Қазіргі заманғы инновациялық технологиялар



бет1/5
Дата16.10.2023
өлшемі464,06 Kb.
#115620
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 6


ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Қазіргі ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі.
Қазіргі мұғалім:
-Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
-Педагогикалық өзгерістерге тез икемделгіш;
-Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
-Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
-Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті. Ол бүгінгі оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келеді. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет, себебі мемлекеттік білім стандарты оқу үдерісін Сондықтан оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін оқыту барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізеді.
Э. Роджерс: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» – дейді.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Ожегов сөздігінеде-инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Қазақстанда алғашқы Н.Нұрахметов «Инновация, инновациялық үдеріс– білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі». Нұрахметов инновацияны- қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөлді: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (білім беру мекемелерін толық қамтитын).
Бұл əдістеменің негізінде оқушының дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің ІV кезеңін бөлінеді:
I кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру жəне инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу-тəрбие үдерісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.
ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық əдіс-тəсілдерді пайдалану.
IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу-тəрбие үдерісінде енгізілген жаңалықтардың нəтижесін бағалау.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
-оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
-оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогокалық негізгі қағидалары: оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; оқушының танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; оқушының өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; оқушының танымдылық жəне шығармашылық икемділігін дамыту; оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Білім берудің инновациялық əдістері мен түрлерін модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік жəне сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
 
Оқытудың инновациялық əдістерінің топтары:
- Қатысушы саны бойынша;
- Ұйымдастыру жері бойынша;
- Оқу-танымдық қызметі бойынша;
- Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша;
- Компьютерді қолдану принципі бойынша.
Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нəтижесіне қарай екі түрге бөлінеді:
-білім беру жүйесіндегі инновациялар;
-оқу тəрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.
Қазіргі уақытта оқу процесі үнемі жаңартуды қажет етеді, приоритеттері мен әлеуметтік құндылықтар өзеруімен байланысты. Сондықтан да қазіргі жағдайда мамандықтарды даярлауда түгелімен ЖОО оқытудың стратегия және тактикасын өзгерту қажет-ЖОО бітірген түлектің ең басты мінездемесі оның құзіреттілігі мен ұтқырлығы болып табылады.
Оқудың интерактивті формаларын енгізу қазіргі заманғы университетте болашақ мамандарды даярлауды жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Оқушылар оқу үрдісіне белсене қатысу арқылы зерттеген материалды оңай түсінеді және есте сақтайды.
Осыған орай, негізгі әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты.

Оқудың инновациялы интерактивті формаларының мақсаттары:
- оқушылардың қызығушылығын ояту;
- оқу материалдарын тиімді меңгеру;
- студенттерді оқып-үйрену міндеттерін шешу жолдарын және нұсқаларын өз бетімен іздестіру (ұсынылған нұсқалардың біреуін таңдап алу немесе өз таңдауыңызды табу және шешімді негіздеу);
- студенттер арасында әсер етуді орнату, командада жұмыс істеуге үйрету, кез келген көзқарасқа төзімділік таныту, әрбір адамның сөз бостандығына деген құқығын құрметтеу, оның қадір-қасиетін құрметтеу;
- оқушылар арасында пікір мен көзқарас қалыптастыру;
- өмір мен кәсіби дағдыларды қалыптастыру;
- студенттің саналы құзыреттілігінің деңгейіне жету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет