Қазіргі заманғы физика



бет2/3
Дата16.12.2023
өлшемі296,5 Kb.
#140009
1   2   3
Байланысты:
120587620979 №14 дәріс Қазіргі заманғы физика

XIX-XX ғғ. физикамен үш мыңға жуық адам айналысқан. I Халықаралық конгресте 1901 жылы Парижге үш жүзге жуық оқымысты келген. Олардың көбі жастар еді. Коперник ол кезде 70 жаста болар еді, Галилей мен Ньютон 45 жас шамасында еді. XX ғ. жаңа физиканы құрушылар Резерфорд, Эйнштейн, Бор 30 жас шамасында еді.

Осы кезеңде пайда болған жаңа ғылымды классикалық физика кезеңінде тәрбиеленген орта және кәрі жас қауым қабылдай алмай жатты. XIX-XX ғғ. ғылыми төңкеріс алдына физика мен техниканың қатынасы туралы сұрақты жаңадан қойды. Осы кезде техника – қолданбалы физика екені тұжырымдалды. Физика жаңа техника салаларын және жаңа техникалық мүмкіндіктерді аша бастады. XX ғ. физиканың негізгі жетістігі болып ғылыми аспап жасау еді.

Жаңа төңкерістің құрылуымен ғылымның «әріптестігіне» алып келді. Жалғыз басты оқымыстылар енді бірігіп жұмыс жасай бастайды. Бұл процесс XIX ғ. ортасында ғылыми институттар негізі салынғанда басталған еді (мысалы, Англиядағы Кавендиш зертханасы, Германиядағы физика-техникалық институт).

Аздаған оқымыстылар топтары да ғылымда жетістікке жетуге жеткілікті болмады, басқа да сала мамандарымен жұмыс жасау қажет болды. Осылайша, үлкен ғылыми коллективтер пайда бола бастады, бұл әсіресе XX ғ. ортасындағы көптеген ашулар жасалған уақытқа тиесілі.

XIX-XX ғғ. ғылыми төңкеріс ғылыми зерттеулердің әдістерін іске асыру туралы айта кету керек. Сонау Архимед заманынан-ақ алғашқы ғылым жетістіктері соғыс, әскери облыстарда қолданыс тапқан, өкінішке орай сол жетістіктердің кесірінен миллиондаған адамдар көз жұмды. Осы жағдай XX ғасырларда көрініс тапты, әсіресе ғасырдың екінші жартысында бүкіл адамзатты жоюға қабілетті ядролық қару ойлап табылған соң да адамдардың өліміне әкеп соқты (Херосима, Нагасаки және өзіміздің Семей полигоны).

Нобель барлық ашулар тек тыныштық, татулық үшін болса екен деген арманы орындалмауы да мүмкін, яғни жаңағы әскери қарулар барлық мақсатта да қолданыс табады. Бұл ғылымның дамуының логикасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет