселелерді шешіп, білім беруді реформалаудың жаңа кезеңіне өтті. «Білім туралы» жаңа Заң 

қабылағаннан  кейін  ЮНЕСКО  ұсынысы  бойынша  Халықаралық  білім  стандарттарының 

классификациясына  сай  үлгі  жұмыс  істейді.  Қазақстандық  білім  берудің  заманауи  даму 

кезеңі 2030 ж. білім стратегиясында  көрсетілген стратегиясына бағыт-бағдар ұстанған [5]. 

Жоғарғы білімнің қоғамның заманауи талаптарына сай болуын қамтамасыз ету үшін 

экономика,  ғылым,  мәдениет,  әлеуметтік  саланың  дамуына  тікелей  әсер  ететінін  ескеріп 

оның  білім  беру  және  ғылыми  зерттеу  міндетін,  функцияларын  қайта  қарау  керек. 

Мемлекеттің  және  оның  мүдделерінің,  қоғамдық  құрылымдардың,  кәсіпкерлердің,  бүкіл 

қоғамның тұрақты экономикалық дамуын, адам өмірінің деңгейін және сапасын көтерілуде, 

ұлттық қана емес әлемдік мәселерді шешудегі рөлінің маңыздылығын қайта қарауы қажет.  

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы  – тез өсіп бара жатқан жаңа 

білімдер  қарқыны  мен  жеке  тұлғаның  оларды  игерудегі  шектеулі  мүмкіндіктері  арасында 

байқалады.  Бұл  қарама-қайшылық  педагогикалық  теорияны  білім  берудің  абсолютті 

идеалынан (жан-жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға - адамның өзін - өзі реттеуі 

мен өздігінен білім алуы қабілеттілітерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті. Себебі, 

экономика  дамуының  жоғары  қарқындылығы,  өндірістік  үрдістерді  автоматтандыру, 

техниканың дамуы, микроэлектроника мен компьютерлерді қолдану және т.б. құбылыстар 

оқушылар біліміне деген талаптардың өзгеруіне және жоғарылауына әкеліп соқты. Қазіргі 

заманғы жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптары:  -өз бетінше ойлауға және әр 

түрлі  проблемаларды  шешуге  қабілетті  болу,  яғни  алған  білімдерін  осы  проблемаларды 

шешуде  қолдана  білу;  -сыни  және  шығармашылықпен  ойлау;  -гуманитарлық  білімдерді 

терең түсінуге негізделген бай сөздік қорға ие болу. Демек, қазіргі заманғы оқушылар қажет 

білімдерді  өз  бетінше  меңгеріп,  оларды  тәжірибеде  әр  түрлі  проблемаларды  шешу  үшін 

қолдану  арқылы  тез  өзгеретін  өмір  жағдайларына  икемделуі,  өз  бетінше  сыни  ойлауы, 

ақпаратпен дұрыс жұмыс істеуі, қарым–қатынасқа түсе білуі, өзін - өзі дамытуы қажет. Сол 

себепті қазір әр оқушыны белсенді танымдық үрдіске тарту арқылы оларды алған білімдерін 

тәжірибеде қолдануға, өздерінің интеллектуалдық, денелік күштерін дамытуға, өз ойларын 

айтуға  үйретуіміз  қажет.  Ол  оқыту  үдерісінде  қолданылатын  оқыту  технологияларына 

байланысты  Заманауи  технологияларды  меңгеру  мұғалімнің  зияткерлік,  кәсіптік, 

адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі 

әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде 

болып жатқан жаңаша түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол 

жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық 

әлеуетін  дамытуды,  мұғалім  іс-әрекетін  жаңаша  тұрғыда  ұйымдастыруды  талап  етеді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай 

білім бересіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген сөзі бүгінгі білім беру жүйелеріндегі 

оқу-тәрбие үдерісінде заманауи оқыту технологияларын тиімді қолдану арқылы білімі мен 

біліктілігін  арттырудың  өзектілігін  көрсетеді.  Әр  мемлекеттің  интеллектуалдық, 

экономикалық және мәдени әлеуеті сол елдің білім беру жүйесінің заман талабына сәйкес 


304 

 

304 



 

дамытылуына байланысты. Нарық заманы білім саласына, білім мекемелері мен ұстаздарға 

үлкен  міндеттер  қоюда.  Бүгінгі  таңдағы  ұстаздардың  міндеті  –  жас  ұрпаққа  сапалы  білім 

және  саналы  тәрбие  берумен  қатар,  заман  талабына  сай  білімді,  білікті  маман  иелерін 

даярлау, сонымен қатар нарық заманының бәсекесіне түсе алатын, түскен ортасында өзінің 

білім деңгейі мен кәсіби шеберлігін көрсете алатын адал азаматтарды тәрбиелеу. Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық 

және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 

адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін 

қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген.  

            Сонымен  қатар  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге 

қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы»  Жолдауында  «Білім  беру  реформасы  – 

Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса 

маңызды  құралдарының  бірі»  деп  атап  көрсетуі  педагогикалық  үрдістің  сапасын  үнемі 

арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек, заман талабына сай бәсекеге қабілетті 

жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-

тәсілдерін талмай іздеу – әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын, 

өз  педагогикалық  технологиясын  таңдай  отырып,  білім  алушылардың  білімін  жетілдіру 

бағытында  жұмыс  істеуі  керек.  Осыған  байланысты  оқытудың  жаңа  технологияларын 

қолданудың қажеттілігі туындайды.  

              Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  білім  беру  ісіне 

оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу  міндетін  қояды.  Қазіргі  мақсат  әрбір  оқушының 

бейімділіктері,  қызығушылықтары  және  мүмкіндіктеріне  сәйкес  қанағаттандыратын, 

тапқырлық  пен  зейінділікті  ынталандыратын,  оқытылатын  материалды  толық 

шығармашылық деңгейде меңгеруіне және оқушының парасатын дамытатын оқыту жүйесін 

құру  болады.  Оқушы  өзі  оқу  керек,  ал  оқытушы  оқушының  танымдық  әрекетінің 

ұйымдастырушысы  рөлінде  болу  керек.  Мұғалім  оқушының  жұмысын  реттеуге,  ең  қиын 

мәселелер  бойынша  кеңес  беріп  және  оның  білімдерін  бақылауды  ұйымдастыруы  қажет. 

Қазіргі заманауи технологияларды оқыту үдерісінде қолдану осы міндеттердің орындалуын 

шешеді.  Білім  беруді  дамытудың  жаңа  бағыттарының  бірі  –  білім  мазмұнын  оқушының 

толық  меңгеруін  іске  асыратын  заманауи  оқыту  технологияларын  қолдануды  жетілдіру 

болып  табылады.  Алайда  қазіргі  талаптарды  жүзеге  асыру  мүмкіндігін  беретін  заманауи 

оқыту  технологияларын  анықтау,  жасау  маңыздылығымен  қатар  оларды  білім  беру 

мақсаттарына сай тиімді қолдану жолдарын жетілдіру арасында шешуді қажет ететін қарама-

қайшылықтар бар. Мұндай қарама-қайшылықтардың бірі – заманауи оқыту технологияларын 

теориялық жағынан негіздеудің белсенді зерттелуі мен білім берудің әртүрлі бағыттарында 

оларды  қолдану  ерекшеліктерін  анықтап,  тиімді  жолдарын  білім  беру  мекемелері 

тәжірибелеріне енгізудегі байқалып жатқан кемшіліктердің болуы бұл мәселені жан-жақты 

зерттеу  қажеттілігінің  күн  тәртібіндегі  маңызды  орнын  көрсетеді.  Сондықтан  біздің 

баяндамамыздың  басты  мәселесі  заманауи  оқыту  технологияларын  қолдану  жолдарын 

анықтау болып табылады. Соған сәйкес мақсат– бүгінгі білім беру үдерісінде заманауи оқыту 

технологияларын қолданудың практикалық жағдайларын анықтау болып табылады.  

Мақсатқа қол жеткізу үшін қойылып отырған міндеттер:  

1.Психологиялық-педагогикалық 

әдебиеттер 

негізінде 

заманауи 

оқыту 


технологияларын қолдануға қатысты теориялық мәселелерді анықтау;  

2.Білім  беру  барысында  заманауи  оқыту  технологияларын  қолдану  ерекшеліктерін 

анықтау.  

3.Оқытуда заманауи оқыту технологияларын қолдану әдістемесін жасау.  

Сонымен,  заманауи  оқыту  технологиялары  негізінде  оқыту  барысында  оқушылар 

білімділігінің  жоғары  нәтижесіне  қол  жеткізуге,  олардың  өз  бетінше  әрекет  ету  және 

өздігінен  білім  алу  біліктерін  және  дағдыларын  тез  аралықта  қалыптастыруға,  алған 

білімдерін проблемаларды тез шешуде қолдануға және ақпаратты тез табуға, тез өзгеретін 

өмір жағдайларына икемделуге үйрету мүмкіндіктері бар. 


305 

 

305 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет