Кинди Исламға қарсы шықпағанымен, «шектеулі адамдарды» сынаған.
Оларды сенімділікті жақтамайтындар сенімнің жаулары санаған. Кинди
мұсылмандық теологияға қарсы шыққан кейбір ойлары болды.
Киндидің философиялық шығармаларының ең таңдаулылары: «Тұңғыш
философия жайлы», «Философияны меңгеру үшін Аристотельдің жазған
кітаптар саны жайлы трактат», «Бес мәнділік жайлы кітап». Ол
Аристотельдің ойларын жалғастырушы ізбасары болды. Оқу-білім негізін
дінге қарсы қойды. Нақты бағыттағы ғылымды арифметика мен геометиря,
астрология, үйлесімділікті зерттеуші ретінде танылды. Философиялық
шығармалары логика мен таным теориясына байланысты болды. Кинди
танымның 3 негізгі сатысын кӛрсетті.
1)
логика және математика;
2)
жаратылыстану ғылымы;
3) метафизика.
Киндидің Шығыс перипатетизмнің тарихында ақыл-ой туралы
тұжырымы ерекше. Ақыл тек адамға тән, ол дәлелдеумен қатар жүреді.
Философия «барлық сұраққа жауап береді». Аристотельден кейін Кинди
ақыл-ой туралы нақты анықтама береді. Ол негізгі мынандай категориялар
болды: материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт.
«Бес Жаратылыс
Достарыңызбен бөлісу: