Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет273/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   313
Байланысты:
treatise20490

К.  Ясперстің  үш  томдық  «Философиясынан»,  М.  Хайдеггердің  «Болмыс 
және уақыт» кітабынан, сондай-ақ француз философы Жан Поль Сартрдың 
«Болмыс және ештеңе» атты еңбегінен байқалады. 
Неміс  экзистенциалисі  К.  Ясперс  (1883-1969  жж.)  адамды  және  оның 
«тарихтағы  адами  болмыстың  ӛлшеуіші»  ретіндегі  рӛлін  зерттеумен 
айналысты.  Ол  адамды  біржақты,  яғни  эмпирикалық  немесе  рационалды 
тұрғыда ғана емес, сонымен қатар санасы, сезімі мен қызметін тұтас ескере 
отырып  қарастырады.  Болмыстың  мәні,  Ясперстің  ойынша,  «адамға  тек 
күйзеліс  сәтінде,  ӛмір  мен  ӛлімнің  шекаралық  жағдайында,  жақсылық  пен 
жамандықтың арасын таңдау кезінде ашылады», ол сәтте адам «ӛз ӛмірі ӛзіне 
ғана тиесілі емес екендігін айқын сезінеді». 
Ясперс  «Философия»,  «Ақыл  һәм  экзистенция»  атты  еңбектерінде 
экзистенциалды жағдайды адам тағдырының бірегейлігі алға тартатындығын 
кӛрсетеді.  Адам  мен  оның  болмысын  тек  адамның  тәні  немесе  санасы 
арқылы сипаттаған Жаңа заманның рационалды философиясының кӛзқарасы 
дұрыс емес болатын. 
Ал  «экзистенция»,  Ясперстің  түсінігінше,  индивидтің  сыртқы 
әсерлермен айқындалмайтын ӛзіндік ӛмір, ӛзіне ғана тән ӛмір сүруі. Бұл, ең 
алдымен,  еркіндік,  сондықтан  да  ол  заттық  әлем  ішінен,  тұрмыстың  заттық 
деңгейінде  табыла  қоюы  неғайбыл.  Ӛйткені  адам  ӛзін  еркіндікке  сүйене 
отырып  ұғынады,  сӛйтіп  ол  ӛзіне  тән  трансцендиясын  аңғарады  және  бұл 
еркіндікте  ӛзі  «жойылушы  құбылыс»  болып  қалатынын  жете  түсінеді. 
Трансценденция,  Ясперс  бойынша,  адамның  ӛмір  сүруі  мен  әлемнің 
сыртында  қалады,  ол  бұларға  мән-мағына  мен  құндылық  үстейді.  Табиғат, 
мифология, поэзия, философия – мұның бәрі трансценденцияның шифрлары 
ғана,  бұларды  адам  метафизиканың  кӛмегімен  құпия  жазу  ретінде  «біздің 
ӛмір сүру шындығынан» шығара отырып шешкені, айырып оқығаны жӛн. 
М.  Хайдеггер  (1880-1976  жж.)  –  немістің  ХХ  ғасырдағы  ірі  діни 
экзистенциалист 
философы. 
Ол 
экзистенциалды 
философия 
мен 
философиялық  герменевтикада,  феноменология  мен  философиялық 
мистицизмде  айрықша  орын  алады.  Гуссерль  Хайдеггерді  ӛзінің  басты 
шәкірті  және  ізін  жалғастырушы  деп  бағалайды.  Ол  Гадамерге: 
«Феноменология – бұл мен және Хайдеггер», – деп айтқан.  


Оның философиялық кӛзқарасы әлеуметтік-саяси қитұрқыға, жасырын 
сырға 
ие. 
Национал-социализм 
идеологиясы 
кӛбіне-кӛп 
оның 
философиясымен  үндес,  ал  онда  ӛктемдік  қуаты,  жасырын  идеологиялық 
сипат,  агрессивті  антропоцентризм  бар  еді.  Айталық,  Фрайбург 
университетінің  ректоры  кезінде  Хайдеггер  «неміс  университеттерінен 
академиялық  еркіндікті,  ол  шынайы  емес,  әрі  неміс  рухын  жоятын  еркіндік 
ретінде аластауды талап етті. Хайдеггердің ойынша, шынайы еркіндікке «ӛз 
халқына  қызмет  етудің»  үш  құрамдас  бӛлігі,  атап  айтқанда  еңбек  етуге 
міндеттілік,  әскери  борыштылық  және  білім  негізінде  рухани  қызмет  қылу 
енуі тиіс. 
Оның  кӛзқарасындағы  эволюциялық  ӛзгеріс  фашистік  Германияның 
дүниежүзілік соғыстағы жеңілісінен кейін орын алды. Нақ осы кезден бастап 
оның  жемісті  шығармашылық  қызметі  ӛз  бастауын  тапты.  Оның 
«Заратустра деген кім?», «Ницше» екі томдығы, «Кӛп жүрілмеген сүрлеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет