Болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі ұстанымы Гегельдің теориялық
жүйесіндегі басты ұстаным. Оның мәні мынада: «логикалық тарихилықтың
алғышарты» болып табылады. Басқаша айтқанда, тарихи процестің мәнін ол
процесс ӛзінің барлық даму сатыларынан ӛтіп, дамудың жоғары шегіне
жеткен кезде ғана ұғуға болады. Тарихи процесс ӛзінің дамуының ең жоғары
шегіне жеткенде ғана мәнділігін танытады. Оның даму логикасы идеясына,
ӛзін-ӛзі іске асыру үшін орындалатын тарихи процеске байланысты. Демек,
логиканың заңдары табиғат пен тарихи процеске тән болып келеді. Сол
себепті Гегель әлемдегі процестердің барлығы ақылға сыйымды, логикасы
бар және тӛменнен жоғары қарай дамиды деді: «Дүние ақылға сыйымды,