тереңірек зерттелетін тақырып. Кейін Ансельмнің осы дәлелдемесін Кант
«Құдайдың онтологиялық дәлелдемесі» деп атаса, Николай Кузанский
«абсолютті максимум» деген екен.
Схоластикалық тәсілдің негізін қалауда маңызды рӛлді Пьер
Абельярдың (1079-1142 жж.). «Sic et Non» («Бар және жоқ») еңбегі алады.
Христиандық туралы кітаптан кӛшірмеде Абеляр меншікті жауаптарды
бермеді, ол, ақырғы жауаптар барлық теологиялық сұрақтарда болды,
сондықтан бұны ары қарай зерттеу керектігінде.
Абелярдың пікірінше, шынайы ӛмір сүретін жалқылар, бірақ олардың
ӛзара ортақ қасиеттері болады. Сӛздер мен заттар арасындағы арақатынас
орнаған кезде ғана талдау нақты болады деп Абельяр тұжырымдаған. Осыған
орай, ол реалистер мен номиналистерді сынға алып, ӛзінің үшінші
кӛзқарасын ұсынған. Абеьлярдың пікірінше, универсалия дегеніміз
заттардағы әмбапты білдіреді. Әмбебап жалқылар шынайы ӛмір сүреді,
себебі ол Құдайдың ақыл-ойында бар. Адамға ең керегі Құдайға сенуі болып
табылады.