ҚАЗҰУ Әлемдік qs рейтингінде 175-орында: білім ордасының ТӘжірибесі


Жүргізуші. Отандық рейтингтер туралы да білгіміз келеді. Бізде қандай рейтинг бар? Гүлшарат Салауатқызы



бет5/6
Дата31.01.2023
өлшемі63,22 Kb.
#63943
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚАЗҰУ ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ 175-ОРЫНДА

Жүргізуші. Отандық рейтингтер туралы да білгіміз келеді. Бізде қандай рейтинг бар?
Гүлшарат Салауатқызы: Біздің елімізде бірнеше рейтинг жұмыс істейді. Соның ішінде Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі (ресми тілде НАОКО, IQAA-Ranking), одан кейін Акредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) деген ұйымдар отандық ЖОО-ның рейтингін анықтайды. Біз – отандық тәуелсіз рейтингтерге 10 жылдан аса қатысып келе жатырмыз. Үнемі бірінші орында екенімізді қуанышпен айта аламыз. Біздің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көпсалалы университетке жатады. Осы көпсалалы оқу ордалары арасында әрдайым көшбасшылық позициядамыз. Оның нәтижесі, дәлелі ретінде түлектеріміздің қайда қызмет етіп жатқаны айтылса, со да жеткілікті. Өйткені, ҚазҰУ-дың түлектері қашан да жоғары сұранысқа ие, ал оқу бағдарламасының сапасын сараптап бағалайтын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы оқу бағдарламаларының рейтингісін жасайды. Ұлттық палатаның бұл рейтингісі жаңадан дамып, жетілу үстінде. Әрине, оқу ордасы тек халықаралық стандарттарға жауап беруі керек деген ұғым жоқ, сондықтан біз отандық стандарттар талабына қашан да сай болуға тиіспіз. Осы мақсатта үнемі факультет, кафедраларда оқу бағдарламасының жай-күйін талдап, сараптамадан өткізіп отырамыз.
Жүргізуші: Отандық жоғары оқу орындарымен байланыс қалай, бірлесіп жұмыс істейсіздер ме?
Гүлшарат Салауатқызы: QS агенттігі қазақстандық жоғары оқу орындарымен жұмыс істеуге мүдделі. Былтыр осы мақсатта 10 ЖОО бірлесіп консорциум құрды. QS агенттігі отандық ЖОО-лардың Қазақ ұлттық университетінің деңгейіне көтерілгенін қалап отыр. Жаңадан құрылған консорциум өзінің мақсат-міндеттерін айқындап алды. Жалпы, біз жинаған тәжірибемізбен бөлісуіміз керек, егер QS сынды халықаралық рейтингтерде отандық ЖОО саны көбейетін болса, оның өзі Қазақстанның әлеуетінің жоғарылағанын көрсетеді.
Әлия Өмірбекқызы: ЖОО-лардың ішінде ҚазҰУ көшбасшы университет екенін білесіздер. Оқу-әдістемелік тұрғысынан айтар болсақ, бізде республикалық оқу-әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Бұл кеңестің негізгі міндеті әр түрлі бағыттағы гуманитарлық, әлеуметтік, педагогикалық және т.б. бағыттар бойынша оқу-әдістеме жұмыстарын үйлестіру. Бұл жерде жекелеген оқу бағыттары бойынша жекелеген оқу бағдарламаларының ортақ нәтижесі жасалады. Өздеріңіз білесіздер, елімізде барлық ЖОО-ға академиялық еркіндік берілген. ЖОО-лардың негізгі базалық пәндерді оқыту міндеті болады, сондай-ақ өзінің оқыту компоненті деген бар, тиімді түрде нәтижеге жетуге тырысады. Республикалық бұл кеңес оқу процесіне қатысты барлық іс-шараларды жүзеге асырады, яғни оқу құралдары, оқулықтар және т.б. кеңестің сараптамасынан өтеді. Сөйтіп барып тұтынушыға жол тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет