Етіпті, - деп, - қарағым, хандық жолды,
Жылқы алғаннан бүл ісі он есе артық! [10] -
дейді де, елді шақырып, үлан-асыр той жасайды. Кенесары ханның
байлығы, сән-салтанаты кэдуілгі Шығыс елдерінің падишаларынан кем
емес. Оның жомарттығы, кең пейілдігі хандық затына сай. Жыршы-
лар Кененің мырзалығын көтермелей айтып, оның пайым-түсінігінің,
ақсүйекке лайық заттылығын барынша дэріптейді. Мысалы, қалыңдығына
кетіп бара жатқан Наурызбайға берген сыйы мынадай:
Қазына-жабдық артгы тоғыз нарға,
Барсын деп салтанатпен мэхбур жарға.
Қос берді падишалық алтын шатыр,
Дүние мүқтаж емес еш оларға...
Не асыл інжу-маржан алды тастан,
Жабдығын тамамдады аянбастан.
Кене хан аттандырып, амандасып,
Айтады ақыл-хайла бір-бір бастан [11].
Бұдан да артық сый-сияпатты Кенесары хан Наурызбайдың қайын
ағасы Мұсаға, онымен бірге келген жолдастарына жасап, қазақгың «тоғыз
сыйлау» салтын толық орындайды. Келтірілген мысалдардан көретініміз
- халықтың «хан қандай болуы керек» - деген түсінігі. Өмірде Кенесары
осындай кең, осындай жомарт болды ма - белгісіз. Бірақ фолыслор оны
осындай етіп бейнелеп отыр.
Фольклордағы Кенесары — көріпкел, сэуегей, келешекті болжаушы.
Үйде, Ордада отырьш, түзде болып жатқан оқиғаны сезіп, біліп отыра-
ды. Наурызбайды, Ағыбайды, басқа да батырларды сынап, олардың
қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін жіті аңғара біледі.
290
Кенесарының тағы бір қасиеті - түс жорып, алдағыны болжауы. Бірде
ол Ағыбайға өз атасы Абылайдың түсін еске алып: «Менің Сыздығымнан
кейін солай боламыз ғой!» - дейді.
Кенесары өзінің көрген түсін Ағыбайға жорып, былай депті: «Біздің
багымыз алдымызда, артымызда қалатын бақ жоқ, өзімізбен бірге кетеді,
ал сенің бағың артыңда қалды» [12].
Халық аңызының айтпағы - Кенесары өз тағдырын, әулетінің
болашағын алдын-ала болжап, біліп кетті. Өзінен кейінгі үрпағы көптің
арасына сіңіп кететініне, бүкіл ата-бабасынан келе жатқан бақ пен даңқгың
өзімен бірге өшетініне көзі жетіп кетті.
Кенесары - идеалды кейіпкер болғандықтан оның бойында тағы бір
ерекше қасиет бар. Ол - оның кереметтігі, козінің магиясы. Ол сүқтанып,
қатты мэн бере қараса, көзі тиеді, сойтіп оның назарына үшыраған адам
жарық дүниемен қоштасады. Осы халге Ханшайым сүлу үшырайды.
Наурызбай қалыңдығы Ханшайымды Ордаға әкеліп, той откізеді. Елдің
бэрі келіннің сұлулығына қайран қалады. Жүрт мақгаған соң келінін көрейін
деп Кенесары Ордаға келеді. Ағыбайға жабықгы ашқызып қараса, Наурыз-
бай мен Ханшайым әзілдесіп отыр екен. Кенесары қыздың сүлулығына таң
қалып, оның нүрлы жүзіне назар салады. «Әйел затгың сүлуы екен», - деп,
іштей риза болып, үйге қайтады, бірақ өзінің сұқганғанынан секем алып
қалады. Көп ұзамай Ханшайым да ауырып, әні-міне дегенше, қайтыс бола-
ды. Ештеңеге түсінбей, аң-таң боп, шулап жатқан жұртқа Кенесары келіп:
«Жарандар, шешіндіріп қараңдаршы, ғаріпті өз назарым ұрды», - дейді.
Айтқанындай, шешіндіріп қараса, екі өкпесі қарайып кетіпті.
Халық түсінігіндегі Кенесары - тек ақылды хан емес. Сонымен бір-
ге ол ерекше адамға даритын керемет қасиеттердің иесі. Ол іспен, созбен
ғана емес, көзбен де, ниетпен де нэтижеге жете алады. Ендеше халық
үғымындағы Кенесары жай адам емес, құдайдың таңдап алған құдіретті
адамы, сол себепті оның озі де, ісі де айрықша. Фольклордағы Кенеса-
ры - халықтың «эділ де, мінсіз патша» туралы идеалды образы. Оның
бойында ханда болуға тиісті ізгілікті қасиеттің бәрі жинақталған, халық
қиялындағы, ел арманындағы ханның оеинесі көрініс тапқан.
Сілтемелер және ескертпелер:
1. Тарихи жырлар. Үшінші том. Кенесары - Наурызбай. Алматы, 1996. 173-6.
2. Сонда. 216-6.
3. Сонда. 171-175-6.
4. Сонда. 106-6.
5. Сонда. 215-6.
6. Ақжолтай Ағыбай батыр. Апматы, 2002. 151-6.
7. Сонда. 159-6.
8. Тарихи жырлар. Үшінші том. 110-6.
9. Ақжолтай Ағыбай батыр. Алматы, 2002. 147-6.
10. Тарихи жырлар. Үшінші том. 124-6.
11. Сонда. 126-6.
12. Ақжолтай Ағыбай батыр. Алматы, 2002. 165-6.
291
ҚАЗАҚ ДАСТАНЫ
Қазақ фольклорының құрамында жалпы мазмұны мен көркемдігі,
кейіпкерлері мен сюжеттік кұрылымы жағынан дэстүрлі ұлттық эпостан
бөлек, ерекше болып келетін жэне сан жағынан да үлкен бір топ құрайтын
шығармалар бар. Олардың атауы — дастандар. Әдетте, дастандарды біз
шығыстан келген дүниелер деп есептейміз. Солай екені даусыз. Алайда,
бұл жағдайды тек бір елдің екіншіге эсері ғана деп түсінуге болмайды.
Мэселенің түбірі тереңіректе. Біріншіден, қазақ халқы ешқашан томаға-
тұйық ғұмыр кешкен емес. Ол да шығыс халықтарының бірі ретінде, тіпті
солардың біразымен туыстас болғандықтан да, бүкіл шығыс мәдениетіне
ортақтас мұрагер, сол мәдениетті жасаушылардьщ бірі. Демек, бұл жерде
“шығыстың әсері” деген сөз - белгілі дәрежеде шартты ұғым. Екіншіден,
кейінгі замандарда бөлектеніп кеткен шығыс халықтары эртүрлі саяси,
мэдени, қоғамдық жағдайда болды да, олардың әдебиеті мен фолькло-
ры өзіндік сипат алды. Міне, осы тұста қазақ мәдениеті шығыстың көне
заманғы жэне орта ғасырдағы мәдениетінен басқаша түрде дамыды. Ал,
жаңа заманда қазақ халқы өзінің төл мәдениетімен қатар шығыстың фоль-
клоры мен әдебиетін де жатсынған жоқ, кәдесіне жаратты. Мұны сол кез-
дегі қазақ қоғамының болмысы мен рухани сұрасы қажет еткен еді.
Дастан — көптеген Шығыс пен Оңтүстік-Азия елдеріне ортақ
фольклорлық әрі әдеби жанр. Кейбір елдердің, айталық Иран, Үнді, Па-
кистан, Орта Азия мен Кавказ жұртының ерте замандардағы фолькло-
рында, сондай-ақ орта ғасырлардағы классикалық әдебиетінде дастан
деп қаһармандық жэне ғашықгық мазмұндағы ірі шығармаларды, тіпті
Фирдаусидің “Шахнамасындағы” жекелеген көлемді бөлімдерін де атаған.
Сонымен бірге дастанға ауызша туып, ауызша тараған эпикалық туынды-
ларды да жэне “Сейфілмэлік” тектес ғажайып сипаттағы шығармаларды
да жатқызған.
Қазақ даласына дастан ерте кезден-ақ, сонау Дешті Қыпшақ зама-
нында, парсы әдебиеті мен фольклорының үлгілерімен бірге келген деп
саналады. Парсы дастаны көп жағдайда тек қана қара сөз, немесе тек
өлең түрінде баяндалған. Ал, қазақ дастаны, негізінен, жыр үлгісінде,
ішінара қара сөз араласқан түрде, мшдетгі түрде әндете, домбыраның
сүйемелдеуімен орындалған. Рас, XIX ғасырдың соңында жарық көрген
дастандарды ел арасындағы сауатты адамдар домбырасыз, бірақ әуенмен
292
оқитын болған. Бұл машық XX жүзжылдықтың екінші жартысына дейін
болып келді.
Басқа халықгардағыдай қазақ дастаны да фольклорға, кейде кітаби
шығармаға негізделғен. Сонымен қатар қазақ дастаны тарихи оқиғалар
бойынша да туындаған. Бұл жерде баса көңіл аударып айтатын нәрсе қазақ
дастаны - таза фольклорлық жанр екендігі. Ол мейлі шығыстың сюжеті
бойынша болсын, мейлі ұпы бір ақын туындысының сарынымен болсын,
мейлі қазақгың төл фольклорына негізделсін, бэрібір ауызша туып, ауыз-
шаі орындалған, соның нәтижесінде ұлттық фольклорымыздың көптеғен
ықпал-әсерін, элементтері мен түр-сипатын бойына сіңірғен. Сөйтіп, ол
қазақ фольклорының дәстүріне сэйкес ғұмыр кешкен. Оның үстіне қазақ-
тың ежелден келе жатқан жазба әдебиетінде дастан жанры қандай түрде
болса да, тіпті фольклордағы үлгіде болсын, немесе шығыс дастанының
түрінде болсын толыққанды қалыптасқан жоқ, тек XX ғасырдың бірінші
жартысында жекелеген әуесқой акындар кейбір төл ертегілерді дастанға
айналдьфуға тырысты және жазба әдебиеттегі “Сұлушаш”, “Қамар сұлу”
секілді поэмаларға еліктеп, әлеуметтік-таптық сипаттағы дастандарды
жазуға ұмтылды. Алайда, бұлардың бэрі фольклорлық дәстүрдің аясынан
аса алмады және ел арасына да ескі эпостай кең тараған жоқ. Солай бола
тұрса да, оларды фольклорлық дастан жанрыньщ XX ғасырдағы жағдайын
көрсететін дүниелер деп қарауға болады.
Дастанның басқа фольклорлық жанрлардан басты ерекшеліктері
мыналар деуге болады: көлемінің өте үлкендігі, композициясы мен
мазмұнының күрделілігі, бір шығармада бірнеше жанрдың тоғысуы,
оқиғалардың тым ғажайыпты эрі шым-шытырық болуы, бас кейіпкердің
шамадан тыс романтикалық немесе қаһармандық сипаты, т.б. Шығыстық
қазақ дастандарын ұлттық төл фольклордан оқшауландырып тұратын тағы
бірнеше белгілер бар. Егер дәстүрлі қазақ фольклорында оқиға көбінесе
сайын далада, тау ішінде, қалың қамыста, яғни ашық табиғат аясында
отсе, дастанда оқиға көбінесе шаһарда, патшаның сарайында, немесе
қала базарында, яғни феодалды мемлекет ішінде отеді. Рас, қаһармандық
іс-әрекеттер кей-кейде далада орындалады, бірақ соның өзінде олар
мемлекет, немесе шаһар сыртында болады. Бас кейіпкерлердің сапары
теңізде кемемен жүзуі, я болмаса басқа бір аралға тап болуы, яки бөтен
қалаға келуі түрінде көрінеді. Сондай-ақ кейіпкерлердің басынан кешкен
оқиғапары да аирықша: олар диюлар мен жындар патшалығында, маи-
мылдар мен зеңгілер тұратын жерлерде, неше түрлі мақлұқтар мекенін-
де, т.б. фантастикалық жерлерде өтеді. Тіпті қаһармандардың жекпе-жегі
де, қалың қолдың соғысы да майдан алаңында болады, кейіпкерлерді жа-
запау қала ішінде, арнайы алаңда, яки ел көп жиылатын базарда жүзеге
асады, т.т.
Дастандар өзінің көркемдігі мен бейнелілігі жағынан бір табан жазба
әдебиетке жақын. Бұларда кейіпкерлерді суреттеу, оларға мінездеме беру,
кей-кейде кейіпкерлердің ішкі сезімдерін корсету бар жэне олар біршама
293
әдебиленіп, көркемделіп баяндалады. Көбінесе, бас қаһарманды, оның ата-
анасын, шыққан тегін, мекен-тұрағын нақтылап айтуга көңіл бөлінеді. Бұл
дастандардың құрылымдары да, тілі де, көркемдік-бейнелеу құралдары
да дәстүрлі фольклордікінен гөрі ерекшеленіп тұрады. Мәселен, ежел-
Ден келе жатқан эпоста қыздың эдемілігін сипаттау үшін дала өсімдіктері
мен жануарлар дүниесі пайдаланылса, дастандарда қала тұрғыны ©сіретін
гүлдер мен алуан түрлі қымбат тастар қолданылады. (Рас, бірте-бірте бұл
образдар біздің дәстүрлі фольклорымызға да енген).
Дастандардағы кейіпкерлер құрамы да біздің төл фольклорымыздағы-
Дан ғөрі өзгешелеу, бірақ мүлде басқа емес. Әдетте, басты кейіпкерлер
болып патша, уәзір, олардың балалары, сондай-ақ дін адамдары, саудагер-
леР жүреді. Ал, діни дастандарда пайғамбарлар мен халифтер, сахабалар
- басты кейіпкерлер. Сондай-ақ діни дастандардағы дұшпандар, негізінен,
исламға қарсы елдер. Ал, дастанның басқа түрлерінде дұшпандар болып
көрінетіндер - дию мен перілер, әртүрлі мақлұқтар мен мифологиялық
кеиіпкерлер және бөтен бір патшалықтың кісілері.
Алайда, осыншама өзіндік белгілері бола тұра дастандар таза қазақ
ұғымында жырланған. Жыршылар шығыстық ауанды сақтай отырып,
дастандарға қазақ рухын сіңірген, оларды ұлттық сөз өнері етіп жібер-
ген. Мұны дастандардың композициясынан, поэтикасынан, тілінен, өлең
түрінен, сөз орамдарынан, сонымен қатар мәтінге кіріккен қазақтың
этикалық, эстетикалық ұғымдарынан, т.б. сипаттарынан көреміз.
Қазақтың
батырлық жэне
ғашықтық
жырларына
қарағанда
дастандардың бейнелейтін болмысы да, суреттейтін кеңістігі мен мез-
гілі де, баяндайтын тәсілі де басқаша. Ондағы география да, мекендер
Де, кейіпкерлер де, олардың іс-әрекеттері де өзгеше. Рас, барлық көркем
шығармадағьідай, дастандарда да басты назарда - негізгі кейіпкерлердің
тағдыр-талайы, олардың басынан кешкендері, басқа адамдармен қарым-
катынасы. Солай бол тұрса да дастандарда бас кейіпкердің қаһармандық
жойқын ерліктерінен гөрі оның қайғысы, уайымы, сүйгеніне қосылу не-
месе мақсатына жету жолында көрген тауқыметіне көп көңіл бөлінеді,
оның адами мінез-құлқына, пейілі мен ниетіне, ақылы мен парасаты-
на мән беріледі. Осы тұрғьщан келіп, дастандар өзінің бас қаһарманьша
тэн ізгі қасиеттермен қоса оның қарсыластарының зымияндық пиғылы
мен мінез-құлқын да ашып корсетеді. Соның нәтижесінде жалпы адам
дүниеқоңыздық, қатыгезді к,
билікке құмарлық, аярлық сияқты жағымсыз мінез бен пиғылдар байырғы
қазақ эпосына қарағанда көбірек, кеңірек ашылады. Мұның өзі дастан
жанрының жазба әдебиетке жақьш екенін тағы да бір айғақтаса керек.
Дастандардың тілі орта ғасырлық түркіге жақын больш келеді.
Мэтіннің ішінде ежелгі түркі сөздері де, араб пен парсы лексикасы да жиі
ұшырасып отырады. Исламға қатысты ұғым-түсініктер түркілердің көне
заманғы наным-сенімдерімен араласып, сіңісіп кеткен, сондықтан бір
дастанда әр тарихи дәуірдің ұғымдары мен пайымдары қатар жүреді.
294
Қазақтың төл фольклорына қарағанда дастандарда түс кору мо-
тиві жиі қолданылады. Бүл мотив дастанның барлық түрінде, әсіресе,
хикаялық жэне ғашықгық дастандарда көбірек кездеседі. Оларда түс
көру мотиві кей-кейде бүкіл шығарманың негізі болып, бас кейіпкер сол
түсті жүзеге асыру үшін әрекеттенеді. Жалпы, түс көру мотиві бүкіл әлем
халықгарының фольклорына тэн және оның атқаратын қызметі әрқилы:
алдағыны болжау, кейіпкерді сақтандыру, кейіпкерге көмек беру, адамдар-
ды белгілі бір іс-әрекетке шақыру, т.т. Бүл мотив қазақ фольклорына да
жат емес. Алайда, шығыстық сюжетке қүрылған дастандарға қарағанда,
қазақ фольклорындағы түс көрудің функциясы, көбінесе, алдағыны бол-
жау мен кейіпкерді сақтандыру болып келеді.
Дастанда басты оқигалар кобінесе шаһарларда, немесе оның сыртын-
да, жанында өтеді дедік. Ал, дастанның бас қаһарманы сырты қоршалған,
есігі күзетілген әдемі бақ ішінде түрады. Өзінің қарсыластарымен де көп
жағдайда осы бақгың ішінде кездесіп, соғысады, немесе сүйіктісімен
жолығып, рахат сезіміне боленеді. Бір қызығы — дүшпандардың да мекен-
түрағы қала, саябақ болып келеді. Рас, кейбір түстарда бас кейіпкердің
нақ сүйерін үрлап экететін дию қалада да, тау ішінде де, жер астында да
мекендейді, бірақ оның батырмен шайқасы қалада, кейде алаңда өтеді.
Батырлар соғысатын шаһардың, бақтың өзі дастанда көркем суретгеледі.
Дастанды айтушылар қиял арқасында қаланы, бау-шарбақты жүмақтэрізді
етіп бейнелейді. Бүл жерде, сөз жоқ, қарапайым халықгың жүмақ туралы,
ешбір бейнеті жоқ, рахатқа толы пейіштегі омір жайындағы арман-аңсары
көрініс тапқан деуге болады.
Дастандардағы оқиғалар алыста, қазақ жүртына таңсық елдерде,
Мысыр, Шын-Машын, Бағдат, Шам сияқгы қалаларда, мемлекеттер-
де өтеді. Кейіпкерлер де - қазақ баласы емес. Олар - жырақга жатқан,
бөгде халықгардың перзенттері. Бірақ бэрі - мұсылман болып келеді.
Кейіпкерлердің ата-аналары да - қазақтың байы да, ханы да емес, қазақ
көріп-білмеген, тек қисса-дастандардан ғана естіген ғажайып елдердің
патшалары, әмірлері, уэзірлері. Бүл ғана емес, дастандағы география да,
жануарлар да, өсімдіктер де басқа.
Соған қарамастан дастандар ел арасына кең тарап, қазақтың төл туын-
дысы ретінде қабылданған, өйткені олар қазақ фольклорының көп сипа-
тын алып, үлттық фольклордың дэстүріне сәйкес өзгерген, жырланған,
сөйтіп өзіміздің шығармаға айналған. Бүл процесте қазақ ақындары мен
жыршьшарының еңбегі зор екенін айту қажет. Олар шығыстан келген
дастандардың сюжетін сақтай отырып, өз жанынан қазақ жүртына етене
таныс батырлық пен ғашықтық жырлардан, ертегілерден жекелеген моти-
втер мен эпизодтарды, халықтың түрмыс-салтына байланысты дүниелерді
енгізіп отырган, сөйтіп шығыстық туындыға қазақтық колорит берген.
Әрине, дастан жанрын орнықтыруда ақындар мен жыршылар мүнымен
ғана шектелмеген. Олар өзіміздің өмірімізден, фольклордан алған сюжет-
тер бойынша дастан үлгісіндегі өзіндік шығармалар туғызған, олар ел
295
арасына тарап, таза фольклорлық сипат алған. Осының нәтижесінде қазақ
дастандары бірнеше түрде болған.
Қазақ ^ фольклЬрьіңың қүрамындағы дастандар үлкен екі топқа
болінеді.
Бірінші топқа шығыс елдерінен келген сюжеттерге қүрылған
шығармал ар жатады. Екінші топты, қазақтың өз жерінде пайда болған
сюжеттер бойынша шығарылған дастандар құрайды.
Бүл екі топтың
әрқайсысы іштей озіндік түрлерге болінеді. Мәселен,
шығыстық сюжет-
ке қүрылған дастандарды хикаялық, гаіиықтық, діни, қанармандық
деп,
ал
қазақтың
өз
сюжетіне дастан үлгісінде жырланған шығармаларды
элеуметтік-сүйіспеншілік
және
ертегілік
дастандар деп топтауға бола-
ды.
Әрине, бүл топтаудың өзі белгілі дәрежеде шартты, өйткені аталған
түрлердің ешқайсысы саф таза күйінде кездеспейді, эсіресе шығыстық
дастандар көп жағдайда бір-біріне үқсас болып келеді. Оларды көбіне
кейіпкер мен сюжеттің тақырыбы жэне кейбір өзіндік эпизодтары мен
мотивтері бойынша даралауга тура келеді. Жалпы, бүкіл фольклорлық
жанрлардың таза күйінде болмайтынын ескерсек, бүл — таңгаларлық жэйт
емес. Керісінше, бүл - фольклордың зандылығы десе де болады. Қазақтьщ
топырағынан өнген дастандарда да мүндай жагдай біршама байқалады,
бірақ бүларда ежелгі халық эпосының поэтикасы молырақ пайдаланылган
және бүл дастандар үлттық жазба әдебиетінің әсерінен тыс қалмаган.
Дастан жанрының түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады де-
дік, олардың қайсысын болса да таза бір жанрға жатқызу қиын. Айталық,
гашықтық пен діни дастандарда қаһармандық іс-әрекеттер аз емес, бірақ
шығарманың мазмүны мен сюжеті, кейіпкердің алдына қойган мақсаты
мен тағдыры, қимылы, оның жанрлық белгісін анықтауға негіз болады.
Сол сияқты, хикаялық пен ертегілік дастандар да оқиғалар тізбегімен,
кейіпкерлердің басынан кешкен жәйттерімен озара үқсас болып келеді.
Бүл жағдайда да ертегіге не тэн, хикаяға не тэн, олардың басты сипаты не
екендігіне мэн беріледі.
-.. '
'
\ ^
Қазақ дастандары сюжеттік негізі мен қүрамы жагынан да эралуан.
Мүнда ежелгі шыгыс елдерінде айтылып жүрген авторы жоқ хикаяттар
жэне атақты классиктердің шығармаларының жекелеген тараулары мен
сюжеттері, сондай-ақ жергілікті ескі қазақ аңыздары мен әпсана-ерте-
гілері, шьіғыс пен қазақ сарындарының қосынды түріндегі шыгармалар да
кездеседі. Бүл қатарга тагы да Қүраннан алынған сюжеттер бойынша жэне
қазақ өмірінде болган оқиғаларга негізделген дастандарды да жатқызуға
болады. Олардың бэріне ортақ белгілермен бірге эрқайсының өзіне тэн
ерекшеліктері де жоқ емес.
Ғашықтық дастандардың
мазмүны, эдетте, біртектес болып ке-
леді. Оларда бірін-бірі сүйетін екі жастың қайгылы тагдыры баяндала-
ды. Мұндай тақырып қазақтың озінің махаббат туралы жырларында да
әңгімеленеді. Бірақ дастанның сюжеті мен қүрылысы, поэтикасы басқаша.
Дастанда кейіпкерлер бір-бірін түсте көріп, ғашьщ болады, кейде бір-бірі
жайында біреуден естіп, я болмаса суреттерін көріп, махаббат сезімі ояна-
296
ды да, жігіт сұлу қызды іздеуге шығады. Алайда, ол бірден сапар шекпей-
ді. Ол ғашық дертіне ұшырап, сырқаттанады, немесе дүниені тэрк етіп,
тентіреп кетеді, я болмаса қызды тагы да түсінде коргенше, тосып жүреді.
Кей жағдайда ол озінің махаббат отына өртеніп жүргенін көп уақытқа
дейін жасырып жүреді, ата-анасына да айтпайды. Баласының сағыныштан
сарғайып жүрген түрін көріп, әке-шешесі неше түрлі ем қолданады, эр
алуан балгерлерді шақырады. Содан кейін ғана кейіпкердің не себепті
ауырғаны ашылып, ата-анасы оған жолга шығуға рұқсат береді.
Дастанда бас кейіпкердің сапарға дайындалуы кең баяндалады. Ол
Қозы мен Төлегендей емес, қызды жалғыз іздеп шықпайды. Оның қасында
ондаған, жүздеген нөкерлері жэне міндетті түрде өзімен бір күнде туған
сенімді досы болады. Осы досы оның барлық тауқыметін бірге көріп, көп
жағдайда оны қиын жағдайлардан құтқарады. Досы оған әрі ақылшы, эрі
кемекші, эрі қызметші рөлін атқарады.
Дастандағы ғашық қызды іздеген жігіттің жол сапары да өзгеше.
Ол тұлпар таңдамайды, атпен шөлден өтіп, дала кезбейді. Дастанның
кейіпкері жүздеген қызметші алып, бірнеше кемеге мінеді, теңізде жүзіп,
басқа қалаларға, аралдарға тап болады. Сапар барысында ол қилы-қилы
оқиғаларды бастан кешіреді. Кемелері апатқа ұшырап, қасындағы серік-
тері түгел опат болады да, бас кейіпкер жалғыз қалады. (Досы басқа жер-
де қалып, артынан оны тауып алады). Кейбірде қасында аз ғана нөкері
тірі қалып, төресінің тағдырьш боліседі, олар оны аман-есен іздеген
шаһарына жеткізеді. Сол шаһарда неше түрлі айла-әрекетпен торесін
қызға жолықтырады.
Дастандағы бұл жігіт қазақ эпосындағы жігіттерден басқа мінез
көрсетеді. Ол Қозыдай, Толегендей саяқ жүрген, өзіне ғана сенген аза-
мат емес. Барлық іс-эрекетті нокерлерімен бірге атқарады, немесе озі
Құдайға сыйынып, мінәжат етіп, Қүдайдың, пірлердің комегі арқылы
қиындықты жеңеді. Сонымен қатар қызға жолыққанда да ол өзгеше
көрінеді. Қызга озінің корген жол азабын айтып, мұңын шағады, тіпті
көзіне жас та алады.
Ғашықтық дастандардьщ мазмұны осымен ғана аяқталып қоймайды.
Қызды тауып, уағдаласқаннан кейін дастанға тағы бір шытырман сюжет
қосылады. Әртүрлі себептермен жігіт қыздан айырылып қалады, немесе
Қыз ғайып болып кетеді, т.т. Осыдан былай қарай жаңа оқиғалар тізбегі
басталып, дастанның құрылымы күрделене түседі. Мұндай жалғасудан
пайда болған қосымша сюжетте кейде кейіпкер екінші әйел іздеп, сапар
шещці.
Ал,
қанармандық дастандар
шьну мезгілі жағынан ежелгі батырлық
эпостан кеш пайда болған. Бұл жанр дастанның кейбір түрлерінен де
кенже тэрізді. Егер ғашықтық және хикаялық дастандар орта ғасырдың
ерте түсына сәйкес келсе, қаһармандық дастан орта ғасырдың соңында
қалыптасқан болу керек. Бірақ соған қарамастан бұл дастанда көне сю-
жеттер мен кейінгі заман мотивтері аралас жүреді. Сол себепті кейбір
297
шығармаларды нақты қаһармандық дастанға жатқызу қиын. Бұларда
батырлардың ерлігі мен басқа да іс-әрекеттері кейде діни, кейде жау-
дан кек қайтару, кейде сүйген жарын азат ету түрінде болып келеді.
Демек, қаһармандық дастан таза батырлық сипатта болмайды. Мүнда
кейіпкердің ерлігінен гөрі басынан кешкендері көбірек эңгімеленіп,
оның қаһармандығы елге шапқан жаумен шайқаста емес, оған кездейсоқ
кездескен қауіпті жандарды, немесе айдаһар, дию, дәу сияқты мақүлық-
қүбыжықгарды өлтірген тұста көрінеді. Осы жағынан алғанда бұл дастан-
дар классикалық батырлар жырына емес, батырлық ертегілерге ұқсайды.
Мұны кейіпкердің іс-әрекетінен ғана емес, дастандардың сюжетінен
де байқауға болады: олардың сюжеті, негізінен, ертегілік болып келеді.
Сондықтан қаһармандық дастанды кейбір зерттеушілер жеке дараламай-
ды, оны новеллалық немесе ертегілік дастанға жатқызады, я болмаса діни
дастандар құрамына енгізеді, өйткені ондағы батырлар кейде исламның
атақгы қайраткерлері болып келеді. Алайда, соған қарамастан дастанның
бұл түрін қаһармандық деп бөліп алуға болады, себебі оның баяндалуы,
жалпы поэтикалық болмысы батырлық эпостың табиғатына жақын.
Кеңес өкіметі тұсында тыйым салынып, жарияланбай да, зерттел-
мей де қалған мол дүниенің бірі —
діни дастандар.
Бұл шығармалардың
мазмұны мен тақырыбы ислам дініне, оның пайғамбарлары мен сахабала-
рына арналған, ал күллі поэтикасы, кейіпкерді бейнелеу тэсілдері, сюжет-
тік құрылымы - бэрі дәстүрлі эпостың жэне дастанның аясында, солардың
шартына сэйкес. Діни дастандар қазақ арасына, эсіресе, XIX ғасырда өте
кең тараған (“Қисса-и энхэзрэт-и Расүлнің Миғражға қонақ болғаны”,
“һаза кітап Мұхаммед-Ханафия”, “Қисса-и Зарқұм”, “ Абу Шахма”, “Қисса-
и Салсал”, “Қисса и Сейітбаттал”, т.б.). Бұларды үлкен екі топқа бөлуге
болады: а) таза дінді уағыздайтын дастандар; ә) мұсылман пайғамбарлары
мен әулиелерінің өмірін, кейбір кезеңдерін баяндайтын туындылар. Бірін-
ші топтағысы - көркемдігі жоғары, сюжеті қызғылықты, эстетикалық
эрі эмоциялық әсері күшті шығармалар. Ал, екінші топтағылары, негізі-
нен, ғұмырнамалық, бірақ соның өзінде де фольклор поэтикасын жақсы
пайдаланған, көркем қиялды да ұтымды қолданған.
Жалпы, діни дастандардың басты мақсаты - исламды уағыздау эрі
мұсылмандық өмір салтын орнықтыру. Осы тұрғыдан алғанда, оларды
былайша топтауға болады: 1) исламның ерекше-шарттары мен тыйым-
дарын және оларды бұзғаны үшін қолданатын жазаларын баяндайтын
дастандар; 2) исламның батырлары туралы, олардың мұсылман дінін
тарату жолындағы ерлік істерін көрсететін шығармалар; 3) Мұхаммед
пайғамбардың, одан кейін 4 халифтің исламды орнықтырудағы іс-
әрекеттерін суреттейтін туындылар.
Шығыстық сюжеттегі дастандармен қатарласа туған қазақтың
длеуметтік-сүйіспениішк
жэне
ертегілік дастандары
жеке бір топ
құрайды. Олар өзіміздегі ежелгі сюжеттерді, діни-кітаби хикаяттарды пай-
даланумен қатар өмірде болған оқиғаларды да жырлайды. Әсіресе, XVIII-
298
XIX ғасырларда қазақ диласының эр түкпірінде орын алған тарихи оқиғалар
мен әлеуметтік-сүйіспеншілік мәселелер дастан мазмүнына айналады да,
ондай шығармаларда махаббат қана емес, тарихи жэне әлеуметтік сарындар
пайда болады. Мүндай дастандардың қатарына “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-
Кебек”, “Айман-Шолпан”, “Ақбөпе-Сауытбек” сияқгы шығармаларды
жатқызуға болады. Бүлардың біразының авторы болған, бірақ сол авторлық
дүниелер ел арасына тарап, бірте-бірте фолыслорлық сипат қабылдаған.
Соның нәтижесінде олардың халықгық варианттары пайда болған. Сондай
шығармалардың ішінде, әсіресе, елге кең тарағандары - “Құл мен қыз”, “На-
зымбек пен Күлше”, “Талайлы мен Айымқыз” сияқгылар. Бүл дастандарда
екі жастың махаббаты әлеуметгік мазмүнда баяндалады. Олардың сюжеттік
желісі, әдетге мынадай болып келеді.
I. Қыз бен жігіт бір-біріне ғашық болады, жігіт - кедей, қыз - бай
түқымы. Бірақ қызды басқа біреуге атастырып қойған;
II. Жастар қосылу жағдайы болмаған соң бірге қашып кетеді;
III. Оларды қуғыншылар тауып алады, кейде екі ру дау-дамайға
түседі;
IV. Жігіттің руы айып төлейді, немесе екі жасты қызды даулаған
рудың еркіне тапсырады;
V. Екі жасты өшіккендер елтіріп тынады, кейде оларды ажыратып,
қызды атастырған жүрты алып кетеді.
Осындай типтік сюжетке қүрылған шығармалар қазақ қогамының
болмысын, рулардың ара-қатынасын барынша шыншылдықпен көрсетуге
тырысады. Бұларда пәлендей бір архаикалық сарын, мифологиялық ұғым
кездеспейді, қиял-ғажайыптық жағдайлар да жоқтың қасы.
Ертегіпік қазақ дастандары
ескі әпсаналар мен хикаяларды негізге
алады да, сол сюжеттерді дәстүрлі эпос пен шығыс дастанының поэти-
касын ұштастыра жырлайды. Мұндай дастандар, негізінен, XIX ғасырдың
аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысында пайда болған, ал мүның өзі
қазақтың фольклорлық, әсіресе эпикалық дәстүрі кеңес өкіметі кезінде де
өшпегенін айғақтайды. Осындай шығармалар деп “Құбағұл”, “Жаскелең”,
“Құламерген”, “Аяз би”, “Қыдыр, ақыл, бақ”, “Жетім мен уәзір” сияқты
дастандарды атауға болады. Бұлардың қиял-ғажайып сипаттағысы
XIX ғасырда, ал тұрмыс-салт сипатындағылары XX ғасырда дастанға
айналған. Алғашқылары көбінесе батырлық эпос үрдісінде болса, кейін-
гілері хикаялық (новеллалық) дастанға жақын. Мәселен, XIX ғасырда
пайда болған ертегілік дастандардың мазмүны эртүрлі болғанымен бэріне
ортақ, мынадай типтік сюжетті анықтауға болады;
I. Перзентсіз ата-ана, кгйіпкердің ғажайып тууы мен өсуі;
II. Қыз бен жігіттің бір-біріне түс көріп, ғашық болуы;
III. Жігіттің қызды іздеуі, қыздың ауылына келуі, екеуінің кездесуі;
IV. Жігіт пен қыздың қашуы, қуғыншылардың жетуі;
V. Қуып келген қолмен жігіттің шайқасуы, жеңуі, еліне аман-есен ке-
Достарыңызбен бөлісу: |