ҚАЗҰУ Әлемдік qs рейтингінде 175-орында: білім ордасының ТӘжірибесі



бет3/6
Дата31.01.2023
өлшемі63,22 Kb.
#63943
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Гүлшарат Салауатқызы: Әлия Өмірбекқызының пікіріне қосатыным, QS by subject рейтингі оқу бағдарламалары бойынша бағаланатын рейтинг. Осы рейтингте біздің оқу ордасы 4 пәндік сала, 16 бағыт бойынша маман дайындаудың 20 бағыты негізінде өте жоғары нәтиже көрсеттік. Осы рейтингте біздің университет 62 орында тұрмыз. Бұл рейтингке әлемнің 1500 университеті қатысады, солардың ішінде 62- орындамыз. Бұл жерде QS by subject-те 4 кретерий негізінде, академ сарапшылардың бағасы, жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша сарапшылар пікірі, ғылыми мақалалар саны және Хирша индексі бойынша бағаланады. 20 бағыт бойынша аз көрсеткіш емес, бұл рейтингте де ҚазҰУ Орталық Азиядағы және ТМД кеңістігінде жалғыз университетпіз.
Жүргізуші: Еуропарламент өкілдерімен болған кездесуде ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы: «QS stars system rancing-те ҚазҰУ 5-жұлдызды артықшылық белгісіне ие болды. Мұндай белгіні жеңіп алған Орталық Азиядағы жалғыз оқу ошағы біздің университетіміз», – деді. Осы туралы толығырақ айтып берсеңіз?
Гүлшарат Салауатқызы: QS халықаралық рейтингісінің бір номинациясы. Басында 1, 2, 3 одан 4 жұлдызды жеңіп алдық, 2021-жылы 5 жұлдызға ие болдық. Басқа рейтингтерден бір ерекшелігі, мұнда оқу орнын 13 критерий бойынша бағалайды. Артықшылық жұлдызы ғой, сондықтан жан-жақты сараптап баға береді. Мысалы, ғылымға, білімге қаншалықты көңіл бөліп отыр, білім ордасының қоғамдағы алып отырған рөлі қандай, тіпті студенттің мәдениеті қандай деңгейде, соған дейін бағалайды. Әріптесім атап өткендей, әр жоғары көрсеткіштің артында бүкіл ұжымның толайым еңбегі тұр және ол бір жылғы емес, екі жылғы емес, бірнеше жылғы төккен тердің жемісі. Қара шаңырақ оқу ордасы QS рейтингісінің талаптарын талдап, саралап келе жатқанына 10 жыл болды. Біз даму үстіндеміз, әр критерий бойынша қандай жетістікке жеттік, қандай кемшілігіміз бар, соны факультет, кафедра деңгейінде талқылаймыз. Алда бұдан да биік белесті бағындыру үшін талмай еңбек етеміз.
Жүргізуші: 5-жұлдызды жеңіп алу да оңай емес қой?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет