281
мен жауыздармен шаиқасатыны туралы сюжеттер өте ерте заманда туған
деп есептеледі жэне жанрлық сипаты бойынша олар хикая болады. Ал,
осы «Орақты батыр» жырында тарихи факті, немесе оқиға бар ма? — де-
ген мәселеге келер болсақ, ол байқалмайды. Рас, Балпық пен Ескелді би-
лер бар жырда. Олар - ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген қайраткерлер, жалайыр
жұртының атақты билері. Сонда қалай, Орақты батыр ХІҮ ғасырда өмір
сүрген болса, ХҮІІІ гасырдагы Балпық пен Ескелді билер бір жырда қатар
жүргені несі? - деген сауал туады. Мүндай тарихи анахронизм фольклор-
да, әсіресе, батырлық эпоста бола береді. Оны фольклортану ғылымында
«тарихи түтастану» заңы деп атайды. Бүған тэн нэрсе: бір шыгармада
эртүрлі заманда болган оқигалар, эр басқа дәуірде өмір сүрген түлғалар
аралас жүреді. Мүндай тарихи түтастану фольклор поэтикасы бойынша
көбінесе бас қаһарманды дәріптеу мен шығармаға шындық сипат беру
үшін қолданылады.
Жогарыда айтылғандай, тарихи жыр саф таза күйінде болмайды. Ол
фольклордың басқа жанрларымен бірге, аралас, бір жүйеде ғүмыр
кешкен себепті сол жанрлардың кейбір қасиеттерін бойына сіңіреді,
сондықтан кейде ертегі, кейде хикая, кейде батырлық жыр сияқты бо-
лып көрінеді. Бірақ оны бүлардан айырып түратын басты ерекшелігі
— онда баяндалатын оқиға, немесе бейнеленетін кейіпкер өмірде
болган, тарихи шындық болатыны. Ал, тарихи жырдың басқа жанр-
мен жақындасып кеткен түрін осы томдагы Жәнібек пен Есім хан
хақындагы жырлар арқылы кездестіреміз. Мәселен, «Батыр Жәнібектің
өлеңі» деп аталатын жырдың басталуы кэдімгі классикалық эпостың
прологы: перзентсіз ата-ана қартайған шақта әулиеден эулие қоймай
жер шарлап жүріп, ақыры Баба түкті шашты Әзіздің көмегімен
болашақ батыр Жәнібекті көреді. Осындай бас қаһарманның ерекше
болып тууы, дәлірек айтқанда гайыптан (ғажап) тууы «Еңсегей бой-
лы ер Есім» жырында да баяндалады. Бүл жырда осы мотив екі рет
қайталанады. Әуелі — Шыңғыс ханның күн нүрынан жаралғаны тура-
лы белгілі сюжет айтылады да, екінші ретте Шыңғыс ханның үрпагы
Түркістанның ханы Тәуекелдің (Тәукенің) қырыққа келгенше баласыз
болғаны, оның Қашқардағы Аппаққожа дегеннің қолдауымен перзент
көргені, үлының атын «Есім» қойганы баяндалады. Жалпы, бүл жыр-
да тарихилық сипат басымырақ: Шыңғыс хан, Тэуке хан, Есім ханның
бейнеленуі, Тэшкентті билеген Түрсын ханның жауыздыгы, сондай-
ақ Дешті Қыпшақ, Түркістан, Қашқар сияқты жер атауларының болуы
— тарихи шындықтың көріністері.
Осындай жәйттер «Олжаш батыр» жырында да үшырасады.
Жырдың желісі Есім хан мен Түрсын ханның арасындагы қайшылықты
қатынастарга құрылган. Қатаған ханы Тұрсын - қалмақ болып көрсетіледі.
Оның іс-эрекеті Есім ханға, қазақ еліне қарсы жауыздық ретінде сурет-
теліп, Тұрсынның жеңіліске ұшырап, оның қыздары олжага түскені жырда
біршама кең баяндалады. Бұл жагдай — қазақ шежірелерінде де айтыла-
282
ды. Мысалға Шәкәрім жазған шежірені, М.Тынышбаевтың жазбаларын
айтуға болады.
«Сәтбек батыр» жыры жоғарыда сөз болған шығармаларға қарағанда
көнелік снпаттан таза. Мұнда ертеғі мен эпостың сарындары кездеспей-
ді, соған қарағанда аталмыш жыр не бертінгі заманда туған, не жеткілік-
ті дәрежеде фольклорлық айналымға толық түспей, тұтастанудың сю-
жеттік түрін ғана бастан кешірген болу керек деп топшылауға болады.
Бұлай болған жағдайда жыр Ермактың қазақ жеріне кіріп, елге жасаған
озбырлықтарының ізі суымай тұрғанда дүниеге келген бе деп те болжауға
болатын тэрізді. Қалай болғанда да, «Сәтбек батыр» - таза тарихи жырдың
үлгісі. Оның тарихи негізі дэл жырдағыдай болмаса да, Ермактың қазақ
жерінде Ертіс өзеніне батып өлгені шындық. 1585 жылғы тамыз айының
5-күні «Ермактың қарақшылары кішкене аралға түнейді. Жаңбырлы
түнде Сәтбек батыр бастаған Көшім сарбаздары күзетшілердің көзін
жойып, қалжырап ұйқыға кеткен қарақшылар лагеріне шабуыл жасай-
ды. Оянған Ермак қорғана алмасын біліп, бас сауғалап, өзен ағысына
қойып кетеді де, суға батып өледі» [55], - деп жазады профессор Мұрат
Әбдіров өзінің «Хан Кучум: неизвестный и известный» (А., 1996) атты
кітабында. Осы жағдай жырда фольклордың дәстүрі бойынша көркем
баяндалған, сюжет драмалық сипатты қақтығысқа құрылған, өмірдегі
Ермактың өлуіне себепкер болған Сэтбек батыр мен оның сарбазда-
ры болғаны - жырдың сюжетіне негіз болған, сондықтан негізгі оқиға
жалғыз Сәтбекке байланыстырылған. Бұлай болуының тағы бір себебі
- жыр көркем шығарма болғандықтан Сәтбектің бейнесін қаһармандық
мэнде көрсету қажет болғандығы.
Ашып айту керек, варианттар бірін-бірі дәлме-дәл қайталамайды.
Тіпті сюжет біреу болған күннің өзінде де олар өзара ерекшеленіп
тұрады. Бұл - фольклор дәстүріне тэн қасиет. Бұған бір жырдың өзін
бір жыршыдан екі-үш мэрте қайта жазып алу арқылы көз жеткізуге
болады. Американың, Ресейдің ғалымдары мұндай тәжірибені жасап,
жыршы бір жырдың өзін сюжетін сақтай отырып екі түрлі етіп айта-
тынын дәлелдеген. Өкінішке қарай, бізде ондай тәжірибе жасалмаған.
Тек, абырой болғанда, Жамбылдан «Өтеген батыр» жыры екі рет жа-
зылып алынған екен. Екі нұсқаны салыстырып көрген кісі бір сюжетке
құрылған екі жырды оқыр еді. Сондықтан бір шығарманың бірнеше ва-
риантын бірге жариялау - фольклортану үшін де, сондай-ақ, әсіресе өнер
қаираткерлері мен ақын-жазушылар үшін де өте паидалы, эрі қажетті іс.
Варианттың болуының өзі - фольклордың басты белгілерінің бірі жэне
вариантты зерттеу арқылы фольклордағы, дэлірек айтқанда жыршылық
өнердегі импровизацияның сипатын ашуға мүмкіндіктуады. Ал, оқырман
қауым бір жырдың басқа вариантын оқу арқылы, үлтымыздың фолькло-
ры қаншалықты бай екенін байқайды жэне халық поэзиясының қандай
әдемі, халық қиялының қаншалықты үшқыр екенін көріп, рухани лэззат
алары күмәнсіз.
283
Сілтемелер және ескертпелер:
1. Ғалымның мына еңбектерін қараңыз: «Предания и легенды Большой кир-
гиз-кайсацкой орды»; «Песни Урака»; «Исторические предания о батырах ХҮІІІ
в.»; «Шуна батыр» и др // Валиханов Ч. Собр. соч.,
в
5-ти т. Т. I. Алма-Ата, 1961.
2. Сонда, 197-6.
3. Сонда, 201-6.
4. Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч. III. СПб.,
1870. С. 63-78.
. 7
5. Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма-Ата, 1972. С. 261.
6. Научная библиотека Томского Госуниверситета, тетр. 18, л. 73.
7. «Дала уалаятының газеті», 1892, № 29, 31, 32, 34-40; 1900, № 46, 50.
8. «Наука и просвещение», 1922, № 1. С. 25-27.
9. Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шыгармалар жинагы. 1-том. А., 2003.
289-6.
'
?
і
10. Халел Досмұхамедұлы. Аламан. А., 1991. 26-27-66, Халелдің қазақ фоль-
клорына арналган бұл еңбегі орыс тілінде «Казахская народная литература» деген
атпен 1928 ж. жарық көрген. Біз соның қазақшаланған нұсқасын пайдаландық.
11. Мұхтар Әуезов. Әдебиет тарихы. Қызыл Орда, 1927. 2-ші басылуы 1991
ж. жүзеге асты.
12. Ауэзов М., Соболев Л. Эпос и фольклор казахского народа // Литератур-
ный критик, 193 9, № 10-11; 1940, № 1.
13. Әуезов М. Уақыт жэне әдебиет. Алматы, 1962. 75-6.
14. Сонда.
15. Мұхтар Әуезов. Әр жылдар ойлары. А., 1959. 513-516, 533-555-66.
16. И.В.Стеблева. Поэзия тюрков. М., 1965. С.61.
17. Әуезов М. Уақыт жэне әдебиет, 76-6.
18. Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. А., 2003.
289-6.
19. Сейфуллин С. Қазақ эдебиеті. Қызылорда, 1932. Қайта басылуы:
- м
С.Сейфуллин. Шығармалары. 6-т. А., 1964. Біз соны пайдаландық.
20. «Жаңа мектеп», 1926, №6.
21. Сейфуллин С. Көрсетілген еңбегі. 168-169-6.
22. Сонда, 180-181-6.
23. Мұқанов С. Өсу жолдарымыз. Алматы, 1960; Халық мұрасы. Алматы,
1974; Мұқанов С. Қазақ әдебиеті. Хрестоматия. Алматы, 1938.
24. Сонда.
25. Сонда.
26. Маргулан А. О характере и исторической обусловленности казахского
эпоса // Известия Каз ФАН СССР. Серия историческая. 1946. № 2.
27. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен эдебиет тарихының мәселелері. Алматы,
І958.
28. Сонда, 220-221-6.
29. Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қоры (ОҒК Қ Қ ) 131-бума
284
30. Сонда.
31. Исмаилов Е. В поисках нового. Алма-Ата, 1967. С. 189-227.
32. Социалды Қазак£тан, 1939, 18-март.
33. 1916 жыл (жинақ). Редакциясын басқарғаидар: Д.Сқаков, Е.Ысмайылов,
Ә.Сәрсенбаев. Алматы, 1940.
34. Ысмайылов Е. 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясы // Қазақ
эдебиетінің тарихы. 1-т. 1-кітап. Алматы, 1960. 621-670-6.
35. Смирнова Н.С. Проблема исторического и эпического в казахской литера-
туре ХҮІІІ в. // Вестник АН КазССР, 1948, № 5; Смирнова Н.С. Еще раз о пробле-
ме исторического и эпического в казахском эпосе ХҮІІІ в. // Вестник АН КазССР,
1949, № 1; Смирнова Н.С. Очерки казахской литературы ХҮІІІ в. Авторефер. на
соиск. учен. степени докт. филолог. наук. Алма-Ата, 1951
36. История казахской литературы. Т. 1. Алма-Ата, 1968. с. 88.
37. Сонда, 91-6.
38. Қазақ эдебиетінің тарихы. 1-том. А., 1948. 300-358-66.
39. Сонда.
40. Сонда. 300-6
41. Қазақ эдебиетінің тарихы. 1-том. 1-кітап. Қазақ халқының ауыз эдебиеті.
А., 1960. 579-670-66.
42. Кенжебаев Б. Қазақ эдебиеті тарихының мэселелері. Алматы, 1973.
43. Кенжебаев Б. 1916 жылғы көтеріліс жырлары туралы. Алматы, 1956.
44. Жармухамедов
М.
Восстание 1916 года в казахской народной поэзии. Ав-
тореф. на соиск. учен. степени канд. филол. наук. Алма-Ата, 1962.
45. Ищанов X. 1916 жыл жэне халық поэзиясы. Алматы, 1958.
46. История казахской литературы. Т. 1. А-А., 1968 (ХҮІІІ жэне XIX г. тарихи
шығармаларға арналған бөлімдерді жазған - С.Қасқабасов пен Е.Тұрсынов; XX
гасырға арналған бөлімнің авторы — Е.Ысмайылов).
47. История казахской литературы. Т. 1. А-А., 1968. С. 300-301.
48. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. А., 1974. 247-6.
49. Сонда, 248-6.
50. Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. Т.5. Алма-Ата, 1961. С. 220-228.
51. Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. А.-А., 1972. С. 263.
52. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. А., 1979.
53. Қараңыз: Абылай хан. А., 1993; Тарихи жырлар. 1-том. Абылай хан. А.,
1995; Тарихи жырлар. 3-том. Кенесары-Наурызбай. А., 1996; Ақжолтай Агыбай
батыр. А., 2002; Б.Абылқасым. Қабанбай батыр. А., 2005. т.б.
54. Қараңыз: Сэнік 3., Садықанұлы Б. Қаракерей Қабанбай. А., 1991;
Сейітжанұлы 3. Тарихи эпос. А., 1994; Ибраһим Б.С. Тарихи жырлар тағылымы.
Қараганды, 1997; Берік Серікбайұлы. Тарихи эпос табиғаты. Қараганды, 1999,
т.б.
55. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-том. А., 2001, 401-6.
285
КЕНЕСАРЫ БЕИНЕСІ
Табаны күректей он жылға созылған Кенесары қозғалысы халық жа-
дында ұмытылмастай із қалдырды. Кенесарының өзі, оның сарбаздары мен
батырлары жөнінде фольклорлық та, әдеби де туындылар сол заманның
өзінде-ақ пайда болған. Көтерілістің ішінде болған Нысанбай жырау мен
хан ордасында жүрген Досқожа ақындардың өлеңдері мен толғаулары -
тарихи оқиғалардың шежіресі іспетті. Көтерілістің түсында, одан кейін де
эр түрлі эңгімелер, аңыздар, дастандар туған. Олардың біразы - авторлық
шығармалар болса, енді бір тобы — фольклорлық, авторсыз дүниелер. Бүл
екі топтағы туындылардың ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да
бар. Авторлық шығармалар — әдебиетке жатады, оларда автордың даралық
ерекшеліктері бой көрсетеді де, бейнеленіп отырған оқиға мен кейіпкердің
іс-әрекеті автордың ой елегінен өтеді. Яғни автор объектісін өзінің
мақсатына, талап-талғамына сәйкес суреттейді. Сол себепті көтеріліс ту-
ралы ертедегі, сондай-ақ кейінгі замандағы әдеби шығармаларда Кене-
сары мен оның серіктестері туралы, олардың атқарған қызметі жайында
жеке автордың ой-өрісі, түсінік-пайымы көрініс табады.
Ал, фольклорда олай емес. Кез келген фольклорлық туынды ең әуелі
халықтүсінігін, халықгың көзқарасын, ойын білдіреді. Сол себепті ол оқиғаны
да, бас кейіпкерді де халық үғымына, халық пайымдауына сай бейнелейді.
Фолыслордың негізгі көркем эдісі — романтика, ал көркем мүраты — идеал
болғандықтан болмыс та, адамдар да дәріптеле суреттеледі. Сондықтан қай
оқиға болса да, қай тарихи түлға болса да дәлме-дәл, сол күйінде көрсетілмейді,
керісінше «солай болса екен» деген түрғьща бейнеленеді. Екінші сөзбен
айтқанда, фольклорда өмірдегі шындық емес, қиялдағы шындық суреттеледі.
Міне, Кенесарының фольклордағы бейнесін осы түрғыдан түсіну керек.
Кенесары туралы фолыслорлық шығарма айтарлықтай көп емес. Шы-
нын аитқанда, хатқа түскенінен гөрі ел аузында аитылып, әлі жиналмағаны
көбірек секілді. Ал, қолда бар мэтіндер жанрлық жағынан да, мазмүн
жағынан да эр алуан. Әзірше мэлім шығармалардың дені - шағын өлеңдер,
аңыздар мен эңгімелер. Арасында эпикалық туындылар да бар. Мысалы,
«Абылай, Кенесары» сияқты қомақты жыр. Ал, «Наурызбай-Ханшайым»
атты шығарма тарихи жырдан гөрі халық балладасына жақын, онда Кене-
сары ешкіммен соғыспайды.
286
Жалпы, Кенесары туралы фольклорлық шығармаларда нақты бір та-
рііхи оқига баяндалмайды. Оларда ханның орыс қаласын шапқаны және
қырғыздарға қарсы шабуылы туралы айтылады да, соғыс эпизодтары
суретгелмейді. Мәселен, Ресейдің қазақ жеріне дендеп кіргеніне қарсы
кұресі жайында Емді, Адырлы деген екі қаланы шапқаны айтылады, бірақ
қала тұрғындарымен болған шайқас бейнеленбейді, оқиға жалпылама
түрде ғана әңгімеленеді:
Бес жүз әскер жігітпен
Емдінің шапты қаласын.
Бес жүз сиыр, мың сарық
;.^ч ‘
і
-
Төлеңгітке айдатты.
Болат қақпа, тас кілт
Көрсетіпті ерлер қайратгы.
Жолындағы Адырлы,
Оны да шауып сорлатты.
Көп ажалға қарамай,
Онан апды қырық атгы,
Қалғанына өрт қойып,
Шүлдірлетіп шулатгы, -
делінеді жырда [1]. Осы шығармада жэне тағы «Кенесарының сөзі» деген
өлеңде Кенесарының қазақ елі Ресейдің отары болуына қарсы екені ашық
айтьшады. Оны Кенесарының өз сөзінен анық көруге болады:
Багынба, қазақ орысқа,
Бағынсаң, қазақ, орысқа,
Осы бастан амандас
Сарыарқа дейтін қонысқа.
Береке кетер асыңнан,
Билігің кетер басыңнан... [2]
Бір ғажабы, Кенесары образы біздің түсініміздегі эпикалық планда
көрінбейді. Ол ежелгі батырларша қалың жауға жалғыз өзі шаппайды,
мыңдаған қолды жайратпайды, қамалды бұзып, ойран салмайды. Рас,
кейбір шығармаларда фольклордың шежірелік тұтастану заңдылығы
байқалады. Әдетте, ескі батырлар жырында қаһарманның ерекше болып
туатындығы туралы пролог болады. Онда болашақ батырдың ата-анасы,
бабасы жайында эңгімеленеді. Осы дәстүр Кенесарыға байланысты да
аңғарьшады. Мысальі, «Наурызбай-Ханшайым» атты эпикалық туындыда
Кенесарының ерекше екенін айту үшін оның бабалары туралы баяндала-
ды. Онда былай делінеді: Абылай бүкіл мұсылманға хан болған,
Қалмақ Қалданның қызын алған,
Одан Қасым туған.
287
Ол «өзге ұлынан асып туган,
Көңілін душпанының басып туган.
Қарнында анасының қан шеңгелдеп,
Қызартып екі көзін ашып туган», -
деп Кенесарының әкесі Қасым ерекше адам болганын айтады. Ал, одан
туган Кенесары да - тегін емес деген ұгым жатыр мұнда. Қасымның торт
ұлының ішінде бөлек туган Кенесары, ол сол себепті хан болды, - дейді
халық жыршысы.
Дэл осындай пролог «Абылай, Кенесары» атты жырда да бар. Мұнда
да Абылайдың қалмақ ханы Қалданның қызын алуы, одан қан шеңгелдеп.
екі көзін қызартып Қасымның тууы, оның 14 жаста хан болуы, Қасымнан
төрт ұл туганы айтылады да:
Кенесары - хан болды,
Үлкен ұлы Қасымның,
Шұганың қиқымы,
Сыныгындай асылдың.
Ғылымның білді жасынан
Неше түрлі пасылдың! —
деп сипатталады Кенесары аталмыш жырда [3].
I
Коңіл бөліп айтатын нәрсе: қолда бар фолыслорлық мэтіндерде Ке-І
несары бейнесі айтарлықгай эпикалық әсірелеуге ұшьфамаган. О ны ғі
іс-әрекетінде ешбір гиперболалық белгі жоқ. Демек, Кенесары тураль I
аңыз-әңгімелер классикалық фольклордың поэтикасын бойына тү ге іі
дарытпаган. Мұның өзі Кенесары бейнесін фольклорлық кейіпкерге толыь I
айнала қоймагандыгын байқатады. Ол халық түсінігіндегі шындыққсі
жақын бейнеленген, бірақ соган қарамастан Кенесары - идеалды кейіпкер I
мінсіз адам, эділ хан ретінде суреттеледі. Ол бірнеше сипатта көрінеді I
Егер жүйелеп айтар болсақ:
I
Кенесары - идеалды қаһарман, билік тізгінін мықтап үстаган эмірші. I
күллі қазақты озіне қаратқан хан. Оның қол астына атақты батырлар
жиналган. Олар ханның ордасын - мемлекет орталыгына айналдырган.
Жыршыны тыңдайық:
I
Кенесары - жай гана хан емес. Ол - ел қамын жеген хан. Қазақ елінің
еркіндігін, елдігін сақгауга күш салган эмірші. Жұртқа өз ойын ашық ай-1
тып, бостандыққа шақыратын көшбасшы. Міне, Кенесарының халыққа|
айтқан сөзі:
1
Хан болды Кенесары Орта жүзге,
Жайылды әруагы өзге жүзге.
Хакім боп, жеті жұрттан иыгы асты,
Жарамас шөп салуга басқан ізге [41.
288
«Біздің бұл Сарыарқадағы қазаққа: «Бізге багын, қара», - деп, Ресей
патшалығынан келді... Екіщпі жағынан Қытайдан да елші келіпті». Сонда
Кенесары: «Қарама, өзіміз ел боп тұралық. Қазақ хандығын құралық», -
депті [5].
Сол замандағы қазақ батырлары жасақтарымен Кенесарының қасында
болып, оның бұйрықгарын екі етпей орындап, жеңіске жетіп жүреді. Бір
аңызда былай делінеді:
«Кене ханның қол астына қазақгың батырлары бастаған 14 мың қол
жиналды, ат жақсысын мінді, сауыт жақсысын киді. Бұлар өздерінің ор-
дасын Алтай-Қарпықгың ортасы - Құланөтпеске тікті. Кіші жүз, ¥лы
жүзден де қайраты бойына сыймай келген атақты батырлар да Кененің
қолына қосылып жатты» [6].
Тағы бір мәтінді оқып көрелік:
«Қайраты қара бастан қайтпаған алып ер Тамадан Жолдыаяқ ба-
тыр, Өмірзақ Тоғалақ батыр, Қүшақ Бәйтелі батыр, Тарақгы Құлжан ба-
тыр бастаған батырлар 10 мың әскермен Кененің Көкшетаудағы бекініс
қамалына қосылды. Әскері көбейіп, күші артып, енді Николайға ойран
салуға ойлады» [7].
Келтірілген мысалдардан Кенесары - үлы күрестің ұйымдастырушы-
сы, басшысы екенін кереміз. Кейбір эңгімелерде Кенесары жауынгерлері-
нің Ресей эскерімен ұрысы баяндалып, ханның ақылды да айлалы қолбас-
шы болғаны көрсетіледі. Осы ұрыстарда да, басқа да қиын жағдайларда
Кенесары алды-артын терең ойлап, кең пішетін басшы ретінде көрінеді.
Кенесары - ақылшы, батагөй абыз, тапқыр шешен, бекзат болып
бейнеленеді. Әрбір жауапты, қиын іс Кенесары бата бермей істелмейді.
Жорыққа шығарда, шайқасқа енерде ол бата беріп, ақ жол айтып кіріседі.
Оның батасы фольклор дәстүрінде болып келеді. Мысалы, Тілеуқабақ
жүртына кетіп бара жатқан Наурызбайға берген батасы мынадай:
Он сегіз мың әлемге
Патша болган кұдайым,
Көз жасымды қабыл ет,
Мінажат етіп жылайын [8], -
деп бастап, 124 мың пайғамбарға, 33 мың сахабаға, 4 шариярға т.б.
әулиелерге жалынады, Абылай хан аруағынан комек сұрайды. Бүл бата
халық үғымына сәйкес. Жыршы Кенесарының аузына әдеттегі батаны са-
лып отыр. Оның ойынша Кенесары халықган алшақ емес.
Кенесары эділ би, шешен ретінде эр түрлі ережелер мен шарттарды да
заңдастырып, жүзеге асырып отырады. Сөзіміз дэлелді болуы үшін мына
бір аңызға көңіл белейік.
Кенесары, Наурызбай, Балаби, Басығара жиналып отырғанда Ағыбай
ханнан сүрайды:
- Егер бір қарашы екіншіні өлтірсе, қүны не болады? - деп. Хан:
- Ердің қүны 30 түйе болсын! - депті.
19-2511
289
- Төренің құны не болады? - депті Ағыбай.
~ Төренің құны - 100 түйе һәм таңдамалы қыз, қара кілем, қара нар
болсын! - депті Кенесары.
- ¥рғашының қүны қандай? - депті Ағыбай.
- Қалың малы қандай болса, қүны сондай және 20-30, 5-10 түйе үстіне
артық төлейді [9], - депті хан.
Міне, бүл мәтін - кәдімгі шешендік сөздің үлгісі. Фольклорда жиі
кездесетін «сүрақ-жауап» түрінде к^рылған тапқырлық сөздерді айтқызу
арқылы Кенесарыны ақылгөй, білгір шешен етіп көрсетеді аңыз. Бүл да
- Кенесарыны дэріптеу.
Кенесары бекзаттықгы, хандық жолды бәрінен жоғары қояды жэне өзі
кісілікп, жомарттықгы қатты үстанады. Бір ғана мысал келтірейік. Наурыз-
бай мен Ағыбай Тілеуқабақтың жылқысын барымталайды. Оларды Хан-
шайым қуып жетіп, өзінің тапқырлығымен, ержүректігімен Науанды тәнті
етеді. Науан айдап келе жатқан жылқыны Ханшайымға сауғаға тастап кетеді.
Ордаға келіп, Кене ханға болған жағдайды айтады. Риза болған Кенесары:
Достарыңызбен бөлісу: |