Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод


әдепке  қаишы.  Оның  қай  ісін  алсаңыз  да  солай.  «Сәбилі  болдың»  -  деп ІШ



Pdf көрінісі
бет28/36
Дата06.02.2017
өлшемі22,51 Mb.
#3547
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36

242

әдепке  қаишы.  Оның  қай  ісін  алсаңыз  да  солай.  «Сәбилі  болдың»  -  деп
ІШ 
сұрап  келген  эйелді  тарсылдатып  сабауы,  құда  аулына  апаруға 
алып шыққан бірнеше саба қымызды сайға төгуі, жергекге жатқан «айдай 
қозыны»  көре  сап,  мені жұтатын жалмауыз» деп  атауы,  құца  болған  сер- 
тінен таюы, «жетім ұлга қыз бермеймін», -  деп  елден үдере көшуі, құдай 
атымен Қозыға атастырып қойған  қызын малын сақтау үшін Қодарға бео- 
мек  болуы,  ақыр  аяғы  Қодармен  бірігіп  Қозыны  қудалауы 1  осының  бэрі
қазақ  <;алты  м®н  Пфпын  бұзушылық.  Сондықтан  да  оны  еш  жерде  еш- 
кім  қабылдамаи,  Алтай  мен  Балқаш,  Шу арасында,  Бетпақга  қаңғырып
жүреді,  тоқсан  мың  жылқысы  шөлге ұшырайды.  Елден безген Қарабай 
ең соңында өз перзентінен^әке естімейтін сөз естіп,  бейшара халге түседі 
бірақ оның  топастығы  сондай  -  ол  бейбақ  өзінің  қандай  күйде тұрғанын 
сезоеиді де. Міне, эпостың, оны айтушылардың Қарабайға шығарган үкімі 
осы.  Ьүл  үюмді  тыңдаушылар  да  қабыл  алып,  Қарабай  бейнесінен  жи- 
ренген,  сөипп  зүлымдықтан,  жауыздықтан  сақтануға  тырысқан.  Демек
мүндаи образдар да ойлана, түсіне білген кісіге ғибрат беріп, жамандықган 
тазаруға шақырады. 
л
Ж ырдага  ізгілік  пен  зұлымдықтың  тайталасы  оқигаға  Қодар  арала- 
суымен  күшеие түседі.  Қодар да -  жағымсыз  кейіпкер,  бірақ Қарабайдан 
өзгеше.  Ол  екі  түрлі  сипатга  бейнеленеді.  Бірде  |   мақганшақ,  езімшіл, 
қара  күштің иесі  болса,  бірде -  ересен  еңбеккер, Қарабайдың тоқсан мың 
жылқысын Бетпақ шөлінен күндіз-түні құдық қазып, шығынға ұшыратпай, 
аман-есен  алып  шығады  эрі  қысы-жазы  мал бағып,  Қарабайдың дәулетін 
өсіреді. Бірақ осыған қарамастан эпосты орындаушылар да, тыңдаушылар 
да оны үиатпайды, жауыз деп  есептейді.  Неге?  Оның себебі -  Қодар  адал 
азамат емес, жымысқы әрекеттердің шебері. Өзінен басым түскен Қозыны 
ашық шайқаста  емес,  ұйықгап  жатқанда  өлтіреді.  Міне,  ең  алдымен  осы 
арамдығы үшш ел оны жек көреді.  Сонымен қатар Қодардың екіжүзділігі 
оны жексұрын  етіп керсетеді.  «Аударыспақ ойнап»,  Қозыдан жеңілген ол 
бұрын  қоразданып  жүрсе,  еңді  қулыққа  кешеді,  Қозыға  «дос  болайық», 
Деп  етірік  кішірейеді.  Сейтіп  Қозыны  алдайды  да,  ішіне  кек  сақгап 
қалады,  ақыры  қапыда  мерт қылады.  Қодардың  басқа да қылықтары  оны 
эшкерелей түседі.  Ауылдағы жай адамдарға, қыз-келіншектерге батырсы- 
нып, қоқан-лоққы жасап үйренген Қодар алыстан келген Айбастан «таяқ» 
жеп қалады, Қозыдан оңбай ұтылады.  Әділін айтқанда,  Қодарда кеп күш- 
қайрат  бар,  бірақ  ол  батыр  емес,  ауылдағы  басбұзар  тентек  деңгейінде 
керінеді.  Оның бар  «ерлігі» — тоқсан  серіні  бірінен соң бірін жеңіп,  езіне 
құл етш алуы ғана. Соның езінде де оның әрекеті күлкі тудырады. «Ауылға 
жау  шапты»,  — деп  елді  даңғаза  қылады.  Тоқсан  серімен  айқасының  езі 
батырдың жаумен  шайқасы емес,  білегінің күші бар даңғойдың ісі болып 
көрінеді.  Қодардың  даңғаза  тентек  екенін  жыршылар  тағы  бір  жағдайда 
көрсетеді.  «Тазша» деп жүрген адам -  Қозы Көрпеш болып шыгып, Баян- 
мен  «қалыңдық  ойнап»  жатқанын  естіген Қодар  елді  басына  көтеріп,  шу 
шығарады,  бірақ түк бітіре  алмайды.  Сол  сияқты  араққа құламай,  қашып
243

кеткен Қозының соңынан жете алмаған Қодар ауылга қайтып келіп, жұртқа
мақганады, коптің алдында «осы балтамен Қозыны өлтірем» — деп, балта-
ны сүйіп-сүйіп алады; содан соң елді улатып-шулатып жоніне кете барады.
Бүл эпизодтарды  жыршылар сатирапық планда жырлап, тыңдаушыларын 
күлкіге қарқ қылады. 
’ 
’  пч  :• - • 

Жалпы,  Қодардың  мінез-құлқы  да,  қылықгары  да,  сыртқы  пішіні 
де  сарказммен  баяндалып,  суреттеледі.  Мысалы,  оның  сырт  пішіні  адам 
күлерлік:  «Анық он  кез  өзінің  бойы  бар,  жауырыиының жалпагы  үш  жа- 
рым  кез,  сыңар  жұдырыгы  қолагаштай,  ұзыны  жауырының алты  қарыс». 
Оның  осы  денесі,  былай  қараганда,  алыпқа  лайық,  бірақ  жыршы  оны 
келеңсіз  етіп  көрсетеді,  мазақ қылады.  Осы тон  Қодардың ересен  еңбегін 
баяндаганда да сақталады. Ол тоқсан мың малды шолден алып шығу үшін 
талай кұдық қазып, су шығарады, суы жоқ қүдыққа меспен су тасып құяды; 
оның қарқынына шыдамай,  астындағы аты болдырады, Қодар жаяу жүріп 
су тасиды,  аяғы  қанап, жаралы болса да қазуын  қоймайды.  Осының бэрін
жырда  күлдіргі  түрде  әңгімелеиді,  сөитіп  жыршының  ирониясы  көрініп 
түрады. 
'  ь  Ц
Қөдар — өзімшіл  адам.  «Арқаға  қызы  сұлу  бай  көшіпті» дегенді  ести 
сала Қарабайдың  ізіне түседі,  ауылын табады.  Сондағы оның ойы -  Сұлу 
қызды  алу,  мұнысын  Қарабайға ашық айтады.  Екеуі  келіскеннен  кейін ол 
қара жұмысқа  кірісіп  кетеді.  Қызды  керген де жөқ,  оның мән-жайын  біл- 
ген  де  жөқ.  Қүдық  қазып,  мал  бағып  жүре  береді.  Қызды  сыртынан  ием- 
деніп,  онымен  сөйлесуді  де  білмейді,  сөйлесу  керек деп ойламайды.  Қыз 
оны  ұната  ма,  жоқ па, -   онда  шаруасы  жоқ.  «Өзімдікі  дұрыс,  басқаны не 
қылам», -  деген түсінік. Міне, Қодардың осы қылығы да күлкі тудырады.
Қарабайға қарағанда Қодар ақымақгау, ол ештеңені ойланып істемей- 
ді,  ешнәрсенің парқына бармайды.  Қарабайдың алдауына оп-оңай түседі, 
оның  «қызымды  саган  беремін»,  -  дегеніне  сеніп,  ұзақ уақыт  құл  болып 
жүреді. Баянның басы бос па, элде ол біреуге атастырылып қойған б а -  онда 
шаруасы жоқ, тіпті ойына да алмайды. Қарабай құдай атымен құда болған 
сертінен  айнып,  күнәға  батып  жүрсе,  Қодар  онымен  сыбайлас  болып,  өзі 
білмей күнэға батады:  біреудің қалыңдығын тартып алуға күш салады, ал 
бұл шариғатқа да, адамдыққа теріс қылық екені белгілі. Жырда Қодардың
жан-жақты  ашылған,  бұл  қай  жағынан  болса  да  толық  сомдалған  образ. 
Тіпті өлгеннен кейін де Қөдар екі бейіттің арасына тікенек бөлып шығып, 
езінің қаскүнемдік болмысын о дүниеде де көрсетеді.
«Қөзы  Көрпеш  -   Баян  Сұлу»  жыры  классикалық  фольклорға  тэн 
көптеген  көркем  тэсілдер  мен  бейнелеу  құралдарын  пайдаланады.  Кең 
құлашты  эпөсқа  тән  баяндау  жырдың,  бір  жағынан,  эмоциялық  қуатын
244

арттырса,  екінші  жағынан  драмалық  мэнін  күшейтеді.  Асықпай,  баяу 
өрбіген  оқигалар  тізбегі  тыңдаушыны  ынтықтыра  түседі.  Мэселен,  Баян 
туралы,  оның  сұлулығы  жайында  бүкіл  елге  тараса  да,  Қозы  оны  элі 
көрген  жоқ.  Оның  әдемілігі  жөнінде  жыршы  баяндайды,  Айбас  айтады, 
қоишы  әңгімелейді,  бірақ  Қозы  қызбен  элі  жүздескен  жоқ.  Жырдың тең 
жарымы  айтылды,  алайда  қыз  бен  жігіт  әлі  кездескен  жоқ.  Ел  мақтаған 
сұлуды  Қозы көруге ынтық,  онымен бірге тыңдаушы да қызды  көргісі  ке- 
леді,  екі  ғашықгың  кездесуін  асыға  күтеді,  олар  қандай  жагдайда,  қалай 
көріседі  -   соның  куэгері  болуды  қалайды.  Міне,  жыршы  осылай  өзінің 
аудиториясын елтітіп, эмоҢиялық сезімге орайды.  Сонымен бірге орында- 
Ушы  қайталау тәсілін  жиі  қолданады.  Әсіресе, Айбастың Қарабай аулына 
барып  қайтқан  сапары  тәптіштеліп  баяндалады  да,  оның  жүрісі,  әр  жер- 
дегі  ісі  қайталанып отырады. Дэл осындай жағдай Қодардың тоқсан  сері- 
мен  кезек-кезек  айқасын  суреттегенде  де  кездеседі,  сондай-ақ  Қозының 
Баянды  іздеп  шыққан  жолдағы  жағдайы  мен  мехнаты  да  тармақтар  мен 
шумақгардың  қайталануы  арқылы  көрсетіледі.  Мүндай  қайталаулар, 
әдетте,  эртүрлі  мақсатта  пайдаланылады.  Біріншіден,  бас  кейіпкерді 
дәріптеу  үшін  оның  жеңетін  қиындықгары  (богеттері,  дүшпандарымен 
күресі)  қайталанады; 
екіншіден,  эпикалық  пафосты  күшейту  үшін 
оқиғалар,  эпизодтар  қайталанады,  ғылымда  оны  «ретарлятгйяц~^
рйді
 • 
үшіншіден,  тыңдаушылардың  ынтасын  арттыру  үшін,  немесе  маңызды 
деген сэттерге коңіл бөлу үшін  қайталау қолданылады; төртіншіден, баяу
жэне  қайталап  айту  мэтінді  есте  жақсы  сақтау,  яки  жаттап  алуға  жеңіл 
болу үшін пайдаланылады.
Күллі фольклор сияқты, мұндада контраст, антитезатэсілі басым. Қарабай 
мен Сарыбай,  Қозы мен Қодар — бір-біріне қарсы,  антитезалық кейіпкерлер. 
Олар сыртқы пішінімен де, іс-қимылымен де, дүниеге деген көзқарастарымен 
де,  ішкі  жан-дүниесімен  де  өзара  қайшы,  кереғар.  Арам  пиғылды  Қарабай 
мен зорлықшыл тентек Қодар бір лагерьде болса, оларға қарсы лагерьде Са- 
рыбай мен Қозы.  Екі лагерьдің қарсылығы -  ашық контраст. Сонымен қатар 
фольклорда  жасырын  контраст  болады.  Мұны  «Қозы  Көрпеш»  жырында 
да  ұшыратамыз.  Айталық,  Баянды  іздеп  алыс  сапарға  шығу  үшін  Қозы  ат 
таңдайды.  Жылқыны  аралап жүрсе, ұсқынсыз бір күрең тай  бұган қарай бе- 
реді. Қозы соны таңдап, жүгендейді, сол кезде ол әдемі қүнан болады, ерттеген 
кезде -  дөнен болады... Соңында керемет жануар болып шығады да, Қозының 
ақылды  жәрдемшісіне  айналады.  Бұл  тұста  гипербола  тэсілі  қолданғаньш 
кереміз. Осы тэрізді әсірелеу жьфдың басқа да эпизодтарында, кейбір мифтік, 
діни кейіпкерлердің іс-эрекетгерінде де ұшьфайды.
«Қозы  Көрпеш  — Баян  Сұлу»  жырында  көркем  шыгарманың  сэнін 
келтіріп  түратын  алуан  түрлі  бейнелеу  құралдары  да  кеп:  эпитет,  теңеу,
245

параллелизм, метафора, символ, т.б. ӘсІресе, халық дэстүрі мен ұғымында 
қалыптасқан символдар ұтымды қолданылған. Мысалы, қалыңцығын іздеп 
шығуға  тэуекел  еткен  Қозыға  шешесінін  жолда  болатын  қиындықгарды 
жұмбақгап  айтуы,  немесе  Сарыбайды  іздеп  келе  жатқан  адамдарға 
Қарабайдың  «Ертіс  басы  -   Қарадең  жерғе  кетті,  Бейнетещз  деитұғын 
көлге  кетті,  бес  жүз  киік  соқгығып,  соны  қуып,  жолы  қиын  Бетпақгаи 
шелғе  кетті», -  деп  Сарыбайдың  келмеске  кеткенін тұспалдап  естіртуі,  я 
болмаса Қарабайдың үйіне келғен Қозының сол сәтте үйде отырған адам- 
дарды «ақ қасқыр», «қара інғен», «боз тайлақ», -  деп сипатгап, езінщ неғе
келгенін жұмбақ егіп айтуы -  фольклорлық симвоадардың әдемі үлгшері. 
Бұлар эпоста үлкен эмоциялық жүк кетеріп тұр. Байқасақ, олар, непзінен, 
психологиялық эпизодгарда қолданылып,  кейіпкерлердің іштей  қиналып,
нақты  бір  ойды  дұрыс  жеткізуді,  немесе  бір  шешім  қабылдауды  кажет 
ететін  шақгарын, яғни оның ауыр сынға түскен  сәттерш суретгеиді  екен. 
Бұл  да  жыршылардың  жай  орындаушы  емес,  шеберліп  зор  талант  иесі
екенін дәлелдесе керек.
Сонымен,  ойымызды  қорытып  айтатын  болсақ,  осыдан  мың  жа-
рым  жыл  бұрын  пайда  болған  көне  сюжет  тарих  кешіне  ілесіп,  біздш 
заманымызға  жетіп,  элі  күнге  дейін  жұртгың рухани  азығы  болып  отыр. 
Алғашында  Алтай  еңірінде,  түркілердің  бірлігі  кезінде  туып,  олар  кеиін 
бірнеше ұлысқа белінген шақга қыпшақ тілді тайпалар арасында бұл сю- 
жет жүйеленген қомақты фольклорлық шығармаға айналған.  Алтын Орда 
заманында  бір  мемлекет  құрамына  енген  қыпшақ  тілді  түркшердш  сая- 
си,  экономикалық,  мэдени  бірлігі  орныққан.  Осы  кезеңде  әлп  шығарма 
нақтыланып, осы күнгі атауға ие болады да, Алтын Орда түркшершш ортақ 
дүниесіне айналады.  Алтын  Орда  ыдырап,  бірнеше хандық паида болып, 
түркі жұрты тағы шашырағанда, ол туынды эр халықгың аузында кете ба- 
рады.  Сөйтіп, эр елде бұл шығарма эр түрде эңгімеленетін болады.  Қазан 
мен  Кешім  хандықтарындағы  түркілер  оны  дастан  етіп  жырласа,  қазақ 
халқы үлкен эпосқа айналдырады.  Ал, Ресейге ерте бодан болған елдерде 
бұл  шыгарма таза  поэзия  формасын  жоғалтып,  қара  сезбен  баяндалатын 
болады да, жай  ертегі, яки эпсана,  немесе батырлық ертегі  жанрына ауы- 
сады  Қазақстанда эпикалық дэстүр мен жыршылық енердің элсіремеуінш 
арқасында  эпос  дами  түсіп,  «Қозы  Керпеш»  таза  ғашықгық  жыр  болып 
қальштасады  да,  ежелдей  аралас  жүрген  қыпшақ  тілді  түркшердің  осы 
сюжеттес шығармаларына ықпал жасайды. Соның нэтижесінде бүрыннан 
бэріне  ортақ  сюжетке  құрылған  туынды  енді  одан  әрі  жақындасып,  кеп 
ұқсастыққа ие болады. Бірақ соған қарамастан эр халықтың езі аитып кел- 
ген  ескі  шығарма,  қанша  сьфттан  эсер  болғанмен,  езіндік  сипатын  мол 
сақгап, бір  шығарманың жеке-жеке ұлтгық версияларын  құраған.  Сондай
246

версиялардың  бірі  -   қазақтың  «Қозы  Көрпеш  -   Баян  Сұлуы».  Жоғарыда 
айтылғандай,  бұл  шығарма  бір-біріне  іңкэр  болған  қыз  бен  жігіттің  шы- 
найы  сезімін  жырлап,  олардың  қосыла  алмаған  аянышты  тағдырын  баян 
етеді. Жыр трагедиямен ~ екі ғашықтың опат болуымен аяқталса да, өлімді 
махаббатқа  жеңгізген  құдіретті  сезімді  дәріптеп,  екі  жастың  биік  рухын 
паш етеді, сөйтіп, өмірді жеңгенмен, сүйіспеншілікті жеңе алмайтындығын 
аиқын  дәлелдейді.  Бұл  эпостың  өлмес  махаббат  гимніне  айналуы  да 
сондықтан.  Жырға  айналғаны  да  осыдан.  «Қозы  Көрпеш  — Баян  Сұлу» 
біздің дэуірде  пьесаға,  фильмге  айналды,  қалың  елдің  жүрегінде жаттал- 
Д ы .  
Өлмейтін, өшпейтін өнерге, тозбайтын, көнермейтін өнегеге айналды. 
«Қозы  Көрпеш — Баян  Сұлу» жыры  адалдықтың,  пәктіктің,  тұтастықгың, 
шынайы  мөлдірліктің  символы  ретінде,  мінсіз  жыр  үлгісі  ретінде  мәңгі 
сақталады, болашаққа қызмет ете береді.
Сілтемелер және ескертпелер:
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,  1991. 2-басылуы.  115-116-6.
2. Марғұлан Ә. Қозы Көрпеш -  Баян Сұлу кешені. Алматы,  1994. 23-6.
3. Сонда. 5-6.
4.  Бұл туралы  кеңірек  қараңыз:  Қасқабасов  С.  «Қозы  Көрпеш -  Баян Сұлу» 
жыры  жэне  түркі  эпостық дэстүрі  //  «Қозы  Көрпеш  -   Баян  Сұлу»  эпосы  жэне 
түркі элемі. Алматы, 2003. 6-11-6.
5.  Косвен  М.  Матриархат.  Этнографические  материалы  //  Ученые  записки 
МГУ.  Вып.61.  История.  М.,  1940.  Т.2.  С.  92,  93,  103,  120,  125, т.б.  Першиц  А.И., 
Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобытного общества. М.,  1983. С. 74-76,
141-142.
6. Қазақ эдебиетінің тарихы. Апматы,  1960.  1-т.,  1-кітап. 511-512-6.
7. Қазақ эдебиетінің тарихы. Алматы,  1961. 2-т.,  1-кітап. 367-6.
247

«ҚЫЗ Ж ІБЕК» Ж Ы РЫ
Қазақ  романдық  эпосының  классикалық  үлгісінің  бірі  — «Қыз  Жі-
бек»  жыры.  Бүл  да -   ерте  заманда туып,  Қазақ хандыгы түсында  өнерге
айналган  көркем  шыгарма.  Мүның  ең  басты  ерекшелігі  — үлкен  екі  сю-
жеттен  түратындыгы.  Ягни  «Қыз  Жібею>  — екі  бөлікті  шыгарма.  Бірінші
бөлімінде  Төлеген  мен  Жібектің сүйіспеншілігі  мен  Төлегеннің  қарақшы
Бекежанның  қолынан  мерт  болганы  баяндалады.  Ал,  екінші  бөлімнің
мазмұны  -   Төлеген  өлгеннен  кейінгі  Жібектің  тагдыры  және  оның  Сан- 
сызбаймен қосылуы.
Жырдың  жалпы  нобайы  мен  тақырыбына,  сюжеттің,  оқиганың  даму 
логикасы мен композициясына қараганда, оның бірінші бөлімі өзінше жеке 
шыгарма болып туып, ел арасына тараган болу керек. Мүндай пікірді кезінде 
Ғабит Мүсірепов те айтқан екен [1]. Бүл бөлім жеке күйінде нагыз гашықгық 
жырдың үлгісі  болып көрінеді, ягни бірін-бірі сүйген екі жастың бақытсыз 
тагдырын  баяндаган  болу  керек.  Ондай  жагдайда  жеке  жыр  ретінде  өмір 
сүрген бүл бөлім трагедиямен аякталган деп ойлауга болады:  Төлеген опат 
болганын  білген Жібек өмірмен өзі қоштасқан тэрізді.
Композициялық қүрылымы бойынша жырдың алгашқы бөлімі, негізі- 
нен, «Қозы Көрпеш -  Баян Сүлу» секілді таза романдық эпосқа жақын:
1.Толегеннің  ерекше  жагдайда  дүниеге  келуі:  алдыңгы  сегіз  бала 
шетінеп кеткеннен кейін, солардың өтемі ретінде тууы.
2.  Қалыңдық іздеп, сапар шегуі.
3. Болашақ қайын жүртына келуі.
Рас, Төлегеннің қызды іздеу сапары мен арудың аулына келуі Қозыдан 
гөрі  өзгеше.  Ол  Қозы  сияқты үзақ жүрмейді,  қиналмайды жэне  жасырын 
Да келмейді.  Толеген  ашық келіп,  озінің  мақсатын  ашық айтып,  елге жа- 
рия  етеді,  Қозы  секілді  мал  багып  жүрмейді.  Есесіне  ол үнатқан  қыздың 
әкесіне қалыңмал төлеп, «заңды» күйеуге айналады. Қайын жүртьшда Жі- 
бекпен ойнап-күліп үш ай түрады да, еліне қайтады. Бірақ экесі Төлегенге 
қайын жүртыңа келесі жылы барасың деп, дереу аттануга рүқсат бермейді. 
Алайда,  Төлеген  экесінің  тыйымына  қарамай,  жалгыз  өзі  жолга  шыгып, 
айдалада қарақшылардың қолынан мерт болады.
Міне, осылардың бэрі ертегінің қүрылымын еске түсіреді: кейіпкердің 
бірнеше  баланың  олімінен  кейін  тууы,  ягни  Қүдайдан  тілеп  алган  пер-
248

қыз іздеп,  алысқа сапар  шегуі,  қыздың еліне  келуі,  қыз 
әкесшщ  талалтарын  орындауы,  қызға  үйленуі  жэне  қыздың  елінде  біраз 
уақыт түруы мен еліне қайтуы. Тіпті, әкесінің баласына тыйым салуы мен 
1
 өлегеннщ  тыадамай  кетіп  қалып,  опат  болуы  да  ертектегідей:  тыйым
-   тыиымды  бұзу  §  жаза  тарту.  Бүл  мотив  |   ертегінің  өзегі.  Әрине,  эпос 
оұларды өте көркем эрі лирикалық мағынада көрсетеді. Мэселен, Телеген 
жаи ғана, еріккеннен қыз іздемейді. Ол тек өзі ұнатқан, сүйген қызды ғана 
алмақ  ниетпен  іздейді.  Төлеген  ондай  қызды  табады,  оны  құлай  сүйеді 
қыз  да  оны  сүйеді,  сейтіп,  екеуі  аз  уақытқа  болса  да,  бақыт  құшағында 
оолады.  Төлегеннщ  Жібекті  сүйгені  соншалық,  ол,  тіпті,  экесінің  тыйы-
мын бұзып, сүйіктісіне берген уәдесінен шығу үшін қатерлі жолға жалғыз 
шығады.
Төлегеннің мерт болған жағдайы да ғашықгық жырға сай көрсетіледі: 
дұшпаны  оны  қырық  күншілік  шөлдегі  Қособа  деп  аталатын  жерде 
қапысын  тауып  өлтірді.  Жердің  Қособа  аталуының  өзі  -   трагедиялық 
оқиға болатынын  аңғартады.  Төлегеннің өлімі де романдық эпос ауанына 
сәикес: ол қырық қарақшымен күні бойы  атысады. Астындағы болдырған 
Көкжорға  да  түрып  қалады.  Бекежан  болса,  оның  сыртынан  жасырын 
келш  атады.  Егер  Бекежан  бетпе-бет келсе,  Телеген  бой  бермес  еді дейді 
жыр. Сонымен, Төлеген батқан күнмен бірге қапыда өледі...
Ғаітаіқтық 
жанрының заңы бойынша Төлегеннің өлгенін  естіген
Қыз  Жібек  өзі  де  өмірмен  қоштасуы  керек  еді.  Алайда,  ол  олай  етпейді,
тірі қалады. Енді оқига эрі қарай дамиды.  Осылай «Қыз Жібек» жырының 
екінш і -бөлімі басталады.
Бұл  бөлім  —  батырлық  эпос  мэнінде  .баяндалады:  Төлегеннің  інісі 
Сансызбай  хабарсыз  кеткен  ағасын,  оның  эйелін  іздеп  шығады,  бірақ 
ол  тек  Жібекті  ғана  табады.  Жесір  қалған  жеңгесін  зорлықпен  алғалы 
жатқан  қалмақпен  соғысып,  Жібекті  алып,  аулына  қайтады.  Осы  желі- 
ге  құрылған  екінші  бөлім,  яғни  Сансызбай-Жібек  бөлімі  -   эпикалық 
жанрда  жиі  кездесетін  эпилог  болып  шыққан.  Әдетте,  мұндай  эпилогта 
экесінің, немесе ағасының істей алмай кеткен шаруасын баласы, я болма- 
са  іш сіжалғастырып,  тындыратын  болған.  (Мұны  ғылымда^ійёж фелш 
Іұіастаі^у»  деп  атайды).  Ол  экесінен,  яки  ағасынан  элдеқайда  күшті  бо-
лады  да,  олардың  шамасы  келмеген  жауларды  түгел  жайратады,  сөйтіп, 
олардың өсиетін жүзеге асырады.
«Қыз  Жібек»  жырында  мұндай  рөлде  Сансызбай  корінеді.  Ол 
ағасының  алысқа,  Жібек  аулына  жол  тартқанда  «олай-бұлай  боп  кетсем, 
асыл туған Жібекті еш жаманға қор қылмай, өзің бір алып, сүйгейсің» деп 
айтқан  өсиетін толық орьшдайды.  Қалмақтың  ханы  Қоренді  жекпе-жекте 
өлтіріп, қалың қалмақ қолын қырады да, жеңгесін алып, еліне қайтады.
Жалпы,  осы  екінші  бөлімнің  сюжеті  өте  көне  болып  есептеледі.  Ол 
сонау ежелгі рулық қауымда жігіттің  өз қальщдығын (немесе эйелін) жау 
қолынан  азат еткені туралы айтатын аңыздау түрінде пайда болған сюжет. 
«Қыз  Жібекте»  бұл  сюжет  тарихи  тұтастануға  сэйкес  кейінгі,  ХҮІ-ХҮІІІ
249

гасырлардағы  қалмақ-қазақ ұрыстарының  бір  көрінісі  болып  шыққан  да, 
қаһармандықпен  қатар лирикалық мазмұнда баяндалған.
Сонымен,  көзіміз жеткені — «Қыз Жібек» жыры  фабуласы әртүрлі, эр
кезде туған екі сюжеттен құралған эпос екен. Қалыңдығын (немесе әйелін)
жау тұтқынынан ерлікпен  босатып  алған  жігіт туралы  көне  қаһармандық
сюжет  бағы  ашылмаған  екі  ғашық  жөніндегі  романдық  эпосқа  кірігіп,
осы эпостың жалғасына айналған да, Жібектің күйеуі — Төлеген өлгеннен
кейінгі  тағдырын  көрсетеді.  Ал,  енді  осы  айтылған  контаминация  қашан
және  не  үшін  жүзеге  асқан?  Біздің  топшылауымызша,  ежелгі  сюжеттің
ғашықгық жырға енуі XVIII ғасырда жүзеге асқан секілді, себебі бұл тұста
Қазақ фольклорында эпикалық дәстүр мен шығармашылық мейлінше өріс 
алып, дамыған болатын.
Қазақ  тарихында  XVIII  ғасыр  —  ұзаққа  созылған  ең  бір  жаугер- 
шілік  заман  болып,  қазақ  халқы  жоңғар  басқыншыларымен  және  Еділ 
қалмақтарымен жерін, елінің  тәуелсіздігін сақгау үшін сан рет соғысқаны 
белгілі.  Осы  дүрбелең  дәуір  ақындар  мен  жыршыларды  ежелгі  ру- 
тайпалық  эпостарды  қайта  жырлауға,  жаңғыртуға  мәжбүр  етті.  Олар 
жаңадан  жырлағанда  сол  шақгағы  қоғам  алдында  тұрған  мақсат-міндет- 
терге  сай  етіп  жырлады  жэне  жаңа  шығармалар  тудырды.  Сөйтіп,  қазақ 
эпосы  тарихи  тұтастануға  түсті.  Мұхтар  Әуезов:  «Жырдың  екінші  са- 
ласы  осы  жаугершілік  заманға  келіп  килігеді.  Жайық  бойындағы  аз  ру 
шектілерге  торғауыттардың  ол  кезде,  белгілі  бір  кезеңде  үстем  болуы 
рас»  [2], -  деп жазуы  біздің ойымыздың дұрыстығын  көрсетсе  керек.  Со- 
нымен  «Қыз  Жібек»  жырының  екі  бөлімі  XVIII  ғасырда  қосылып,  тұтас 
бір  коркем  шығармаға  айналған  деп  айта  аламыз.  Сансызбай  туралы 
бөлімнің қосылуының тағы бір себебі — жыршылар мен тыңдаушылардың 
Жібектің  эрі  қарайғы тағдырын білгісі  келуі  мен жұртшылықгың жырды 
бақытты  аяқталуын  қалауы.  Тегінде,  фольклорлық  шығармалар  әрқашан 
жақсылықпен аяқталады: ертегіде бас кейіпкер зұлымдықгың бэрін жеңіп, 
сүйгенін алып, барша мұратына жетеді; эпоста да солай, батыр барлық жа- 
уын жайратып,  елге тыныштық орнатады,  арманына жетеді.  Бұлай болуы 
халық арманы мен эстетикасынан туындаған заңдылық.
Жібек  пен  Сансызбай  туралы  сюжеттің  жырға  эпилог  болып  енуі, 
сөз жоқ,  эпостың  бірінші  бөліміне  де  өзгеріс  енгізген.  Оны  мынадай  мо- 
тивтер  мен  эпизодтардан  көруге  болады:  Төлегеннің  еліне  қайтып  ке- 
луі;  Базарбайдың  Төлегенге  қайтадан  Жібекке  баруына  рұқсат  бермеуі; 
Төлегеннің  алыс  жолға  жалғыз  кетуі;  Төлегеннің  Сансызбайға  Жібекті 
тапсыруы; Жібектің Сансызбайды күтуі; Жібектің Сансызбаймен қосылуы, 
т.б. 
Жоғарыда  айтқандай,  жырдың  бірінші  бәлімі  Төлегеннің  жэне 
Жібектің  өлімімен  аяқгалуы  керек  еді.  Ғашықгардың  арасына  Бекежан 
кіріп, Төлегенді өлтіруге тиісті еді. Бэлкім, Ғабит Мүсірепов айтқанындай, 
бірінші бөлім  әдепкі түрінде осылай  аяқталған да шығар.  Алайда, жырда 
Бекежан Төлегенді дереу өлтірмейді. Ол Төлегенге эйелімен үш ай тұруға 
мүмкіндік береді. Бекежан арам ойын ыңғайлы жағдайда орындамақ, яғни
250

Төлеген  жеке  қалғанда  өлтірмек.  Ондай  сәт  туады  да:  Төлеген  әкесінің
рұқсатынсыз  Жібектің  аулына  жалғыз  шығады.  Неге  бұлай  болады?  Ба-
зарбай неғып өзгеріп қалды? Оның өзі  емес пе еді  Төлегенге қыз айтгыр-
май. сүйгенін алсын деп, ерік беріп қойған? Төлеген Жібектің еліне алғаш
аттанғанда рұқсат берген де өзі еді ғой? Енді неліктен ол екінші рет баруға 
қарсы бола қалды?
Жырда бұл сұрақгарға жауап берілмейді, Базарбайдың өзгеріп қалғаны
Да түсіндірілмейді.  Жыр  мен жыршылар үшін ең басты  нэрсе  бұлар емес.
Олар үшін аса маңызды нәрсе — Базарбай Төлегеннің тақдауына риза емес,
сол  себепп  ол  баласына  рұқсат  бермейді.  Ал,  Төлеген  болса,  әкесінің
рұқсатынсыз, батасын алмай, жолға жалғыз шығады.  Оның соңынан еріп,
біраз жерге дейін жылап  шыгарып  салған -  жалғыз  інісі  Сансызбай.  Сан- 
сызбаимен қоштасып тұрып, Төлеген оған:
Олай-бұлай боп кетсем,
Асыл туган Жібекті 
Еш жаманға қор қылмай,
Өзің бір алып, сүйгейсің! -
деп табыстайды.
Міне,  осы  агайынды  екеуінің  қоштасуы  мен  арыздасуы  —  екінші
бөлімнің жьфға енгенін  ақтап тұр.  Төлегеннің осы сөздері жырдың бірін-
ші  бөлімінде  айтылады,  ал, осы  мәндес сөздерді  екінші  бөлімде Жібек те
айтады.  Өзінің мүшкіл халін баяндай келіп, жөн сұраған Шегеге ол былай 
дейді:
Тірі болса Сансызбай 
Жетер уақыты боп еді.
Біздей ғаріп міскінді 
Неге бір іздеп келмейді-ай?!
Жырдың  оқиға  желісі  бұзьшмас  үшін  бірінші  бөлімнің  аяқталуы  да 
өзгертіледі:  Төлегеннің  өлуі  эдетгегідей  емес,  яғни  ол  Жібектің  ауылын- 
да  өлмейді.  Ол  дұшпандармен  айдалада  шайқасып,  Жібектің  ауылынан 
жырақ жерде  оққа ұшады.  Сондықтан  Жібек те,  Сансызбай да оның  опат 
болганынан бейхабар. Тек сегіз жыл өткен соң ғана олар Төлегеннің өлгенін 
естқщ. Міне,  осы себепті Жібек Толегеннің артынан қоса өлмеген дегенді 
айтады  эпос.  Жібек  сегіз  жьш  бойы  сарылып,  Төлегенді  күтеді.  Жырдың 
қисыны  бойынша  Жібектің  ендігі  тағдырын  баяндау  қажет,  сөйтіп,  Сан- 
сызбай туралы сюжет еніп, жыр оқиғасы эрі  қарай дами береді.
Осы  еюнші  бөлімнің  мазмұны  лирикалықтан  гөрі  батырлық  эпосқа 
жақын. Сансызбайдың Жібекті алуы -  батырлық эпостағы қаһармандықпен 
үйлену болып шыққан. Ол кэдімгі батырларша жекпе-жекге өзі секілді ба- 
тырды  өлтіреді,  қалың  қалмақ  қолын  түгел  қырады.  Ал,  Төлеген  ондай 
емес-тін.  Оның  үйленуі  ғашықтық  жырдағыдай,  яғни  ол  қиындықпен
251

үйленеді:  екі  рет  қырық  күншілік  шөлден  өтеді,  экесінің  назасына  ші* 
геді,  қарақшылармен  шайқасады.  Осыдан-ақ  жырдың  екі  бөлімі  мазмүн 
жагынан екі түрлі, біріншісі — ғашықтық, екіншісі батырлық екені көрініп 
түр.  Бірақ  сөган  қарамастан  «Қыз  Жібек»  жыры  біртүтас  көркем  туын- 
ды,  мүнда  екі  бөлім  бір-бірін  төлықгырып,  үлкен  эпикалық  шыгармаға 
айналған,  ейткені,  бүкіл жырдың алуан түрлі  эпизодтары мен мөтивтерін
жымдастьфып түрған нэрсе -  махаббат тақьфыбы.
«Қыз  Жібек»  эпосын  махаббат  гимні  десе  де  болады.  Оның  нағыз
көркем  туындыға  айналу  мезгілінде,  яғни  ХУІ-ХҮИІ  ғасырларда  қазақ 
қоғамында  жеке  бастың  бостандығы,  махаббат  еркіндігі  туралы  мәселе 
мүндай  деңгейде  ашық  айтыла  бермейтін,  рулық  заманның  неке  мен  от- 
басына  қатысты  ежеқабыл,  қалыңмал,  көп  эйел  алу,  әмеңгерлік  сияқты 
салттары  үстем  болатын.  Солай  бола  түрса  да,  «Қыз  Жібек»  жырының 
шығуы сол дэуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым- 
түсінігінде белгілі бір дэрежеде өзгеріс бөлғанын айғақтайды. Төлегеннің 
де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі
— сол  кезендегі  жастардьщ  ойында,  көкірегінде  жүрген  арманын,  мүңын, 
тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осын-
да болса керек. 

„.
Төлеген -  қазақ эпөсы, тіпті, бүкіл қазақ фөльклоры үшін жаңа кешп-
кер. Ол Қозы Көрпештен де әзгеше. Қөзының бейнесінде батырлық қасиет 
көп.  Ал,  Төлеген -  нағыз лирикалық кейіпкер.  Ол  бай  болуды,  батыр  бо- 
луды  көксемейді.  Оның  арманы — өзіне лайықгы  сүлуды  сүю,  соны  өзіне 
әмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: «Батырлық, байлық кімде жоқ, 
Ғашықгық жені бір басқа». Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пнпр 
болған, яғни ел  ішінде махаббатты -  өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, 
оны  кез  келген  адам  біле  бермейді  деген  үғым  қалыптасқан.  Нақ  осын- 
дай  ерекше  сезім  Толегенді  экесінің  бата  бермегеніне  қарамастан  алыс 
жолға  жалғыз  аттандырады.  Телеген  үшін  өмірдің  мэні  де,  сэні  де -   ма- 
хаббат,  махаббат  үшін  күресіп,  өмір  сүру,  сүйгеніңе  үйлену.  Сондықган 
да болу керек, оның мінезі де, істері де эдеткі эпостағьщай емес. Ол аң да 
ауламайды,  мал  да  бақпайды,  жастайынан  батырлық  мінез  де  танытпай- 
ды,  батырлық өнерді де  үйренбейді.  «Періште сипатгы ұл»  боп тууының 
өзі -  оның ерекше сүлу  болатынын білдіреді.  Демек,  ол батьф болмайды: 
Телеген кәдімгі батырларша «сағат сайын» өспейді, бозбала кезінде ешбір 
ерлік  іс-эрекет  жасамайды.  Есесіне  он  екі  жасында  өзіне  пара-пар  сүлу 
қыз іздей бастайды. Он алты жасқа төлғанда ат түяғы жететін жерді түгел 
шарлап  шығады.  Қыз  Жібек  туралы  ести  сала  ол  еш  ойланбастан  жолға
шығады.
Егер  Қозы  Керпеш  қалындығының  ауылына  жалғыз  шығып,  көп 
қиындық  көріп,  үзақ жүріп  жетсе,  Төлеген  қасына  бірнеше  нөкер  ертіп, 
«жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп, Шекті  деген 
елге келіп, шатырды тігіп, жорғаларын жайып салып, жүртқа жар салады». 
Байқайтынымыз -  Төлеген алыс елге шаршамай-талмай, еш қиналмай, аз-
252

ақ күнде жетеді.  Оның қызды таңдауы да өзгеше.  Қызын  көрсеткен  эрбір
адамға бір жорғадан береді. Тіпті, Төлегеннің өзі Жібекке қүда түседі. Бүл
да -  оның ерекшелігі. Оның қүда түсу эдісі де айрықша. Алдымен жүртқа
жорға  таратып,  Шекті  еліне  «мырзалықпен»  танылады  да,  Қаршыға
арқылы Жібекті  көруге  мүмкіндік алады.  Бұл жерде Төлеген тағы  бір  мі-
нез көрсетеді. Ол Қаршығаның сөзіне сеніп қана Жібекке іңкәр болмайды,
мақтаулы  қызды  өз  көзімен  көргісі  келеді.  Яғни  Төлеген  қызға  сыртгай
гашық  бөлғысы  келмейді,  қызды  езі  сынап,  өзі  тілдесіп  қана  бағаламақ.
Міне, жастайынан өзіне тең қызды іздеген Төлеген мүнда да сөл эдетінен 
таймайды.
Көркем  шығарма  болғандықтан  жырда  Төлеген  мен  Жібектің  бір- 
біріне деген сүйіспеншілігі бірден ашылмайды. Жібекке деген Төлегеннің 
ынтықтығы  сатыланып  көрсетіледі.  Ең  алғаш  Жібек  туралы  ол  ез  елін- 
Де  жүргенде  естіп,  сүлуды  іздеп  шығады.  Содан  соң  Жібек  жайында 
Қаршығадан  қанығып,  оны  көруге  асығады.  Сөйтіп,  Қаршығаға  ілесіп, 
көштің  соңына түседі.  Кеш  үлкен,  аяғынан  басына дейін  баруға тура  ке- 
леді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді. Әрқайсысын Жібек 
екен деп жақындағанда,  Қаршыға «Жібек емес» дейді. Жырда қыздардың 
келбеті  өте  шебер  суреттелген,  оларды  көрген  Төлеген  енді  тезірек  Жі- 
бекті  кәруге  асығады.  Қаршыгадан  озып, Жібектің күймесіне  бүрын  же- 
теді.  Бірақ  Жібек  онымен  «сөйлесуге  намыстанады».  Тек  Қаршығаның 
үптінен  кейін ғана Жібек  «бетін  бір  ашып,  жарқ етіп  көрініп,  амандасты
қақпағын
бүл
сипатты  эиел  көргенім  жоқ  еді,  енді  мүны  алайын!»  — деп  шешеді.  Осы 
сэтген бастап Төлеген енді белсенділік көрсетеді.
Тегінде, Төлеген мен Қаршығаның жэне Толеген мен Жібектің кезде- 
сулері жырдың сюжетіне, кейіпкердің іс-эрекетіне динамикалық сипат бе- 
реді. Қаршығамен жолығып, сойлескеннен кейін Төлеген озгеше корінеді. 
Ендігі  жерде  ол  жедел  қимылға  көшеді,  қызды  дереу табуға  бел  байлай- 
ды да  эй-шайға қарамай,  көшті  қуалай  жонеледі,  сол  бойда тоқгамастан 
Жібекгің күймесін тауьш, еш тартынбастан оны созге тартады.  Жарқ етіп 
корінген  Жібекті  қүлай  сүйеді  де,  еш  ойланбастан  үйлену  керек деп  ше- 
шеді.  Содан соң қалың малға екі жүз елу ат сатып алады да, Қаршығаның 
ақылымен  еш  қымсынбай,  болашақ  қайын  атасына,  Сырлыбайдың  тура 
өзіне  келіп,  озі  «қүда  түседі».  Оның  осы  өжеттігі  мен  әдемілігі,  әдепті 
мінезі  мен  созі  Сырлыбай  ханға үнап,  сол  жерде  қызын  беруге  келіседі. 
Сойтіп, ол мақсатына жетеді. Демек, Толеген ешқандай ерлік жасамай-ақ, 
өзінің  ақылымен,  парасатымен  арманын  жүзеге  асырады.  Мәселен,  Жі- 
бекті  коргекге дейін  Толеген тек  мырза боп  керінсе,  Жібекпен тілдескен 
соң барлық істі ез қолына алады. Яғни Жібекке деген сезім оны жігерлен- 
діреді, оған күш-қуат береді, ез ісінің дүрыстығына сенімін арттырады.
Жалпы,  Телеген  ғашықгық  эпостың  дәстүріне  сэйкес,  езіне  тиісті 
сынақгардың  бәрінен  сүрінбей  етеді:  қалаған  жары  үшін  ол  ез  елін,  ата-
253

анасын  тастап,  жалгыз  өзі  қауіпті  сапарға  шыгады;  махаббатқа  адалдық 
танытып,  жарық  дүниемен  қоштасады.  Мұндай  жагдай  романдық  эпос 
кейіпкерінің  бәрінің  басынан  өтеді,  Төлеген  де  осыны  бастан  кешіреді. 
Бір  кереметі  -   Төлегеннің  барлық  қасиеті  Жібекті  көріп,  ғашық  болып 
қалганнан кейін ашылады. Әуелде арманшыл мырза болып жүрген Төлеген 
ендігі  жерде  өткір де тапқыр,  әрі  өжет те  ержүрек болып  көрінеді.  Оның 
өжетгігі  қайын  атасымен  сөйлескенде,  ал  ержүректігі  Бекежан  бастаған 
қырық қарақшымен кездескенде байқалады. Осы екі сәтте де Төлеген өзін 
ешбір жағдайда саспайтын, ештеңеден қорықпайтын жігіт ретінде таныта- 
ды. Солай бола  тұрса да жырда Толегеннің өзі де, оның іс-әрекеті де, күші 
де  ешқандай  эсіреленбейді.  Ол  алпыс  адамды  бұрынғы  батырларша  бір 
өзі қырып салмайды.  Жаулармен бесіннен намаздыгер болғанша атысады, 
бірақ,  амаа  не, дұшпандар  көп, Төлегенді атып өлтіреді.  Алайда, Төлеген 
оңайлықпен  жеңілмейді.  Жыршы  да,  тЫңдаушылар  да,  Төлегеннің  өлуін 
оның нашарлыгынан болды деп есептемейді. Керісінше, оның күші де, еп- 
тілігі  де  Бекежаннан  кем  емес  еді, тек Толегеннің тұлпары  шөлдеп,  жүре 
алмай  қалды,  сөйтіп  иесін  жау  ортасында  қалдырды,  әйтпесе  Төлеген 
құтылып  кетер  еді.  Оның  үстінде  алпыс  қарақшымен  айқасқан  Төлеген 
оларға бой  бермес еді, тек Бекежан қу Толегеннің сыртынан келіп атты, ал 
егер бетпе-бет келсе, Төлеген өлмес еді деген ойлар бой көрсетеді жырда. 
Рас,  соның  өзінде  де  жыр  Төлегенді  алып  күштің  иесі  етіп  суреттемей- 
ді,  оның  мергендігін,  ептілігін  айғақгайды.  Мэселен,  Бекежан  оны  мерт 
қылганша Төлеген жеті қарақшыны өлтіріп үлгереді.
Тумысынан ерекше жаралған Төлегеннің мінезі Жібекке деген сезімі- 
нен кейін бұрынғыдан гөрі жұмсарып, оның болмысын байыта, нұрландыра 
түседі.  Ол өте сезімтал, нәзік жанды болып көрінеді. Бұл қасиеті, эсіресе, 
Толегеннің  Сансызбаймен  қоштасқан  сэтінде  жэне  эуелеп  жүрген  алты 
қазға қарата зарын айтқан кезде барынша кең ашылады. Әсіресе, соңғы мо- 
нологта Төлегеннің  ішкі  сезімі  өте  лирикалық, тебіреністі рухта суретте- 
леді. Осы туралы ұлы Мұхтар Әуезов: «Төлегеннің мерт болып өлген жері 
аса қайғылы болып шығады. Төлегеннің елінен бірге шыққан алты қазбен 
өлерде  тілдесіп,  қоштасуы,  ата-ана,  елі-жұртына  сәлем  айтып,  арызда- 
суы  өте  эсерлі,  қалың  шер  болады.  Ел-жұртын,  ата-анасын  сүйгендігінің 
ғана белгісі емес, сонымен қатар ғашық жарына қолы жетпей, опық жеген 
үміттің,  арманда  кеткен  жүректің де  зары»  [3],  -  деп  жазады.  Ғашықгық 
жырдың  жанр  ретіндегі  бір  ерекшелігі  де  осында.  Кейіпкерлер  өзінің 
мұңын, көрген қиындығын, ғашығына деген сезімін осы тектес лирикалық 
монолог-толғауларында  ашық  айтады.  Мұны  біз  Жібектің  Төлегеннің 
өлімін естіп, зар жылаған жоқтау іспетті монологынан да көреміз.
Жібек те -  оз теңін іздеген  ару.  Оның арманы -  өзін де  құлай сүйген, 
махаббатқа адал адамға қосылу. Жібектің идеалы -  бай да, батыр да емес. 
Оған  керегі -  Қыз Жібектің жүрегін жалындата  алатын,  өзі сияқты  жаны 
таза, ақылды әрі көрікті жігіт. Яғни Қыз Жібектің өзі қалай сүйсе, жігіт те 
оны  солай  сүюі  керек.  Міне,  Төлеген осындай  адам.  Оны Жібек  алғашқы
2 5 4

кездесуде-ақ  сынап,  байқаған.  «Ж алғыз  атты»  адамсың  дей  отырып
өлегеннщ  сөзінен, өзін қалай ұстайтын  мінезінен оның парасатты бекзат
екенін  аңғарған.  Сол  себепті  де  Ж ібек  Төлегеннің  ата-тегін,  ел-жұртын
сұрамаи-ақ  әкесі  Сырлыбайдың  рұхсатымен  келісім  береді.  Тек  Төлеген
елш е  қайтар  алдында  жаман  түс  көрген  соң  ғана  Төлегеннің  туын  ата- 
анасын сұрап біледі.
„  Ж алпы,  Ж ібектің  образы  эпоста  идеалды  болып  суреттеледі,  оның 
боиында  қазақ  әйелінің  ең  асыл  қасиеттері  жинақталған.  Жырда  ол  екі 
оеинеде  көрінеді:  сұлу  қьгз  және  адал  әйел.  Ж ырдың  алғашқы  бөлімінің 
оіраз  жері — сол  сұлу  қызға  арналған.  Оның  сұлулығы  алыс  жерлерге  же- 
теді,  Төлеген де,  қалмақ  ханы  Қорен  де  ару  қыздың даңқын  естіп  келеді. 
Ж ібекгің  өз  елінде  де  талай  жігіт  оған  ғашық,  бірақ  Жібекке  жолай  ал- 
маиды, өиткені, Ж ібек тірі  жанды менсінбейді,  бұла боп өскен ерке әрі  өр 
мінезді.  М әселен,  қуып  жетіп,  күймеде  кім  бар деп дауыстаған  Төлегенге 
жауап  та  бермейді,  тек  Қарш ығаның  сөзінен  кейін  ғана  күйменің  есігін 
ашып,  ж арқ еткен  бетін  көрсетеді де  қояды.  Міне, дәп  осы жерде жыршы 
қыздың  сұлулығын  суреттейді.  Бұған  дейін  Жібектің  сұлулығы  туралы 
сырттай  сөз  болып,  өзінің  келбеті  нақты  суреттелмей  келсе,  енді  Төлеген 
көргендегі  «Ж ібектің  сипаты  төлегенге  бұл  сықылды  көрінді», -  дейді де 
жырш ы былай суреттейді қызды.
Қыз Жібектің құрметі,
Жиһаннан асқан сэулетті.
Лэйлі-Мэжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті...
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында-ай.
Қыз Жібектің дидары —
Қоғалы көлдің құрағы.
Көз сипатын қарасаң —
Нұр қызының шырағы.
Дүрі жауһар сырғасын 
Көтере алмай тұр құлагы.
Бой нұсқасын қарасаң —
Бектер мінген пырағы.
Қыз Жібектің ақтығы 
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы.
Ақ тауықгың қанындай.
Екі беттің ажары,
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің шырайы 
Ай балтаның сабындай.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет