«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет42/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1. Токаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития. – Алматы, 2001. 

2. Сериков Э.А Система высшего технического образования Казахстана: движение по 

спирали – Алматы, «Ақ Шағыл».2015. 

3. Долженко О. Сорбонская и Болонская декларации: информация к размышлению 

// Вестник высшей школы. 2000. №6. С. 19-21. 

4. Концепция развития системы образования Республики Казахстан // Білім–

Образование. – 2004. – № 1. 

5.2011-2020 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасының Білім беруді 

дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасы  // "Егемен Қазақстан" 2010 ж. 14 желтоқсан,  № 

529-532. 

 

 

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ МЕН 



МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Асылханова Қ.Қ., Мукушева М.М., Ибраева Б.Е. 

ҚМҚК "Балдырған" балабақшасы 

 

   Жаһандану  ғасырында,  дүниежүзілік  сан  түрлі  одақтар  мен  ұйымдарға  кіру,  әлемге 



танылу,  төрткүл  дүниенің  алпауыт  елдерімен  тең  дәрежедегі  жан-жақты  қарым-қатынаста 

болу-  ұлт  тарихындағы  қазақ  мемлекеттілігінің  тарихи  жеңісі.  Алайда,  қазіргі  аласапыран 

заманда ұлттық сипатымызды, таным-түсінігімізді, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтап 

қалу тәрбие мен білім ошақтарының ең өзекті мәселелері екені анық.  

   Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру, яғни өркениет көшіне ілесу үшін бізге жан-

жақты  білім  керек  екені  даусыз.  Жалпы  білім  беру  саласы,  адамның  білім  деңгейінің 

көрсеткіші және оның тиімділігі, алған білімнің нақтылы бағытта нәтиже беруі үлкен мәселе.  

   Бүгінгі  таңда  білім  саласында  түбегейлі  өзгерістер  орын  алуда.  Бұл  жердегі  мақсат- 

білім мен ғылымның әлемдік даму үрдісіне ілесу , оны игеретін және үлес қоса алатын білікті 

маман болатын ұрпақ тәрбиелеу олардың қатарын арттыру.  

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев " Өзіне-өзі сын көзімен қарамайтын халық болашағына көп үміт 

арта алмайды" деген екен. Ендеше, белгілі бір білім беретін мекемелер қандай сипатта болуы 

керек,  оның  қазіргі  жетістіктері  мен  кемшіліктері  қандай  деген  сұрақтар  төңірегінде  ой 

қозғап көрейік. 

   Елбасымыздың "Жүз мектеп, жүз балабақша" бағдарламасы бойынша еліміздің түкпір-

түкпірінде, шалғайдағы ауылдық жерлерде де балабақшалар бой көтеріп жатыр.  

Білім  беру  жүйесінің  мемлекет  межелеген  өлшемдер  мен  талаптарға  сай  Заңмен 

жұмысын  қарқындатып  отырған  жеке  меншік  балабақшалар  мен  шағын  орталықтар  жыл 

сайын  көбейіп,  жұмыс  жасап  жатыр.  Қажетті  құрал-жабдықтармен  толық  жабдықталған. 

Дене  шынықтыру, жүзу хауызы, заманауи үлгідегі компьютерлік құралдармен толық  

қамтамасыз етілді.  

   Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытуға  арналған  Мемлекеттік  жалпы  білім  беру 

стандарты, базистік оқу  жоспарлары, индикаторлар мен оның мазмұнын жүзеге асыратын 

"Балбөбек"  мектепалды    топтарына  арналған  оқу-әдістемелік  құралдар  дайындалып, 

тәжірибеге енгізілген болатын. Ал, кіші топтарға арналған "Алғашқы қадам", "Зерек бала", 

"Біз мектепке барамыз" сияқты арнайы бағдарламалары бар.  

   Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуда қарастырылатын негізгі мәселелерге 

тоқталып,  білім  мазмұнын  жаңартуға  ықпал  ететін  басым  бағыттар:  мектепке  дейінгі 

білімдегі 

дамытушылық, 

тәрбиелік, 

рефлекторлық 

дамытушылық, 

әлеуметтік, 

психологиялық  даму,  шағын  топтар  жүйесі,  гумандық  қарым-қатынас  жасау  мәдениеті, 

ұйымдастыру,  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестік,  басымдық  танытатын  әдісіне 



306 

 

306 



 

қарай  білім  беру  қажеттіліктері  мен  отбасының  сұраныстарын  қанағаттандыруға  қол 

жеткізді. 

   Аталған бағыттар осы заманғы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру үдерісінің 

жеке тұлғаға бағытталуын, әлеуметтік қызметтерді орындау үшін қажетті білім көлемі мен 

сипатын,  іскерліктері  мен  дағдыларын,  әдеттері  мен  жеке  дара  қасиеттерін  кәсіби 

құзыреттілік тұрғысынан қарауда басшылыққа алынуда. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  білім  мазмұнын  қалыптастыруда  инновациялық 

технологияларды пайдалану арқылы тәрбиешілердің шығармашылығын дамытуға баса назар 

аударып "шығармашылық" ұғымына және оны дамытудың кезеңдеріне сипаттама жасалды. 

Инновациялық технологияларды таңдауға, бағытын айқындауға, оқып үйренуге, жинақтауға, 

бағдарламасын жасауға, зерттеу жүргізу кезеңдері мен сапалық көрсеткіштерін белгілеуге, 

білім мазмұнының сабақтастығының сақталуына баса назар аударылды.  

   Саяси және экономикалық саладағы өзгерістер білім беру мазмұнын қайта қарау мен 

жаңаша ойлауды қажет ететінін, бүгінгі білім беру мазмұнының уақыт талабына сай өзгеруі, 

мектепке  дейінгі  тәрбие  жүйесіне  өз  әсерін  тигізіп  отырғаны  белгілі.  Ол  Қазақстан 

Республикасының  егемендік  алып,  тәуелсіз  мемлекет  болуы,  қоғамдағы  әлеуметтік 

жағдайлар,  балабақшалардағы  білім  беру  мазмұнына  өзгерістер  енгізу  қажеттілігі,  бұдан 

кейін жаңа жағдай заң жүзіндегі нормативтік-құқықтық құжаттардың өзгеруіне байланысты 

болатындығы дәлелденді.  

   "Ел боламын десең-бесігіңді түзе" дейді халық даналығы. Ел болашағы, ұлт жанашыры 

болатын  өскелең  ұрпақтың  қамын  ойлап,  сол  жолда  аянбай  еңбек  етіп,  тер  төгу-  біздің 

борышымыз.  

Дүние есігін ашып, тәй-тәй басқан шағында, мектеп табалдырығында, одан кейін үлкен 

өмірге  жолдама  беретін  оқу  орнының  қабырғасындағы  кезеңіне  дейінгі  бағыт-бағдары 

болатын білім ұйымдарының бүгінге талқыланар мәселелері де аз емес. 

   Хакім  Абай,  ұлы  тұлға  Мұхтар  Әуезов  сынды  жазушыларымыз  салып  кеткен  дара 

жолдардағы  педагогикалық  білім  жолы  ұлтымызға  мол  азық  болды.  Ақындарымыздың 

өлеңдері мен шығармаларын оқып, сусындап өскен ұрпақпыз. 

Алаштың  арда  туған  дара  тұлғаларының  ерлік  пен  өрлікке,  адалдық  пен  адамдыққа, 

рухани тереңдік пен ұлттық бірлікке үндеген терең ойлы, жалынды шығармалары әр баланың 

жүрегіне  жеткізіп,  бабаларымыздың  асыл  армандарын  сол  күйінде  жадында  жаңғыртып, 

санасында  сары  алтындай  қаттауымыз  керек.  Заманауи  білім  беруде  әлемдік  тұлғалармен 

және әлемдік тұлғалармен және олармен қатар тұра алатын қазақтың рухани көсемдерінің 

қанатты  ойлары,  дуалы  сөздері  арқылы  оқушының  намысын  оятып,  ақылын  алдаспанның 

жүзіне салып ұрып, дана ойдың тамшыларынан жинақталған тұнық суға батырып, санасына 

сәуле құйып, шын болаттай шыңдау керек. Сол кезде ғана өз-өзәне келген, білімді, өз ұлты 

үшін жанын құрбан ете алатын нағыз азаматтарды тәрбиелеп шығара аламыз.  

   Тәрбиелік  жұмыстардың  тақырыптары  мен  мазмұндары  жан-жақты  сараланып, 

балалардың  санасына  ең  тиімді  жолдармен  ықпал  ету  баіыттары  назарға  алынды.  Тәрбие 

сағаттарының негізгі тақырыптары бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер, яғни өркениеттің өрлеуі 

мен оның рухани тқрғыдан алғандағы құлдырауы, адамның жаратылғандағы мақсаты мен 

мына өмірдегі міндеті, оның рухани болмыс-бітімі мен жауапкершілігі, Отаны мен ата-ана 

алдындағы парызы мен қарызы, имандылық, шынайы адамгершілік пен өмір сүрудің мәні 

туралы болып жинақталады. 

Аудиожазбалар  мен  бейнебаяндар  қолдану  заманауи  білім  беру  үрдісінде  әр  баланың 

көру, есту, сезіну, түйсіну қабілеттерін бір мезетте іске қоса отырып, оның ішкі әлеміне ерікті 

түрде ықпал етіп, оң бағытқа қарай өзгеруіне әсер етуге болатынына көз жеткіздік. 

   Біздің ендігі мақсатымыз- мемлекетіміз белгілеп, жобалап жоспарлаған талаптар мен 

өлшемдер биігінен және жоғарыда аталған өзекті мәселелер мен маңызды шаралар шартынан 

шыға  алатын,  ұлттық  сипат  пен  ғылыми  негіздегі  іргелі  білім  мекемелерін  қалыптастыру 

және оларды бәсекеге қабілетті, ықпал ету потенциалы тегеурінді, таным түсінігі мен тәлім-

тәрбиесі  толыққан,  шынайы  тұлғалық  қасиетін  шыңдайтын  қауқарлы,  мәдени  әрі  ғылыми 


307 

 

307 



 

орта  мен  ео  экономикасын  алға  сүйреуші  нақтылы  пайдаға  жарайтын  ұрпақты  тәрбиелеп 

өсіру. 

   "Адамзат  үшін  21-ші  ғасыр-  жаңа  технологиялар  ғасыры  болмақ,  ал  осы  жаңа 



технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру- бүгінгі жас ұрпақтың 

еншісінде. Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында". 

Н.Ә.Назарбаевтың  осы  сөздері  бүгінгі  таңда  Қазақстанның  дүние  жүзілік  білім 

кеңістігіне енуіне қанаттандырады. 

Білім  саласындағы  ғасыр  талабы:  21  ғасыр.  Осы  орайда  әрбір  ұстаз  озық 

технологияларды  терең  талдаудан  өткізіп,  өзіне  тиімдісін  таңдауы  керек.  Сонау  20-шы 

ғасырдың  басында  Алаштың  тарланы  Ж.  Аймауытов:  "Сабақ  беру-  жай  үйреншікті  нәрсе 

емес, ол- жаңадан жаңаны табатын нәрсе" деген екен.   

"Сабақ-  оқытушының  педагогикалық  мәдениетінің  айнасы",  -  деп  А.  Сухомлинский 

айтқандай, ұстаз үшін ең негізгі мақсат- әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.Оны 

жүзеге  асырудың  бір  жолы-  заман  талабына  сай  ақпаратты  технологияларды  қолдану. 

Білімді, сауатты, рухани жан- дүниесі кең адамдар- 21- ші ғасырда адамзат дамуының негізгі 

күші.Ал, баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің 

кеңеюі балабақша қабырғасында қалыптасады. Бұл дегеніміз  - берген тәрбие мен білімнің 

сапалы болуы. 

   Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді: 

-оқушылардың 

ақпаратпен  жұмыс  жасау  іскерлігін  қалыптастыру  арқылы 

коммуникативтік  қабілеттерін,  ақыл-ойын,  танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту. 


- алған білімдерін тәжірибелік іс-әрекетте қолдануға үйрету. 

   Ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  педагогикалық  әдістемелік  негіздері 

қалыптасу  үстінде.  Балалардың  өз  бетімен  ізденісі,  пәнге  деген  қызығушылығы  артып, 

шығармашылық қабілеттері дамыды.  

   Білім- болашақ бағдары, кез- келген білім мекемесінің басты міндеттерінің бірі- жеке 

тұлғаның құзіреттілігін дамыту.  

Оқу  нәтижесінде  өзгермелі  жағдайда  меңгерген  білім,  білік,  дағдыны  тәжірибеде 

қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. 

   Ақпараттық технологияларды педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу баланың 

сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырып,  іс-әрекетке  деген  ынтасын  оятады.Өздігінен 

жұмыс  жасауға,  шешім  қабылдауға,  проблемалық  сұрақтарға  жауап  беруге,  өмірмен 

байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді. 

   Ақпараттық  технология  жағдайындағы  жалпы  оқыту  үрдісінің  функциялары:  оқыту, 

тәрбиелеу,  дамыту,  ақпараттық  болжамдау  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытумен 

анықталады.  

   Сонымен, оқушылардың білімдерін заман талабына сай жаңа әдістермен толықтырып, 

бағыт-  бағдар  беруші  -  біз.  Тәрбиеленушілерді  жаңа  тұрмысқа,  жаңа  оқуға,  жаңа 

қатынастарға бейімдейтін- біз. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену 

ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 



1/ Бала мен балабақша №7 2015ж. 

2/ Егемен Қазақстан № 131 (23255) 2015ж. 

3/ Заманауи әлемдегі ғылым мен білім. Қарағанды - баспа 2016ж. 

4/ Қазіргі заманғы ақпараттандырылған технологиялық білім. 1- том. 2014ж.  

5/ Қазақстандағы білім беру жүйесі. Республикалық ғылыми- тәжірибелік журнал. № 114 

2014ж. 


 

 


308 

 

308 



 

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Сағадиева Әсемжан Бейбітқызы 

«Бәйтерек» балабақшасы 

 

«Біздің  жас  мемлекетіміз  өсіп,  жетіліп,  кемелденеді,  біздің  балаларымыз  бен 



немерелеріміз  онымен  бірге  ер  жетеді.  Бүкіл  дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру 

мақсатында  қазіргі  кезде  Қазақстанда  білімнің  жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл  процесс 

педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде 

болып  жатқан  түрлі  бағыттағы  білім  беру  қызметіне  жаңаша  қарауды,  қол  жеткен 

табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін 

дамытудың,  мұғалім  іс-әрекетін  жаңаша  тұрғыда  ұйымдастыруды  талап  етеді»  -  деп  Н.Ә. 

Назарбаев айтқандай үздіксіз білім беруге көшіп,  жаңа технологияларды қолдану, оларды 

жүзеге асыру біздің алдымызда тұрған басты міндетіміз. [2] 

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы»  Заңында:  «Білім беру жүйесінің басты 

міндеті  -  ұлттық  және  жалпы  азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 

негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 

қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді  ақпараттандыру, 

халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан 

әрі дамыту міндеттерін көздейді. 

Бұл  міндеттерді  шешу  үшін,  мектепке  дейінгі  ұжымдарының,  әр  тәрбиешінің 

күнделікті  ізденісі  арқылы,  барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру,  өзгерістерге  батыл  жол 

ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.Сондықтан да 

қазіргі кезде әр тәрбиеші өз іс -әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі 

мағлұматтарды жаңа әдіс  - тәсілдерді  дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі  керек. 

Сонымен  қатар  балабақшадағы  оқу  -  тәрбие  жүйесі,  тәрбиеші-бала  арасындағы  қарым  - 

қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр. 

«Бала  –  болашағымыз  десек»,  сол  балаға  жүйелі  білім  беріп,  ынта-ықыласын  дұрыс 

бағыттауды,  қабілет-қасиеттерін  дамытуды  балабақшадан  бастауымыз  керек..  Еліміздің 

өркен  жайын  кеңге  сермеуі  үшін  басты  мәселе  жас  ұрпақтың  білімді  де  тәрбиелі  болып 

жетілуі екені белгілі.Келешек - ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлденетер, 

мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын 

қалайтын киелі ұя – балабақша. «Аулына қарап, азаматын таны», дейді халық даналығы. Жас 

ұрпақтың иманжүзді, білімді азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар 

алтын  ұясы  және  қоршаған  ортасына  байланысты.  Балабақша  -  бұл  бала  тұлғасы  мен 

санасының қарқынды дамитынқұнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы 

тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.[3] 

Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «әр адам - өз заманының баласы». Сәбиді есті, 

саналы,  сергек  етіп  тәрбиелеу  отбасы  мен  қоғамдық  тәрбие  орындарының  бірден  бір 

парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-

мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы 

болып  отыр.  Балалар  мен  педагогтардың  іс-әрекетінің  жемісті  болуын  қамтамасыз  етіп, 

ұжым  шығармашылық,  ізденіс  үстінде  үнемі  болуына,  заман  талабына  сай  бағыт-бағдар 

болуы  керек.  Осы  тұрғыдан  Қарағанды  қаласындағы  «Бәйтерек»  балабақшасы  оқу-тәрбие 

жұмыстарын  жүргізіп  жатыр,  ұжымның  алдына  оқу-тәрбие  процесінің  жан-жақты  ізденіс 

жұмыстарының жүргізілуімен қатар, жалпы балабақшада жүргізілетін іс-шаралардың сапалы 

болуына  байланысты  ізденіс  жұмысы  үнемі  жүргізіліп  отырылуы  алға  қойылды.біздің 

педагог - тәрбиешілер  балаларды тәрбиелеуде қолданатын тиімді технологияларды кеңінен 

пайдаланады, атап айтсақ: 

-Дамыта оқыту технологиясы; 

-М.Монтессори технологиясы; 

-Ойын технологиясы. 



309 

 

309 



 

Осы  технологияларды  негізге  ала  отырып  күнделікті  оқу  қызметінде,  ұйымдастылырған 

ашық оқу қызметінде, сондай –ақ мерекелік ертеңгіліктер, ойын-сауықтарды үнемі жүргізіп 

отырамыз.[4] 

Дамыта  оқыту  технологиясымен  негізін  салушылар  мен  зерттеушілерді  атап  айтар 

болсақ, В.Давыков, В.Занков, В.Эльконин мақсаттары: баланың жалпы жан дүниесін, және 

оның  сезіміне  әсер  етіп  логикалық  ойлауын  дамыту.  Сөздік  қормен  сөйлеу  мәдениетін 

қалыптастыру. 

 

Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға  дайын күйінде 



емес,  бала  мен  бірлесіпіс-әрекетін  ұйымдастыра  отырып  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін 

сөздік  қоры  мен  тілдің  арасындағы  байланысқа  көңіл  бөлуі  қажет.  Дамыта  оқытудың 

технологиясының тиімді әдістерін кеңінен пайдалануға болады. 

Монтессори  технологиясының  негізін  қалаған  М.Монтессори  мақсаты:  Балалардың 

қоршаған  әлемге  қызығушылығын  туғызу  және  оны  зерттеуге  ұмтылдыру.  Сауалдар  қою 

және оларға жауап іздеп табу. 

Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы 

түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан  келгенде қалай жүргізу 

керек,  қалай  ұйымдастыру  керек  деген  мәселе  күн  тәртібінен  түспейтіні  ақиқат.  Адамзат 

өміріне  тәрбие  мәңгілік  категория  болса,  онда  ұйымдастыру,  жүзеге  асыру  ешбір  кезде 

ескірмейтін,  қайта  уақыт  озған  сайын  жаңарып,  жасарып,  әрбір  кезеңнің  талабына  лайық 

жетіліп  отыратын  құбылыс.  Өмірге  шыр  етіп  келген  нәрестенің  сәбилік  шағынан  бастап, 

қажетті деп танылатын адамгершілік сапаларды меңгерту ойынға байланысты. 

Ойын технологиясы - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны

өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. 

Әрине,  тек  көру,  байқау  арқылы  емес,  тікелей  араласып,  іс-әрекетке  көшіп,  нақты  қарым-

қатынас  барысында  біледі.  Мұны  ұғынуда  ойын  шешуші  мәнге  ие  болады.  Былайша 

айтқанда,  түрлі  заттар  мен  құблыстарды,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  баланың 

білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау 

алады  да,  оның  ұшығы  болашақ  өмірінде  жалғасын  табады.  Халқымыз  ойындарды  тек 

балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың 

көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балаларды 

ұйымшылдыққа үйретеді. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, 

«Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан да ұқсас болады» - А.С. 

Макаренко  осылай  жазыпты.  Сондықтан  келешек  қайраткер  азаматты  тәрбиелеу  алдымен 

ойыннан  басталады.  Ойынның  негізгі  ерекшелігі  -  ол  балалардың  қоршаған  ортаны  - 

адамдардың  қимылын  іс-әрекеттерін,  олардың  бала  қимылынан  туған  жағдайдағы  қарым-

қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл 

атқарады.  Сөйлесе  жүріп,  балалар  пікірлесіп,  әсер  алысуы,  ойынның  түпкі  ниетімен 

мазмұнын анықтайды. [1] 

Бала  ойын  ойнағанда  өмірінде  көрген-білгенін  өзіне  ұнаған  адамның  іс-әрекетіне 

еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық 

жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. 

Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, 

сен  үлкенсің,  мен  көмектесіп  жіберсем,  бәрінде  өзің  істей  аласың  деп,  сенім  білдіре 

тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана сезімі 

мен іс-тәжірибесінің молдығында ғана. 

Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай 

қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала 

үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. 

Мысалы, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. 

Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, 

қайырымды  болып  өсуі  қоршаған  ортасына,  үлкендерге  байланысты  екені  мәлім.  Бала 



310 

 

310 



 

өмірінде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, үлкендердің 

көрсеткен үлгі-өнегесі қандай дәрежеде болса, балалар да тәлімде соны айқын бейнелейді. 

Ойын  –  адамның  өміртанымының  алғашқы  қадамы.  Сондықтан  ойын  арқылы  балалар 

өмірден  көптеген  мәліметтер  алып,  білімін  жетілдіріп,  өз  қажетін  қалай  қанағаттандыра 

алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көрсетеді. Ойының ережелері ойнаушыладың 

қисынды  ой  қабілетінің  бір  -  біріне  деген  сыйластық  қажеттіліктерімен  санасуы  әр 

ойыншының  жеке  әрекетінен  туындайды.  Ойынның  басты  шарты  жеңіске  жету  болса,  әр 

ойыншы  ол  қарсы  мүмкіндігімен  санасып,  бір-біріне  деген  сенімін  арттырады.  Ойынның 

негізгі  мақсаты  -  баланы  қызықтыра  отырып  білімді  берік  меңгерту  болса,  тәрбиешінің 

міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой 

белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол 

жеткізу.  Дұрыс  ұйымдастырылған  ойын  әрекеті  балалардың  өзара  қарым-қатынасын 

дамытумен  бірге  мұқтаждықтарын  қанағаттандыратын  істерді  жүзеге  асыруға 

дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды 

Заман  өзгерген  сайын  әдіс-тәсілдер  көбейіп,  жаңарып,  толығып  отырады.  Біздің 

заманымыз  жаңа  технология  мен  компьютер  заманы.  Соңғы  жылдары  біздің  өмірімізге 

түбегейлі  өзгеріс  енгізді.  Сонымен  бірге  педагогтың  де  рөлі  өзгердіМемлекеттік  білім 

стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді 

өз  міндетімізге  алып  отырмыз.  Сондықтан  оқу-тәрбие  үрдісіне  жаңа  инновациялық  әдіс-

тәсілдерді  енгізу  бағытында  бақша  ішіндегі  іс-шараларды  бейне  таспалар  арқылы 

тамашалауға  мүмкіндік  жасалады.  Тәрбиеленушілердің  білімге  деген  қызығушылығын, 

талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге,  шығармашылық  еңбек  етуге жол  салу да жас 

ұйымның  алдына  қойған  мақсаттарының  бірі.  Балалар  мен  педагогтардың  іс-әрекетінің 

жемісті  болуын  қамтамасыз  етіп,  ұжым  шығармашылық,  ізденіс  тәртібінде  жұмыс  жасап 

келешек ұрпақты өмір талабына сай тәрбиелеп білім беріп, ал ең бастысы дені сау, рухани 

азамат дайындап жатырмыз. 

 

Еліміздің  болашағының  тізгінін  ұстар  тұлғаның  бойына  білімнің  нәрін,  тәрбиенің 



иісін сіңіруіміз қажет. Қазіргі талап жан-жақты үйлесімді  жетілген жаңа адамды тәрбиелеу.  

Балабақша  мен  ата-аналар  ынтымақтаса  жұмыс  жүргізсе,  баларға  тиісті  көңіл  бөліп, 

келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтарын тәрбиелеп шығаруымыз сөзсіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет