Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет275/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   313
Байланысты:
treatise20490

жазаланғандығын»  білдіреді.  Бірақ  бұл  жағдайда  оның  шынайы 
болмысының негізі ретінде тек «адамның жасырын болмысының» ӛлшемсіз 
күштері:  түйсігі,  байыпсыз  жан  серпілісі  мен  ұтымды  ой  елегінен 
ӛткізілмеген  шешімдері  бола  алады.  Адам  ӛмірі  –  абсурдты»,  –  деп 
қорытындылайды Сартр. 
 Экзистенционалды ұғымдарды ол тек жеке адаммен ғана емес, сондай-
ақ,  бүкіл  адамзатпен  байланыстырады:  ол  «шектес  жағдайда»  болады,  әрі 
ғаламдық  зілзала  алдында  оның  бойын  үрей  сезімі  билеп  алады.  Сартр: 
«Экзистенциализм  –  бұл  гуманизм!»  деп  мәлімдеген,  оның  мақсаты  – 
адамзаттан  ажырамас  адам  баласына  кӛмек  беру.  Дегенмен  тарихи  таңдау 
әркез тек адамның ӛзіне ғана тиесілі. 
 Жеке 
болмыс 
пен 
«шектес 
жағдай» 
мәселесі 
француз 
экзистенциализміне  де  тән.  Нобель  сыйлығының  лауреаты  А.  Камю  (1913-
1960  жж.)  «абсурд  әлемдегі»  адам  баласының  жалғыздығы  мен  тығырыққа 
тірелуі туралы жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет