«Табиғаттың бӛлінгіштігі» трактатында Эриуген табиғат аясында
барлық жаратылыс пен Құдайды зерттеген. Ол табиғатты: «жаратушы және
жаратылмайтын» (Жаратушы Құдай); «жаратпайтын және жаратылған
табиғат» (жаратылыс әлемі);
«жаратпайтын және жаратылмағандардың
табиғаты» (Құдай барлық жаратылыстың себебі) деп бӛлді. Эругеннің
теологиясы ӛз еңбектерінде жаратылыстың және Құдайдың барлығы туралы
ілімін паш етеді. «Құдайды барлық жаратылыстың жаны» деген пантеистік
пікірі үшін шіркеу қызметкерлері тарапынан бірнеше рет сотталды.
Схоластиканың екінші фазасы «Жетілдіру үшін сенемін» принципін
ойлап тапқан Ансельм Кентерберийскийден (1033-1109 жж.) бастау алады.
Ол Құдайға сену мен оған құлшылық ету және шайтанның азғыруына түсіп
күнәһар атанудың себептерін рационализдік бағытта түсіндіргісі келді.
Ансельм әр адамда Құдайдың барына деген сенім бар деп ойлады.
Оның теологиясынада ерік маңызды орын алады: жақсылық жасау
адамға Құдайдан берілген. Августин секілді ол да ой-сана сенімнің
ақиқаттылығын түсіне алмады, оның басты мақсаты Құдайды дәлелдеу еді.