Интерактивті сабақта жұмыс істеу принциптері: - сабақ тек дәріс емес, жалпы жұмыс
- барлық қатысушылар жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тәжірибесіне, жұмыс орнына қарамастан тең.
- әрбір қатысушы кез келген мәселе бойынша өз пікірін айтуға құқылы.
- жеке тұлғаны тікелей сынауға орын жоқ (тек идея сынға ұшырауы мүмкін).
- сабақта айтылғандардың бәрі іс-әрекетке арналған нұсқаулық емес, рефлексияға арналған ақпарат.
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа мəселені шешеді.
Топтау
Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.
Бағалау
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.
Білім жүйесінің түсініктері.Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда белгілі. Оларға төмендегілер кіреді.
- білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының кредиттік оқу жүйесіне көшуі;
- білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;
- мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастыруды, яғни оқушы тек тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі.
Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жүйесі пайдаланылады.
Интерактивті сабақты өткізу алгоритмі:
Сабақты дайындау: Фасилитатор (куратор, мұғалім) тақырыпты, жағдайды, анықтамаларды (барлық терминдер, тұжырымдамалар және т.б. барлық оқушылармен бірдей түсінілуі керек) таңдап, осы тақырыппен жұмыс істеу үшін тиімді болуы мүмкін интерактивті әдістер ұстанады.
Кіріспе: Сабақтың тақырыбын және сабақтың мақсаты айту.
Негізгі бөлім: негізгі бөліктің ерекшеліктері интерактивті сессияның таңдалған формасы бойынша анықталады
Қорытынды (рефлексия). Рефлексия білім алушылардың эмоциялық әсерлерінен басталады, рефлексиялық талдауының екінші кезеңі бағалау болып табылады. Рефлексия мұғалімнің жалпы қорытындыларымен аяқталады.