«жарқырау теориясына» (Құдай күн сәулесі мен от жарығында) ұқсайды.
Суфистер исламның «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген басты ұстанымдарын «Алладан басқа жаратушы жоқ» деп
ӛзгертіп, Құдай бар және ол барлық жерде бізді бақылаушы екендігін алға
тартады. Бұл монотеизм емес, пантезим. Эмонация идеясына сәйкес,
жаратушыны жалғыз деп тану діншілдердің жан тәніне сіңеді. Бірақ, азап
шегу, қиыншылыққа тап болу адамды бұл ӛмірден бездіріп, Құдайға жақын
болуға итермелейді. Бұл экстаздық қалыпта, яғни жан суфистің жанымен
байланысқа түскенде байқалады.
Алғашқы сопылықтың мазмұнын ашып, баяндаған Мухиддин Ибн әл- Араби (1165-1240 жж.) деген атпен танымал Ұлы шейх Абу Бакр Мұхаммад
Ибн Али болатын. Бұл арабтардың «мистикалық ойшылы» Меккеден білім
алған басқарушы мен оның патшалығы туралы кітап «Футухат» трактатының авторы. Шығыстанушы ғалымдар оның бұл еңбегін «ислам