логикалық жүйелер» атты еңбегінде ол ағылшын эмпирикасының негізін
салушы Ф. Бэконның индуктивтік логикалық әдістерін әрі қарай дамытты.
Біздің біліміміз сезім арқылы келетін тәжірибелеріміз деген ұстанымды
– біздің бақылауымыздағы құбылыстар ғылыми заңға қалай айналады деген
сұрақты алға тартты. Оның ойынша, эмпирикалық пен теориялық
пайымдаулардың арасында айтарлықтай принциптік айырмашылық жоқ.
Милль адамның жүріс-тұрысын механистік, физикалық тұрғыдан
түсіндірушілерді сынады. Себебі ол кезде адамның еркіндігі, сондай-ақ
адамгершілік таңдау мүмкіндіктері ескерілмейді. Утилитарист ретінде Милль
мынадай пікірлер айтады: адамдар барлық нәрседен пайда кӛруге тырысады,
себебі адамдар адамгершілік әрекеттерді орындауы керек, сондықтан
«адамгершілікке жат әрекет еткенше, пайда кӛрген тиімдірек».
Ағылшын философы әрі әлеуметтанушы Герберт Спенсер (1820-1903
жж.) «Негізгі бастаулар», «Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде»,