3. Спиральдік модельді қолданылуда пайда болатын мәселелер.
1. Әрбір итерация жаңа программалық қамсыздандырудың итерациядан итерацияға өткен сайын жетілдірілетін нұсқасын шығаруға бағытталған жасаудың аяқталған циклін анықтайды. Спиральдік моделькаскадтық модельден ақпараттық жүйені жасауда өмірлік циклдің талдау және жобалау деп аталатын бастапқы кезеңдеріне көп көңіл бөлінетін итерациялық процесті қолданумен ерекшеленеді. Бұл кезеңдерде техникалық шешімдердің дұрыстығы тексеріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі прототиптердің жасалуы көмегімен орындалады.
Демек спиральдың әрбір айналымы программалық өнімнің фрагменті немесе версиясының жасалуына сәйкес келеді. Онда жобаның мақсаты мен сипаттамасы нақтыланып, оның сапасы анықталады және спиральдың келесі айналымына сәйкес әрекеттер жоспарланады. Әр итерация орындалған сайын жобаның қарастырылуы тереңдетіле түседі және бөліктері біртіндеп нақтыланады. Нәтижесінде толық әрі негізделген нұсқа таңдалып соңына дейін жүзеге асырылады. Спиральдік модельдің қолданылуы жобалаудың орындалуының келесі кезеңіне алдыңғы кезеңді аяқтамай өту мүмкіндігін береді, яғни аяқталмаған жұмысты келесі итерация кезінде жасауға болады. Әр итерацияның басты міндеті – жүйені қолданушыларға көрсетуге болатын, сапалы жұмыс істей алатын программалық өнімді мүмкіндігінше тез жасау. Демек, жобаны жасауда оны нақтылау және толықтырулар енгізу процесі неғұрлым қарапайымдала түседі.
2. Программалық қамсыздандыруды спиральдық модель тұрғысында жасау каскадтік модельдің кемшіліктерін жою мүмкіндіктерін береді. Сонымен қатар спиральдік модельдің жасау процесін неғұрлым икемді болуын қамсыздандыратын қосымша мүмкіндіктері бар:
Жасау кезіндегі итерациялық процесс тапсырыс берушінің талаптары өзгерген жағдайда жобаға өзгеріс енгізуде жеңілдіктер жасайды;
Спиральдік модельді қолданғанда ақпараттық жүйенің жекеленген элементтері біртіндеп интеграцияланып біртұтас болады. Әрбір итерация кезінде интеграция үздіксіз орындалып отырады. Интеграция элементтердің аз санынан басталатын болғандықтан, оны жүргізуде көп қиындықтар пайда болмайды.
Тәуекелдік деңгейінің азаюы. Бұл жетістік алдыңғы жетістіктің нәтижесінде пайда болады, себебі тәуекелділік интеграция кезінде анықталады. Сондықтан тәуелділік деңгейінің максимум мәні жобаның басталу кезеңімен сәйкес болады. Жұмыс барысында тәуекелділік деңгейі азаяды. Бұл тұжырым жасаудың кез келген моделі үшін қолданыла алады. Дегенмен спиральдік модельді қолдануда тәуекелділік деңгейінің кемуі басқа модельдерге қарағанда неғұрлым жылдам орындалады. Мұның себебі - интеграциялық тұрғыда қарастыруда интеграцияның алғашқы итерациядан бастап орындалуында, оның нәтижесінде қолданылған құралдар мен программалық қамсыздандырудың сенімділігі және орындаушы мамандардың біліктілігі, т.б. тексеріліп негізделеді және жоба нақтылана түседі.
Жасау кезіндегі итерациялық әдіс жобаны басқаруда икемділікті қамсыздандырып, жасалып жатқан өнімге өзгеріс енгізу әрекетінің жеңіл орындалуын анықтайды. Мысалы, жүйенің функционалдылығын азайту немесе кейбір құрылымдық бөліктер ретінде басқа фирмалардың дайын өнімдерін қолдану есебінен жасау мерзімін қысқарту;
Жасаудың итерациялық әдісі компоненттерді бірнеше рет қолдану мүмкіндігін береді. Мұнда жобаның жасалған ортақ бөліктерін анықтап алып, программалаудың компоненттік тұрғыдағы әдісін жүзеге асыруға болады. Жобаны бастапқы итерациялардан кейін талдау нәтижесінде бірнеше рет қайталанатын ортақ бөліктерді жекеленген компонент түрінде бөліп алып, келесі итерацияларда жетілдіріп отыруға болады;
Спиральдік модель неғұрлым сенімді және тұрақты жүйені жасау мүмкіндігін береді. Мұның себебі әрбір итерация кезінде барлық қателерді анықтау және жөндеу нәтижесінде жүйе жетілдіріліп дами түседі. Сонымен қатар бір мезгілде мұнда жобаның тиімділігінің параметрлері әр итерация сайын анықталып және жөнделіп отырады. Ал каскадтық модельде мұндай әрекеттер жүйенің ендірілуі алдында ғана орындалады;
Жасауды итерациялық тұрғыда қарастыру жасау процесін жетілдіріп отыру мүмкінідігін береді. Әрбір итерация соңында орындалатын талдау кезіндегі бағалау әрекеті келесі айналымда жөнделуі және жетілдірілуі қажетті бөліктерді анықтау мүмкіндігін береді.
3. Спиральдік модельциклінің негізгі мәселесі - келесі кезеңге өту моментін анықтау. Бұл мәселені шешу үшін өмірлік циклдің әр кезеңіне уақыттық шектеулер енгізу қажет. Кері жағдайда жасау процесі шексіз орындалып жетілдірілетін болады. Сондықтан әр кезеңге уақыттың бөлінуі, әр итерацияның аяқталуы жоспар негізінде болуы тиіс. Әдетте жоспарлау үшін бұрынғы жұмыс кезіндегі тәжірибелік мәліметтер және программалаушы мамандардың жеке тәжірибелік біліктілігі негіз болады.