Үшінші бӛлім, бүтін ғылым саласының жиынтығы негізделетін
математика: арифметика, оптика, астрономия, астрология. Фараби
арифметика мен геометрияны теоретикалық және салыстырмалы деп бӛледі.
Бұл ол ӛмір сүрген дәуірдің ғылым деңгейін кӛрсетеді. Оның «жұлдыздар
туралы ғылымына» астрономия, астрология, физикалық география салалары
кіреді, яғни Жердің тіршілігі бар және жоқ жерлері туралы ілім.
Тӛртінші, қорытынды бӛлімде гносеология мен онтология негізге
алынып жазылған физика және метафизика қарастырылады. Келесі
бӛлімдерде музыка, ауырлық күші ғылымы, құрылыс ӛнері қарастырылған.
Бұлар тіпті, Фараби зерттеген салалардың жартысы ғана, аталған ғылым
салалары антикалық және ортағасырлық философиямен салыстырғанда
шығыс перепатетиктерінің әлдеқайда алда екендігін аңғартады.
Фараби, адамгершіліктің басты мақсаты – бақыт дейді. Оны танымсыз
және еріксіз тану мүмкін емес. Ерік – сезіммен, еркіндік – логикалық ой-
санамен байланысты. «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында Платон
мен Аристотельдің ізін жалғастырып, ӛзі құрған идеалды мемлекет моделін
ұсынады. Бӛлектенген қалада адамдардың жақсылық жасауы, бақытқа жетуі
оңайырақ. Осындай мемлекеттің саяси құрылымын адамдардың дене
мүшелері қалай берік орналасса, сол секілді мемлекетте де бірлік
болатындығын аңғартады. Адамдардың осындай ой-санасы оны жақсылық
жасауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің
барлық іс-әрекеті сол мемлекет тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз
етуге бағытталуы керек. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекет басында
адамгершілігі мол, ерік-жігері мықты адам отыруы керек. Ол рухани және
зайырлы билік құрып, жақсы, рухани және дене жағынан сау, ақылды болуы
тиіс. Осындай басшы халықтың ғылымға деген құштарлығын ашып,
басқаларға жанашыр болуға, ғылымның дамуына ықпалын тигізеді. Фараби
осындай қайырымды қала тұрғындары нағыз бақытқа біріге отырып жете
алады дейді.
Достарыңызбен бөлісу: