Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831 жж.) ӛзінің
зерттеулерінде философия ілімінің барлық саласында – диалектика, логика,
гносеология, тарих пен құқық, тарих философиясы салаларында қалам
тербеп, ӛзінің пайымдауларын жасады. Ең бастысы – диалектиканы дүниедегібарлық мәнді нәрсенің даму теориясы және объективтік
шындықты философиялық танудың әдісі ретінде қарастырды. Гегельдің
философиялық жүйесін объективті диалектикалық идеализм жүйесі деп те
атайды.
Гегельдің
Канттың
философиялық
ілімі
мен
танымындағы
агностицизмді сынауы философия тарихы үшін ӛте маңызды. Дамуды тануға
және оған жетуге деген талпыныс Гегельдің ойынша, әлемнің дамуына
қозғау салады. Дүниедегі барлық нәрсенің негізінде «ұғым» бар. Ол ұғым –
болашақта болуы мүмкін заттардың бейнесі, яғни рухани қалыптасатын
абсолюттік нәрсе. «Абсолюттік рух» дегеніміздің ӛзі дамитын таным.
Гегелдің кӛзқарасы бойынша, танымды зерттеудің ӛзі таным процесі
барысында жүзеге асады. Сол себепті де Канттың «мән» (сущность) мен
«құбылысты» (явление) қарама-қарсы қарастырған субъективтік ойларына
сын айтады.