социал-демократтарға қарсы күресті қалай жүргізеді?», «Материализм және эмпириокритицизм», «Философиялық дәптерлер», «Жауынгер материализмнің мәні туралы» деп аталады.
Ол марксизмді, оның философиялық негіздерін жұмысшы класты
революциялық күреске жұмылдырудың практикалық мәселелерімен
байланыстырды. Марксизмнің «философиялық негізделгеніне» күмән
келтірген Н.К. Михайловскийге қарсы шыға отырып, ол халықшылдардың
идеалистік кӛзқарастарын, олардың метафизикалық әдісін сынға алды. Бұл
әдіс тарихты түсіндіруде идеализмге, субъективизмге және метафизикалық
пен эклектизмге бейім деп есептеді.
Ленин философияда партиялылық ұстанымын қалыптастыруға ерекше
мән беріп, «философиядағы партияның» екі түрін – материализм мен
идеализмді атап ӛтеді. Маркстік материализмнің бүркеншек идеализммен
күресін пролетариаттың буржуазияға қарсы күресінің құрамды бӛлігі деп
есептеді.