Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет238/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   313
Байланысты:
treatise20490

Н.Г.  Чернышевскийдің  (1828-1889  жж.)  радикалды  кӛзқарастары 
Ресейдегі  империяның  ӛтіп  жатқан  оқиғалардың  және  Л.Фейербах, 
О.Канттың 
философиялық 
ілімдерінің 
әсерімен 
қалыптасты. 
Н.Г.Чернышевский ӛзіндік материалистік кӛзқарастарын «Ӛнердің болмысқа 
эстетикалық  қатынастары»  (1885  ж.),  «Философиядағы  антропологиялық 
ұстанымдар»  (1860  ж.),  «Адам  білімінің  сипаты»  (1885  ж.)  еңбектерінде 
жария  етті.  Ол  «парасатты  эгоизм»  теориясын  дәлелдеді.  Оның  негізіне 
қоғамдық  сәттіліктерге  жету  үшін  адамға  ӛзін-ӛзі  құрбан  қылу  ұстанымы 
жатты. 
ХІХ ғасырдың ортасында Н.Г.Чернышевский Ресейдегі саяси ӛкіметтің 
демократиялық  қайта  құрылуының  бағдарламасын  ұсынды.  Ол  Еуропада, 
Ресейде  үлкен  тарихи  болашағы  зор  қоғамдық  дамудың  заңдылықтары  бар 
екендігіне  сенді.  Крестьяндық  социализмнің  идеяларының  авторы  тарихи 
уақыттың «сығымдалуына» себепші болған артта қалған халықта «қоғамдық 
құбылыстардың  дамуы  алдыңғы  қатарлы  халықтың  әсерінен  орташалардан 


аттап ӛтіп, алға жылжиды» деп есептейді. Оның Герценнен айырмашылығы – 
циклді даму идеясы, «ескі» және «жаңа» халықтар идеясы болды.  
Н.Г.  Чернышевский  диалектика  заңына  және  қоғамдық  дамудың 
серіппелі  түрі  идеясына  сүйеніп,  бұл  проблеманы  шешеді.  Ол  адамдардың 
ақыл-ой,  ӛнегелі  дамуына  мүмкіндік  туғызатын  қоғамдық  формалар  мен 
объективті жағдайлар ӛркендеуіне сенді.  
Осымен  қатар  Чернышевский  мына  тезисті  дамытты  –  қоғамдық 
дамудың  басты  шарты  –  егер  әрбір  адам  «ӛзіндік  сенімі»  бойынша  әрекет 
етсе, адамдар ӛз еркімен, ӛз қалауымен қызмет етеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет