9.4. В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, М.А.
Бакуниннің философиялық және қоғамдық-саяси кӛзқарастары,
нигилизмі
В. Белинскийдің (1811-1848 жж.) кӛзқарастарында публицист және
әдебиет сыншысы неміс философиясының, атап айтқанда, романтизм
эстетикасының, Шеллингтің, Фихтенің, Гегельдің идеяларының әсерімен
қалыптасты. Гегельге еліктеу із-түзсіз кетпеді. Белинский прогресті
«қоғамның даму заңы» деп насихаттады. Бірақ ұзағынан «гегеляндық» бола
алмады, 1840 жылдың басында прогрестің гегельдік тұжырымдамасының
рационалдық детерминизмін сынға алынды. Ол «жеке тұлғаның, субъектінің
индивидиумнің тағдыры әлем тағдырынан маңыздырақ» деп пайымдады.
Белинскийдің «атаққұмар» кейіпкері «идеялардың идеясы –
социализммен» тікелей байланысты болды. Шындық пен қажыр-қайратқа
негізделген қоғамдық құрылыстың идеалы, бәрінен бұрын тұлғаның тәуелсіз
құқығы, әлеуметтік және саяси қанаудың кез келген формаларынан
бостандығы шындыққа толы болып, іске асырылуы керек. Публицист бұл
құрылысты оңай түсінді, социализм кезінде бай да, кедей де, патша да оған
берілгендер де, ағайындық та болмайды деп сенді.
Ол «метафизикалық түрде мықты емес... ӛлі әрі ессіз табиғат
индивидумға ӛгей шеше секілді қарайды деп жазды. Егер табиғат аяусыз
болса, онда ол әр адамға қамқорлық жасайды. Виссарион Белинский қатаң
философия жүйесі сияқты жеке антропология жасаған жоқ.
Алайда оның ойлары антропоцентристік сипатта болды.
Бұл ойды Белинскийден басқа да батысшылдықтың ӛкілдері бӛлісті.
Достарыңызбен бөлісу: