жасау («анумана»), салыстыру («упамана»), куәлік («шабда») және бекіту,
қорытынды жасау («артхапати»).
Бұл мектеп ӛкілдері таным теориясы заттарды тануға кӛмектеседі деп
есептеді. Олар логикалық қабылдауды кеңінен пайдаланды. Танымның
шығар кӛзі болып қабылдау танылады, дүние пайда болғандай,
субстанцияның түрлері сияқты сезіммен қабылданады. Осы уақытта Веда
белсенділігі артып, Миманса философиясы сезіммен қабылдау мен
логикалық егізден басқа «дұрыс» білімді алудың нақты кӛзі Веда мәтіндері,
ал ӛзге басқа кӛздер оны қабылдау үшін ғана арналған деп кӛрсетеді. Кей
жағдайларда, жоғарыда атап кӛрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де
жатқызады, ӛйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды.
Сӛйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды
мойындаудың мәні жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: