Ќазтўтынуодаєы


Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару



бет3/29
Дата04.10.2022
өлшемі326,5 Kb.
#41319
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындау әдістемесі:

  • аталмыш тапсырмаларды орындауды аталмыш тақырып бойынша дәріс материалын қайталаудан кейін ғана бастауға болады;

  • есептерді шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу;

  • шығару жоспарын ойластыру;

  • есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;

  • формулаға кіретін шамалардың мағынасына тағы бір рет үңілу;

  • шығаруды алдымен жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін әріптік шамалардың сандық мәндерін қою керек;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем бірліктерін көрсету;

  • дұрыс шешімге талдау жасау.

Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін меңгеру дәрежесін бағалау үшін колоквиум өткізіледі.
Осыдан шығатыны:

  • коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек;

Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

  • бакалаавриаттың ағымдық үлгерімін тексеру;

  • топ бакалавриаттарының дайындығын анықтау;

  • үлгерімділігі нашар тыңдаушылармен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып, мыналарды жүзеге асыруы қажет:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу;

  • теориялық материалды, аталмыш тақырыптағы негізгі формулалар мен есепті шығару әдістерін ойға түсіру;

  • оқулықта талданған есептер мен мысалдарды, және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарастыру,

Егер студент бірінші дәрістен бастап, өткен материалмен жүйелі түрде жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық тудырмайды және ол көп уақытты алмайды.
Жобаны орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу керек.
Тапсырманы орындау тәртібі:

  • тапсырманы орындауға өзіндік жұмыс графигімен бекітілген мерзімнен кеш кіріспеу керек;

  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына оралып, толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу керек;

  • осыдан кейін де қиындықтар болса, онда оқытушыға қосымша сабақтарға келу керек;

  • алынған шешімге талдау жасау,

  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережелерін тексеріп, кейбір мәліметтердің өзгеруі жағдайындағы шешімді ойластыру;

  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

  • тапсырма графикпен бекітілген мерзімнен кеш қорғалмауы керек, өйткені ол академиялық берешек болып саналады.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт айтарлықтай шектелген болғандықтан, өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға үйреніп, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылып, тәжірибе алып, тиімді түрде жұмыс істеп және жұмысқабілеттілігін сақтау үшін саналы түрде демалу керек. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның тыңдаушылардың өзіндік жұмыс әдістемесіне үйрету жауапкершілігі артуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет