Марксизмнің классиктері практиканы әр қырынан түсіндіреді: практика
– заттарға бағытталған әрекет; практика – табиғат пен қоғамды ӛзгертуге
бағытталған адамдардың әрекеті; практика – адамдардың қоғамдық-тарихи
қызметі; практика – адамзаттың тіршілік ету әрекетін бейнелейді.
Ӛзінің еңбектерінде олар диалектиканың жолын ұстанатындықтарын,
алайда ол диалектика Гегельдің (идеалистік) түсіндіруінен ӛзгеше екенін
әлденеше рет айтқан болатын. Олардың диалектикасы Энгельстің бейнелі
тілімен жеткізер болсақ, «баста орналасқан». Марксизмнің негізін салушылар
диалектиканың тарихи жаңа формасын –
материалистік диалектиканы
ұсынады. Олардың ойынша, барлық нәрсенің негізінде материалдық болмыс
жатыр: «Сананы болмыс анықтайды». Маркс ӛзінің
«Капиталында»
диалектиканың мәні адамзат тарихы мен капиталистік қоғам заңдарын
танудың теориясы мен әдістемесі бола алуында деп кӛрсетеді. Бұл заңдарды
ол абстрактылықтан нақтылыққа ӛту, тарихилық пен логикалықтың бірлігі
әдістеріне сүйене отырып зерттейді. Маркстің ойынша, материалдық
игіліктерді ӛндірудің әдістері қоғамдық ӛмірдің негізін құрайды. Ол оны
ӛндірістік күштер мен ӛндірістік қатынастарға бӛледі.
Ӛндірістік
Достарыңызбен бөлісу: