«Әлеуметтанудың негіздемесі», «Этиканың негіздемесі» атты бірқатар
еңбектердің авторы. Ол биологиялық эволюция туралы идеяны Дарвиннен
бұрын айтқан болатын. Табиғат әлеміндегі тіршілік үшін күрес және табиғи
сұрыпталу ұстанымдарын қалыптастырды. Ол эволюция туралы идеясының табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстар мен
процестерге – ғарышқа, органикалық және бейорганикалық табиғатқа, тіпті
социумға да тән деп есептеді. Оны әлеуметтанудағы екі бағыттың –
«органицизм» мен «эволюционизмнің» негізін қалаушы ретінде атап
кӛрсетуге болады Бұл екі бағыт әлеуметтік прогресті қоғамдық
құбылыстардың интеграциялануы және интеграциялану процесі ретінде
қарастыруға мүмкіндік берді.
Осы екі бағыттың негіздеріне сүйене отырып, Спенсер алғашқылардың
бірі болып жүйелердің жалпы теориясын жасауға тырысты. Құрылымдық-
функционалдық және эволюциялық талдау нәтижелері оған әлеуметтік
жүйелердің құрылымы мен қызметіне тән бірқатар маңызды ерекшеліктерді
анықтауға мүмкіндік берді. Нақтылап айтқанда, қоғамның әлдеқайда күрделі
түрлерінің пайда болуына әкелетін даму және құлдырау циклдері мен
интеграциялану және дифференциациялану процесін тануға әкелді.