әрекеті әлемді интуитивтік деңгейде белсенді әрі мақсатты түрде ӛзгертеді.
Демек, «Мен-емес», яғни сыртқы орта дегеніміздің ӛзі «Мен»-нің
шығармашылық процесс барысында санасыз объективтенуі болып саналады.
Бұл жердегі «Мен» таным жолындағы ойлаудың белсенді әрі
шығармашылық қызметі – оның шынайы болмысы осы. Канттың «заттардың
ішкі байланысына» негізделген пайымдаударынан басты айырмашылығы да
осында.
Фихтенің «ғылыми ілімін» бағалай келіп, орыс ғалымы П.Таранов оған
«... мәдениет философы, яғни адамға
дейінгі емес (себебі оған дейінгі
философтардың пайымдауларында ол объекті ретінде қарастырылған
болатын), адамнан
кейінгі ақиқатты айтқан аналитик. Адамды және оның
рӛлін басшылыққа алған әлем туралы философия Фихтеге дейін болмаған
еді» деп ерекше баға береді.
Ӛмірінің екінші кезеңінде Фихте
абсолютті болмысты ӛзінің
философиясының басты қазығы етіп белгілейді. Философ үшін абсолютті
болмыс Құдаймен тең. Фихтенің белсенділік философиясының мәні адамға
тән ойлаудың шығармашылық табиғатын, таным процесінің динамикалы әрі
қайшылықты қырларын ашуда ерекше маңызды. Субъекті (адам) мен
объектінің (сыртқы орта) арасында әрдайым ӛзара байланыс бар, ол
байланыстардың барысында «қайшылықтардың» теңдігі ӛзгереді. Фихте
әлемді тануға болатындығына, қоршаған ортаны адам практикалық басқара
алу қабілетіне ие болатынына сенді. Оның ойынша, адамзаттың адамгершілік
міндеті табиғат пен қоғамды адамның «Мен»-ін шынайы танытатындай етіп
ӛзгерте алуында. Қоршаған ортаны адамның «Мен»-інің айнасындай етіп
ӛзгерте алуында. «Ӛзгелердің бізге әсер етуін еркін пайдалану арқылы
ӛзімізді-ӛзіміз жетілдіру және еркін тіршілік иелері ретінде керісінше
ӛзгелерге әсер ету арқылы оларды жетілдіру – біздің қоғам алдындағы
міндетіміз осы» – адамға тән «Мен»-нің мәні осында. Осылайша Фихте, адам
мен табиғатты және барша әлемнің біртұтастығын субъективтік идеализм
тұрғысынан дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: