ғылымының энциклопедиясы» деп бағалаған. Онда алғашқы сопылардың
ӛмірі мен айтқан ӛсиеттері, эзотериялық ғылымның сопылық қағидалары,
кемел адамның қалыптасуы туралы баяндалған. Араби «кемел адамды»
этикалық тұрғыдан қарамай, онтологиялық гностикалық тұрғыдан
сипаттайды. «Адамда – әлемнің барлық жаратылысы бар» дейді ол Әмбебап
адам, немесе «логос адам» Араби бойынша «жаратылыстың бірлігі» –
монада, ғарыштық аспектіде әлемнің кӛшірмесі. Ғарыш адам секілді дамуды
қажет етеді. Адам микрокосмос сияқты, ал ғарыш үлкен адам.
Сопылықтың шебері болып қана қоймай, поэзияның шебері бола
білген Араби ӛзін былай спаттайды:
Мен махаббат дінін ұстанамын,
Мені қазір кейде киік бағушы деп атайды.
Кейде христиандық монах дейді,
Ал кейде парсыдан шыққан ойшыл деседі.
Менің үш сүйгенім бар
Үшеуі шын мәнінде біреу ғана....
Араби, сопылық дәстүр бойынша ойды дұрыс түсінбеген жағдайда
ӛзіне қарсы шығушылардан сақтанып, астарлап сӛйлеу тілін қолданады,
оның музасы негізінде (нимфа, бикеш, кемпір) үш сфераның бірігуі, яғни
сопылық бағыттың қызметі – жан поэзиясы, жанды емдеу, жанды тәрбиелеу.
Кемел адам концепциясын дамыта отырып, Ұлы шейх оны гностицизм
тұрғысынан қарайды. Осы аспект бойынша адам «Мұхаммедтің идеясы»,
«сӛз» Құдайдың ісі, яғни бүкіл әлем «үлкен Құран». Араби Құранның және
әлемнің образы ұғымын Мұхаммед пайғамбармен байланыстырады. Басқаша
айтқанда, ол, Мұхаммед деген Құран, яғни «Құдайдың елшісіне қарау Құран
кітапты оқумен тең» дейді.
Ол Құранға кемел адам концепциясын құру үшін ғана жүгінбейді,
сонымен қатар барлық дін мен діншілдердің сенімін бір жерден шығаруға
тырысады. Сопы ретінде Араби Құдай «хамелеон» секілді түр түсін ӛзгертіп,
уақытқа, жерге еш байланыссыз су сияқты кесенің түсіне қарай ӛз түсін
ӛзгертіп барлық кейіпке ене алады. Бірақ, суфизмнің негізін салушының діни
универсализмі діншіл догматтар үшін «ұлы революциялық саяси әрекет»
болды.
Араби әлемнің бірлігі «барлық жаратылыстың абсолютті бірлігі» –
абсолют, феноменалды әлем деңгейінде байқалатын монизм принципін
құрды. Абсолют, Ақиқат әлем жаратылысындағы жалғыз ақиқи шындық.
Құдайды тану алдымен оның есімдерімен таныс болудан басталса,
материалдық тұрмыстың формаларымен түсіндіріледі. Араби, басқа да
сопылар секілді әлемді Құдай «ӛзі басқаратын, қарамағына алған әлем» деп
түсінеді.
Оның ізбасарлары – ваджудисттер – әрбір кӛпшілік қауымның артында
бірлік жатыр, ал кез келген зат ӛзін «біртұтастылықты қалыптастырушы
бірліктен» құралған дейді. Бұл абсолютті монизмнің сопылық философиясын
Гегель, Шығыс пантеистері үшін бірліктің үлгісі деп бағалаған.
Сопылықтың мистикасы ортодоксальды мұсылмандардың руханилығы
мистикалық діншіл әл-Ғазали (1059-1111 жж.). тарапынан ӛркендеген
болатын. Ӛзінің «Философтарды теріске шығару» кітабында ол
Аристотель, әл-Фараби мен Ибн Синаның ілімдерін сынға алады.
Философтар дейді Ғазали, заттардың шынайы табиғатымен келісе алмайды.
Ол әл-Фарабидің және Ибн Синаның адам санасы жаратылыстың ең биік
шыңы деген ойларымен келіспейді. Ирандық ойшыл ой-сананы бастауды
басқаратын зат деп қана қарайды. Ғазали ой-сана адамды тек мақсатқа
жетелеуші, бірақ жаратылыстың жұмбағын, сырын аша алмайды дейді. «Тек
сананың кӛмегімен барлық сұраққа жауап табуға болмайды.. сана барлық
мәселенің шешімін тауып берме алмайды» деп жазған, сонымен қатар, сана
оның ойынша, тек біраз сұрақтардың жауабын таба алады, сондықтан оны да
жоққа шығаруға болмайды.
Перипатетиктерге ӛзінің «еретикалық» сыни кӛзқарасымен Ғазали
ашариттер (мутакаллимдер) ілімін құптап, алайда олардың ілімдерін берік
ұстанудан бас тартқан.
Түркілік сопылықтың негізін ӛз заманында шейх ұстаз мәтребесіне
дейін жеткен Қожа Ахмет Йассауи салған. Ол 1103 жылы Түркістан
қаласында туылып, исламдағы суфизмнің ӛркендеген кезеңінде ӛмір сүрген.
Бірнеше мың жылдар бойы қалыптасқан суфизм, еуропалық гностицизмнің
шығыс зороастризмнің, грек неоплатонизмінің, христиандық мистицизмнің
және т.б. ілімдердің бойына ең жақсы жақтарын жинаған ілім еді. Онда жеке
тұлға ұғымы жақсы дәріптеліп, ӛз әлеміңде, жаныңда Құдай дәрежесіне
кӛтерілу қарастырылады.
Суфизм мен тәңірлік теориялық әлемнен практикалық ілімге
жақынырақ. Құдайды табиғатқа сіңдіре отырып оны үш деңгейде бӛліп
қарастырады. Қай қайсысын да болмасын, адам «Құдайдың жанында»
активті рӛл ойнайды. Кӛбінесе бұл ілімде ұқсастықтардан гӛрі ерекшеліктер
басымырақ. Тәңірлік – әлемді танудың бір ілім түрі, оны кӛбінесе кӛшпенді
халық ұстанған. Сопылық Құдайды тануға бағытталған. Тәңірге табынушы
ғұмыр бойы ӛмірде табиғи заңдылықты сақтап, күн кӛрісті осылайша
Құдайды тануға бағыттайды. Сопылық кӛзқарасы бойынша, әлемдік бірлікке
қол жеткізу және адам мен Құдай арасындағы бірлікке жету тек адамның
қолынан келеді. Суфистердің ілімі бойынша ӛзін-ӛзі тану және Құдайды тану
бес сатыдан тұрады: сезімдік әлем, идеялар әлемі, жан әлемі, Құдайдың
абсолютті болмысы, кемел адам. Осы бесінші сатыда сопылықтың жүрегі
экстазға кенеледі, яғни Құдаймен бірлікке түстім деген сенім. Сопы үшін
білім жүректе, ал тәңіршіл үшін ол салт-дәстүр мен күнделікті ӛмір сүру
салтында жасырынған. Бірақ мұнда білім берудің тағы да бір құралы – тіл,
яғни символдар тілі мен белгілер тілі, салт-дәстүр, киім кию үлгісі
бейнеленген метафора пайда болады. Сӛз бен әуен қазақ пен сопылық үшін
ұлы ақылдылықтың, ойшыл бола білудің шифры жасырынған сыр.
Йассауи ӛзінің «Диуани хикмет» кітабында ӛз заманының
дүниетанымын сипаттайды. Оны тіпті ортағасырлық мемлекеттердің ӛмір
салты бейнеленген кітап десек те болады. Бізге белгілі болғандай, бұл ілімде
«жолға түсу» суфизмге түсу мағынасын білдіреді және адамның рухани
жаратылысы баяндалады. Адамның жетілуінің басты мақсаты бұл ӛмірдегі
ӛткінші заттардан бас тартып, «ӛлім келмей тұрып, ӛлуге» деген құштарлық.
«Жанды тәрбиелеу» сопылық үшін Құдайды тану абсолютті ақиқатты
танумен тең, осылайша адам ӛзін-ӛзі таниды. Ӛзін-ӛзі танудан Құдайды
тануға дейінгі жол оны жақсы кӛруден, ақиқатқа ӛз күшімен жетуге дейін
жалғасады, яғни жүрек, сенім, ақыл. Ол әйел адамдарды құрметтеп, дәріптеуі
керек, сӛзшіл болмау керек. Осындай адам үшін символ, ӛлең шумақтары
және притчи – жұмбақ ілімнің сырын ашудың шынайы әдісі. Сопылық үшін
ӛмірдің мәні Құдайды жақсы кӛру және адамдарға рухани білім беріп, тұлға
қалыптастыру.
Барлық сопылар тариқат Құдайдың сүйіспеншілігінің мәнін түсіну
арқылы экстазға әкелетіндігін біледі. Сонымен қатар олар, экстаз ӛз алдына
Құдаймен бірігу емес екендігін біледі, себебі Құдаймен бірігуге егер экстазға
жеткен сопы күш жинап бәрін қайтадан бастауға дайын болса ғана жетеді.
Бұл қысқаша айтқанда «Сӛз беру және оны орындау!». Ахмет Йассауи
әлемдегі барлық жаратылыстың ӛз бағыты барын білген. Осыдан болар Қожа
Ахмет Йассауи Мұхаммед пайғамбардың жасына жеткенде ӛмір сүруден бас
тартып, жертӛлеге түсіп, рухани және моральдық тұрғыдан ӛзінің
қаншалықты діни міндетін атқарғанын кӛрсетті. Йассауи толық мағынада
Құдайдың
және
адамзаттың
алдында
барлық
парызын
толық
орындағандығын кӛрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |