жеткізу, ал еріктің күшімен танымға жету. Осылайша Сковороданың
ойынша, табиғатыңды танып білу, ӛмірде ӛзіңді тану, ӛзіңнің рухыңның
әмірін терең сезіну, ӛзіңнің «Менің» туралы ойлап-толғану үлкен бақыт
деген тұжырымға келеді.
Билікті ӛзгерту туралы әлеуметтік-саяси идеялар, тарихи процестің
қозғаушы күштері мен тарихтың дамуындағы тұлғаның рӛлі декабристердің
еңбектерінде баяндалады (П. И. Пестель, И. Д. Якушкин және т.б.). Ӛзіңнің
заманынан озық туған
П.И. Пестель (1793-1826 жж.) жаңа буржуазиялық-
демократиялық басқару формасын қалыптастыру үшін революция
жеткіліксіз, ол елге тәртіпсіздік әкеледі. Әскери тӛңкеріспен ғана шектеліп,
сосын реформаларды біртіндеп жүргізу керек деді. Ол ӛтпелі кезеңнен –
уақытша Жоғары билік диктатурасын ӛткеру кезеңінен ӛту үшін 10-15 жыл
мерзім керек, сол уақыт ішінде аграрлық мәселені шешу керек.
Крепостнойлық құқықты жойған соң, шаруаларға жер беріп, бостандықтарын
қамтамасыз ету қажет. Пестельдің әлеуметтік бағдарламасын сипаттай келіп,
Герцен оны Ресейдің «социализмге дейінгі бірінші социалисті» деп атайды.
Сӛйтіп, оны «орыс социализмі» теориясының да тікелей кӛшбасшысы деп
таниды.
Достарыңызбен бөлісу: