Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде
1.Қазіргі заманғы педагогикалық технология пәнінің объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары” термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.
“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді :
білім берудің мазмұны;
педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;
педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;
- оқытудың мақсаты;
Педагогикалық технологияның міндеттері - технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;
- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;
- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.
- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;
Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:
оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық тіз бек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;
білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет;
оқытудың белсенді әдістерін басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;
оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;
оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қажет
ойын арқылы оқыту технологиясы;
проблемалық оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту;
деңгейлік саралап оқыту;
дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
модульдік оқыту.
Педагогикалық технология—оқытудың жоспарлы нәтижесі, процесін суреттеу және педагогикалық технология—педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі жиынтығы мен ретінде жұмыс істеу.
Педагогикалық технологияның мәні тұлғаның дамуы мен өзін- өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі деп көрсетеді. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениет танушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бірі мәдениет түрлерін, екіншісі «ел мәдениетіне енгізу» дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.