Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


себебі  ақылға  қонбайды»



Pdf көрінісі
бет208/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   313
себебі  ақылға  қонбайды»  деген  сенім  формуласы  оны  толық жеткізіп  тұр. 
Бұл  парадоксте  «жеке  индивид  тұлға  ретінде  абсолютпен  абсолютті 
қатынаста»  деп  пайымдады.  Адам  сенім  арқылы  жалпыдан  да  жоғары 
деңгейге  кӛтеріледі,  себебі  сенімді  жалпы  арқылы  түсіндіру  мүмкін  емес. 
Индивидтің «Мені» нақ осы тұста айқын кӛрінеді.  
«Қорқыныш  пен  абыржу»  деп  аталатын  еңбегінің  алғы  сӛзінде 
Кьеркегор  адамзат  ақыл-ойының  мыңдаған  жылдар  бойы  жинаған 
жетістіктеріне  мектеп  табалдырығынан  бастап-ақ  күмәнмен  қарайтын 
«алыпсатар  регистраторларды»,  алыпсатар  философияны  қатаң  сынның 
астына  алады.  Ӛздерінің  «танымын»  сенімнен  бастайтын  олар,  «қас  қағым 
сәтте»  оны  кері  ысырып  қойып,  Декарт  сияқты  атақты  адамдарға  иек  арту 
арқылы  барлығына  күмән  туғызуын  жалғастыра  береді  деді.  Бұл  айтқан 
пайымдауларынан  Кьеркегордың  заманауи  кӛзқарасын  кӛруге  болады:  ол 
танымда  бос  әурешілікке,  талғаусыздыққа  және  асығыстыққа  жол 
берілмейтінін,  адамның  шынайы  болмысы  мен  биік  мақсаттары  барын 
ескертеді.  
 «Қорқыныш  пен  абыржу»  шығармасының  сюжеттік  желісі  Авраам 
хақындағы  кӛне  тағылымды  ӛсиет  әңгімелерге  құрылған.  «Құдай  адамды 
еліктіріп,  азғырды...  Құдай  Авраамға:  ӛзіңнің  сүйікті  жалғыз  ұлың  Исаакты 
ал  да,  Мориа  жеріне  бар,  ол  жерде  Мен  айтқан  тауға  барып,  ұлыңды  отқа 
жақ» деді» (қараңыз. Болмыс 22.1-2). Авраамның әрекеті этикалық жағынан 
алғанда  ӛз  ұлын  ӛлтіру  болып  есептелгенмен,  діни  жағынан  оны 
құрбандыққа шалу болып саналады.  
Кьеркегор Авраамның әрекетінің себебін жақын түсіну үшін жанының 
қозғалысын  бақылауға  тырысады.  Құдай  Исаакты  иә  босатады,  иә  болмаса 
«құрбандыққа  кеткен  Исаактың  орнына  Жаңа  Исаакты»  береді  деп  сенді. 
Кьеркегор  Авраамды  нағыз  сенімнің  серісі  ретінде  бейнелейді.  Сенімнің 
серісі ӛзін-ӛзі талай рет құрбандыққа шалу арқылы ӛзінің ішкі тілек-қалауын 
рухани жүзеге асырады, сӛйтіп сенім арқылы шексіздікке қол жеткізеді. Шын 


мәнісінде,  адам  сенім  арқылы  «шексіздік  алдында  ӛзінің  шектеулілігінен» 
туған  сезімді  жеңіп,  мойынсұнады.  Осылайша,  Авраам  хақындағы 
оқиғаларда  сенім  парадоксы  және  оның  мәні  ашылады:  «сенім  парадоксы 
мынада: ішкі дүние сыртқы дүниеден де жоғары» деп кӛрсетті.  
«Қорқыныш  пен  абыржу»  еңбегіндегі  Кьеркегордың  кӛтерген  екінші 
мәселесін былайша беруге болады: «Құдайға абсолюттік парыз болу мүмкін 
бе?».  Бұл  жерде  де  парадокс  туындайды.  Этика  дегеніміз  –  бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет