Жүргізуші: QS рейтингіне анықтама бере кетіңізші, бұл қандай рейтинг?
Гүлшарат Салауатқызы: QS рейтингтің негізін салушы Quacquarelli Symonds деген адамның атымен аталады. ЖОО қызметін бағалау институты деп те атауға болады. Оқу бағдарламаларын бағалайтын QS by subject, сонымен қатар түлектердің қаншалықты пайызы жұмысқа орналасты, басқа ЖОО-лармен салыстырғанда, қандай нәтиже көрсетті, соны бағалайтын QS employability деген рейтинг бар. Бұдан өзге дамушы елдерге қатысты, сондай-ақ Орталық Азия ЖОО-лары арасында жүрзізілетін рейтинг жұмыс істейді. Биыл осы Орталық Азия елдері бойынша бағаланатын рейтингте ҚазҰУ 16-орында, ал жұмысқа орналасу жөніндегі рейтингте 201 орындамыз. Университет түлектерінің жұмысқа орналасу үлесіне байланысты түзілетін көрсеткіште 50-орындамыз. Мұны былай түсінген жөн, мысалы QS рейтингіне әлемнің 1500 университеті қатысады салыстырмалы түрде айтқанда, сол әлемдегі 1500 университет ішінде 175-орындамыз.
Жүргізуші: Әлия Өмірбекқызы, біздің білім беру жүйесі жалпы бәсекеге қабілетті ме?
Әлия Өмірбекқызы: Біз сөз етіп отырған жетістіктердің алды деп, ЖОО білім беру бағдарламалары жүйесін жүзеге асыру арқылы түлектерді даярлап, еңбек нарығына қосуды айтуға болады. Біз айтып өткен QS рейтингі 6 индикаторының көрсеткіші өздігінен пайда бола қоймайды. Рейтингтің көрсеткіші университеттің басты қызметі оқу бағдарламаларының сәтті іске асуынан хабар береді. Яғни, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі пәндер мен модульдердің жиынтығы деп айтуға болады. Сондай-ақ, оқу мерзімінде оқытылатын пәндер ғана емес, оқу нәтижелеріне жету барысындағы ғылыми-тәжірибелік рәсімдердің де ықпалы зор. Мәселен, практикалар, тағлымдамалар осы оқу бағдарламаларының қорытындысы ретінде көрсетіледі.
ҚазҰУ-дың оқу бағдарламалары әлемнің алдыңғы қатарлы еуропалық болсын, АҚШ болсын, сан ғасырлық тарихы бар шығыстық Жапония мен Қытай болсын, бәрімен бәсекеге қабілетті. Өйткені, Болон процесіне байланысты сыртқы акредитациядан өтудің жоғары талаптары бар, демек, барлық оқу бағдарламалары әлемдік стандарттарға сай деп айтуға болады. Оқытылатын барлық пәндер халықаралық оқу стандарттарына сай келеді, біз қай жағынан алсақ та бәсекеге қабілеттіміз.