Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы



Pdf көрінісі
бет248/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   313
Байланысты:
treatise20490

9.8. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы 
діни-идеалистік философия және рационализм: Н.А. Бердяев, Б.А. 
Флоренский, И.А. Ильин, Г.Г. Шпет, С.Н. Булгаков, С.Л. Франк 
 
Н.А.Бердяев  (1874-1948  жж.)  Лениннің  нұсқауымен  1922  жылы 
«философиялық  кемеде»  большевиктер  Кеңес  үкіметіне  бӛтен  әрі  қауіпті 
«элемент»  ретінде  елден  жер  аударып  жіберген  жүздеген  «алтын» 
философтардың, профессорлардың және жазушылардың бірі. 
Шетелде жүріп ол кӛптеген кітаптар мен мақалалар жазды, бірақ олар 
цензуралық  түсінікпен  орыс  тілінде  аударылмады.  Оның  негізгі 
шығармалары  «Тарихтың  мазмұны»,  «Шығармашылықтың  мазмұны», 
«Теңсіздіктің 
философиясы», 
«Адамның 
тағайындалуы 
туралы», 
«А.Хомяков.  Құлдық  пен  бостандық  туралы»,  «Достоевскийдің  дүниеге 
кӛзқарасы», «Еркін рухтың философиясы», «Орыс идеясы», «Ӛзін-ӛзі тану», 
«Ресейдің тағдыры». Ӛз шығармашылығының басында «Легальды марксизм» 
бағытында  ол  халықшылдық  идеологиясына  қарсы  болды.  Марксизммен 
әуестенуіне, социал-демократтардың қозғалыстарына қатысуына байланысты 
ол 1989 ж. университеттен қуылып, тұтқынға алынды. Бердяев марксизм мен 
неокантиондықты  байланыстыруға  әрекет  жасады,  бірақ  кейіннен  одан  бас 
тартты.  Ол  пролетарлық  «мессиандық»  идеяларын,  диктатура  мен 
революциялық  зорлықты  қабылдамай,  ӛзінің  жеке  шығармаларын  жазуға 
кірісті. Бердяев адамның ӛмір сүруі мен болмыстың мазмұнын персонализм 
мен экзистенциализм бағытында ұстанып қарастырады. 
Ол  объективті  ақиқат  (абсолюттік)  кластың  (эмпирикалық)  санаға 
тәуелсіз 
болады 
және 
адамға 
оның 
ӛмір 
тәжірибелері 
және 


құндылықтарының мақсаттарымен байланысты ашылады . Болмыстың мәнін 
адам тек «антропоцентристік» түрде ғана түсінеді, – деді. 
«Ӛзін-ӛзі тану философиялық ӛмірбаян тәжірибесі» кітабында Бердяев 
марксизмнен діни-мистикалық персонализмді тарихи іздеу нәтижесінде, ӛмір 
философиясы  мен  экзистенциализм  арқылы  ӛзінің  ӛткен  даму  жолын 
сипаттады.  Ӛзінің  рухани  эволюциясының  кезегінде  –  марксизмнен 
персонализмге  дейін,  Бердяев  орыс  ӛмірінің,  орыстың  діни  және 
философиялық ойларының, адам рухының тереңдігінің, адам бостандығының 
және шығармашылық еркіндігінің жарқын тұстары мен кӛлеңкелі жақтарын 
ашық кӛрсетті. 
Оның 
замандасы 
орыс 
философы 
В.В.Зеньковский 
«Орыс 
философиясының  тарихы»  кітабында  Бердяевтың  идеяларын  тӛрт  кезеңге 
бӛлуге болады», – деді.  
Бірінші кезеңде – этикалық проблематиканың артықшылығы жасалады;  
Екінші кезеңде – кӛзқарастарда діни- мистикалық ӛзгеріс болады;  
Үшіншікезеңде  –  историософия  мен  эсхатология  кӛлемінде  белсенді 
сұрақтарға ізденіс болады;  
Тӛртінші кезеңде – персонализмді негіздеу мен кайта жасау. 
Бердяевтің  мұрасы  ӛте  зор.  Оны  бір  ғана  жіктемесімен  айтып  беруге 
болмайды.  Ол  орыс  және  европалық  философиялық  ойларды  жинақтайтын 
жинақ  сандықшасына  (оның  кӛптеген  еңбектері  ағылшын,  француз  және 
неміс  тілдерінде  жарияланған)  түрлі  нақты  тұжырымдар  жасап  берді; 
Тұлғаның ӛзіндік және терең трактовкалары, бостандық пен еркіндігі жоқтық 
(әлеуметтік құлдық); махаббат пен шығармашылық рухтың кӛрінісі ретінде; 
Ресейдің  әлемдік  қауымдастықтағы  орны;  тағы  да  басқа  қазіргі  заманғы 
мәселелер. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы – барлық кездердегі 
адамның еркіндігі.  
Бердяевтің айтуынша, адам барлық әлемдік күштердің түйіні – күрделі 
экзистенциалды құрылғысы бар микрокосм. Бердяев жеке адам тұлғасын, ол 
ғарыштың  немесе  қоғамның  бӛлігі  емес,  керісінше,  қоғам  мен  ғарыш  адам 
тұлғасының  бӛлігі.  Сондықтан  жеке  болмыстың  биполярлық  әлемін  ӛзінде 
ұстайды.  Осыған  қарамастан,  біздің  әрқайсысымыз  басынан  Құдайшылмыз, 
ал шындық ӛмірде адам кӛбіне Құдай секілді емес, аң секілді кейіпте болады. 
Жеке  адам  рухының  тереңінде  адамның  рухани  бостандығының  әлеуеті 
жатады.  Бердяев  былай  дейді:  Адам  ӛмірімен  салыстырғанда  «бүкіл  ӛмір  – 
ештеңе  емес...  бәрі  сыртында,  адамның  заттық,  материалдық  рухтың  терең 
түбіндегі  символдары».  Осылайша  адам  «тұрмыстық  емес»  мінезі  болады. 
Оны адам ӛзі ішінен жасап алады. Бердяев бостандықтың үш түрін айқындап 
берді: 

 
Алғашқы иррационалдық бостандық, яғни еріктік; 

 
Рационалдық бостандық, яғни моральдық міндетті орындалуы

 
Соңында, Құдайдың махаббатымен берілген бостандық. 
Бостандықты  Құдай  жасамайды  «оның  жасалған  бостандыққа  билігі 
жоқ».  Ол  ұлы  «ештеңеде»  еріксіз  тамырланады.  Бұл  бостандық  жақсылық 
пен  жамандықтың  үстінде  тұрып,  екеуін  байланыстырады.  Материалдық 


және табиғи тұрмыста жамандық пайда болғанда, бұл бостандықтың орнына 
құлдыққа әкеп соғады.  
Тарихтың  барлық  ӛн  бойында  адам  бостандық  үшін  күресті,  сонда  да 
еркіндікке  қол  жеткізе  алмады,  олар  оның  бір  түрін  екіншісіне  ауыстырды. 
Басында  адам  табиғаттың  құлы  болды,  онымен  тәуелсіздік  үшін  күресте 
мәдениетті,  мемлекетті,  ұлттық,  кластарды  жасады...мемлекеттің  ұлттың, 
кластың  құлы  болды.  Келесі  кезеңде  адам  иррационалдық  қоғамдық 
күштерді игеруге тырысты, ӛркениетті жасады, бірақ ұйымдасқан қоғамның 
және  техникалық,  машинаның  құлы  мен  құралы  бола  бастады.  Мұнан 
шығатын  жол  бар  ма?  Ол  «Тарихтың  мазмұны»,  «Теңсіздіктің 
философиясы»,  «Орта  ғасырдағы  жаңа  нәрселер»  еңбектерінде  бұл 
сұрақтарға жауап беруге талпынды. Бұл еңбектерде ол тарихи үрдістің мәні 
«жақсылықтың  иррационалдық  бостандыққа  қарсы  күресінде  кӛрінеді»  деп 
кӛрсетті.  Сонымен  қатар:  «Мессиандық  –  тарихтың  басты  тақырыбы: 
шындық  пен  ӛтірік,  шын  нәрсе  мен  құпия...  Бүкілдүниежүзілік  тарихта  үш 
күш  бар:  Құдай,  тағдыр  және  адам  бостандығы».  Сондықтан  тарих  күрделі 
болып  саналады.  Тағдыр  адам  ӛмірін  иррационалдық  күштердің  аренасына 
айналдырады.  Барлық  ұлы  халықтар  мессиандық  сананы  бастан  кешіреді  – 
дейді ол «Ресей тағдырында». 
Иррационалдық  бостандық  үстемдік  құрса,  онда  объективті  шындық 
бұзыла  бастайды  да,  алғашқы  хаосқа,  еріксіздікке,  теңсіздікке,  құлдыққа 
келеді.  Сондықтан  революциялар  ештеңе  жасай  алмайды;  бірақ  олар 
шығармашылық түрде бола алмайды; тек қана бұзады. 
Бердяев  капитализация,  демократия,  социализм,  коммунизм  сияқты 
әлеуметтік  құбылыстардың  дұрыс  және  жоққа  шығаратын  жақтарын 
қорықпай  кӛрсетіп  берді.  Осы  кӛп  «измдердің»  біреуі  де  «рухани 
проблемаларды  шеше  алмайты,  керісінше,  капитализм  және  социализм, 
коммунизм еріксіздіктің, құлдықтың жаңа формалар түріне айналып жатыр. 
«Тарихтың  мазмұны»  атты  кітабында  Бердяев:  «адамға  құлдықтың  жаңа 
түрлерінің қаупі тӛніп тұр: олар социализмнің нәтижелері болып табылады, 
Махаббатқа  негізделген  жалғандықты,  шын  соборлықты  ауыстыратын  ӛз 
қажеттерін қанағаттандыру үшін жеке тұлғаның еріксіз қоғамға қызмет етуі.  
Жеке  тұлғаның  бостандығы  және  оның  шығармашылығы  Бердяевтің 
ӛзінің  ішкі  тәжірибесінің  нәтижесі  болды.  Ол  діни  адам  ретінде,  ӛзінің 
күнәлары  үшін  қайғырған  кезеңді  ӛтті.  Бірақ  Бердяев  ол  санадан  тыс, 
тұйықталып  қалған  жоқ,  шығармашылық  жеңіске  жету  үшін  оларды  жеңіп, 
үлкен шығармашылық күшке ие болып, шығармашылық биікке кӛтерілді.  
Бердяевтың  ойынша,  әрбір  адам  «ӛзі  туралы  Құдайдың  идеясын»  ӛзі 
табуы керек, ӛзін-ӛзі іске асырып, «Құдайдың әлемдегі ойларын іске асыруға 
кӛмектесу  керек».  Ол  Құдай  қажеттілік  патшалығында  емес,  еркіндік 
патшалығында  әрекет  етеді,  –  деді.  Бердяев  табиғатта  емес,  тірі  жанда  ғана 
керек  бостандық  пен  қажеттіліктің  басы  бірікпейтіндігін  қарастырып, 
«Бостандықтың  болмыстық  емес  табиғаты  бар»,  –  деді.  Бердяев 
метотарихтың тұжырымдарының басын біріктіріп, тарихтың мәні «тарихтың 
сыртындағы шекараларында» жатыр, – деді. Ол тарихи үрдістің тұтастығын: 


«мақсатқа  тарихтан  тыс  жететін  жақсылық  пен  жамандық  арасындағы 
күрес»,  –  деп  есептейді.  Осы  «екі  тарихтың»  арасында  айырмашылық  бар. 
Тарихи  уақыт  «алға,  болашаққа,  жаңалыққа»  шақырады.  Метатарихтың 
экзистенциальдық  уақытында  «ӛткен  мен  болашақтың,  басы  мен  аяғының 
арасында айырмашылық» жоқ. 
Сондықтан ӛмір Құдайлар үстемдік ететін патшалықта тарихтың емес, 
метатарихтың  бӛлігі  болып  табылады.  Олардың  арасында  алынбайтын 
қырлар  жоқ:  «Метатарих  тарихтың  фоны  ретінде  ылғи  қатысып,  орын 
алады».  
Ол  әлемдік  және  тарихи  үрдістерде  заңдылықпен  дамудың  қажеттілігі 
жоқ, берілген бағдарлама да жоқ. 
Оның  айтуынша,  реакциялар  мен  қараңғылықтар  кезеңі  ретінде, 
шығармашылық  пен  жарып  шығулар,  «жаңа  әлемді»  ашу  сияқтылардың 
мүмкіндігі  бар.  «Жаңа  әлемді  ашуда»  адамның  шығармашылық  әрекеті 
экзистенциальды 
уақытта 
ӛтеді. 
Бердяев 
адамның 
шын 
«шын 
шығармашылық 
әрекетін 
қарастыруда 
орыс 
жанының 
ұлттық 
ерекшеліктеріне  негізге  алады.  Оның  ойынша,  орыстың  ұлттық  типінің 
негізінде  екі  қарама-қарсы  бастама  жатыр:  1)  табиғи,  тілдік,  дионисийлік 
апат;  2)  аскеттік  бағыттағы  православие.  Оның  ойынша,  орыс  халқы  ӛз 
жанының құрылымы бойынша шығыстық болып есептеледі. 
Ресей  –  христиандық  Шығыс,  екі  жүз  жыл  бойы  Батыстың  әсеріне 
ұшырады  да,  ӛзінің  барлық  мәдениетінің  жоғары  қабаттарында  Батыс 
идеяларын  насихаттады,  сондықтен  орыс  халқының  тарихи  тағдыры 
бақытсыз  және  қайғылы  болды.  Оның  дамуы  да  қауіпті  сипатқа  ие  болды: 
атап  айтқанда,  ӛркениеттің  түрлерінің  ӛзгеруі  мен  үзіліп  отыруына 
байланысты. 
«Ресей  тағдыры»  атты  кітабында  ол  осы  қауіптің  себептерін  ашуға 
тырысты. Ол оны орыс халқының еркінің әлсіздігінен кӛрді. Сонымен қатар 
қоғамдық  ӛз  бетімен  тәрбиелеу  мен  ӛзіндік  тәртіптің  болмауынан  деген 
пікірге  келді.  Бердяевтың  ойынша,  орыс  қоғамына  іштей  айқындалу 
қабілеттілігі  жетіспейді.  Бердяев  орыс  адамын  орта  оңай  «жеп  қояды». 
Сыртқы барлық кӛңіл-күйлік реакцияларға тез берілгіш деп есептейді. 
Оны  жаны  бір  орында  тұрмайды,  ӛйткені  оның  мәні  –  мещандық, 
«жергілікті  адам  емес»  болғандығында.  Ол  шексіз  ізденістерге  толы, 
кӛрінбейтін Китеж қаласын, болмаған үйін іздеуге арналған. 
 «Оның  алдында  алыс  қиырлар  ашылып  жатыр,  оның  діни  бағытта 
сызылған  кӛкжиек  жоқ.  Бұндай  жан  абсолюттік,  Құдайлық  шындықты, 
жанын  құтқару  үшін  жалыннан  жаңа  ӛмірді  іздеп  жүріп  жанып  кетеді». 
Бердяев:  орыс  жаны  ӛз  халқының  қайғысы  үшін  қайғырады,  оның  қайғы  –
қасіреті  тоқтауды  білмейді.  Ол  ӛмір  туралы  соңғы,  лағнет  сұрақтардың 
шешімін толық бойына сіңірген. «Орыс рухының құпиясы осында». Бұл рух 
барлық  нәрседе  абсолюттікке  ұмтылады.  Бірақ  тарихи  –табиғи  үрдістерде 
орташалық  басым  болады.  Сондықтан  орыстың  абсолюттік  бостандықты 
аңсауы практикада құлдыққа әкеп соқтырады. 


Бердяев  осындай  халықтың  жанының  ерекшеліктері  арқылы  орыс 
коммунизмінің  мәні  мен  қайнар  кӛздерін  түсіндіргісі  келеді.  Орыс 
коммунизмін, оның екі жүзділік мінезінен кейін түсіну қиын. Бір жағынан, ол 
әлемдік,  интернационалдық  құбылыс,  ал  екінші  жағынан,  бұл  құбылыс  –
орыстық және ұлттық болып табылады. 
Бердяевпен  келісе  отырып,  орыс  топырағындағы  алғашқы  марксизм 
орыстың  батысшылдығының  соңғы  формасы  болды.  Орыс  марксистерінің 
бірінші  ұрпақтары  революциялық  зиялы  қауымның  ескі  бағыттарымен, 
халықшылдықпен  күресіп,  оған  алғашқы  соққыны  берді.  Орыс  марксизміне 
сай  капиталистік  индустрия  жұмысшы  класының  дамуы  мен  құрылуына 
әкеліп  соғуы  керек  еді.  Бұл  құтқарушы  –  класс,  сондықтан  марксистер 
крестьяндықтың пролетариаттығын жақтады. Оны халықшылдар жібермеуге 
тырысты. 
Марксистердің  ақырында,  революциялық  азаттық  күресі  үшін  шын 
әлеуметтік  базаны  таптық  деп  ойлады.  Табиғи  шын  сүйенуге  болатын 
әлеуметтік  күш  –  бұл  «ұйымдастырылып  жатқан  пролетариат».  Бұл 
пролетариаттық 
кластық 
революциялық 
санасын 
дамыту 
керек 
революциялық  зиялы  қауымды  жоққа  шығарған  крестьяндыққа  бару  керек, 
фабрикадағы  жұмысшыларға  бару  керек.  Марксистер  ӛздерін  реалистерміз 
деп санады, шынында осы кезде Ресейде капитализмнің дамуы жүріп жатқан 
болатын.  
Ол  объективті  әлеуметтік-экономикалық  үрдіске  ғана  емес, 
революциялық  зиялы  қауымға,  жеке  тұлғаға  сүйенгісі  келді.  Пролетариат 
марксизмі  мен  большевизмі,  Бердяевтың  айтуынша,  эмпирикалық  шындық 
болудан қалды немесе пролетариат эмпирикалық шындық ретінде жойылған 
болатын.  Ол  халықтың  арасында  аз  ғана  кӛлемде  болды,  бірақ  олар  жақсы 
ұйымдастырылған және тәртіпті еді. Бердяевтың пікіріне келісе отырып. 
 Ленинге  «Маркстің  атынан»,  «Бірақ  Маркс  бойынша  емес» 
революциясын  аяқтауға  тура  келді.  Ол  Ресейдегі  революция  «марксизмнің 
пролетариаттық  діні  ретіндегі»  тоталитаризмдік  марксизмнің  атынан 
аяқталды. Осыған қарама-қайшылық ретінде Маркс адам қоғамының дамуы 
туралы 
айтты. 
Бердяев: 
революциялық 
халықшылдыққа 
емес, 
ортодоксальды,  тоталитарлық  марксизмге  революцияны  аяқтауға  мүмкіндік 
болды.  Онда  Ресей  алғашқы  орыс  марксистері  қашып  кете  алмайтын 
капиталистік  даму  кезеңін  аттап  ӛткен  болатын.  Ол  осы  кезде  большевизм 
утопиялық  емес,  әжептәуір  шын,  1917  ж.  Ресейде  болған  барлық  жағдаятқа 
сай болғандығын кӛрсетеді. Кейбір кезде белгілі бір дәрежеде ол нағыз орыс 
дәстүрлеріне орыстың «әмбебап әлеуметтік шындықты» іздеуіне, басқарудың 
орыстық әдіс-тәсілдеріне, зорлауға билік жүргізуіне берілген болып шықты. 
Бердяевтің  айтуынша,  бұл  орыс  тарихының  барынша  алға  жүруімен 
және  халықтың  шығармашылық,  рухани  күштерінің  әлсіздігі  арқылы 
айқындалды. Сондықтан «коммунизм Ресейдің болмай қоймайтын тағдыры» 
ретінде болып, бұл орыс халқының тағдырының ішкі кезеңі деп саналады. 


Бердяевтің айтуынша, орыс революциясының зардапты кезеңіне жалпы 
халық  массасы  коммунистік  идея,  коммунистік  рәміздер  арқылы  тәртіпті 
түрде ұйымдастырылған болатын. 
Ол  бұны  орыс  мемлекетінің  алдындағы  коммунизмнің  беделі,  еңбегі 
деді.  Ресейдің  анархиялық  құлдырауы  коммунистік  диктатура  арқылы 
тоқтатылды.  Бердяев:  –  Осы  кезде  шіркеу  халық  ӛмірінде  басқарушы  рӛлін 
жоғалтты,  ол  соборлық  рухты  жоғалтуға  әкеп  соқты.  Оның  ойынша,  әрбір 
адамның абыройы мен ӛзіндік құндылықтары, рухани бостандығы үшін бұл 
қатерлі мәнге ие. Оның айтқаны шынымен дұрыс болып шықты.  
Коммунизм  мен  социализмге  қарсы  болып,  прагматикалық,  жалған 
ұжымдық  зияндылықты  сезіне  отырып,  Бердяев  ӛз  персонализмінің 
тұжырымдамасын  жасап  шығарды.  Оның  ойынша,  жеке  адам  тұлғасы 
(персона) – тарихтың басты қозғалтқыш күші. 
Оның  құқықтары  мен  бостандығына  мемлекет  пен  қоғам  сүйенетін 
болуы  керек.  Бердяев  әлеуметтікке  жеке  тұлғалық  бастама  приматын 
жариялады. Жеке тұлғаның бӛлектену тұжырымдамасын жасады. 
Ол индивидтің қоғамдық пайдалы істерге тотальдық бағынуына қарсы 
болды.  Абсолюттік құндылық  ретінде  адамның рухани, бостандығын  жария 
етіп, тиісті ӛмір жағдайлары мен бостандыққа ажырамас құқықты негіздеді. 
Бостандық проблемаларының нәтижесін қорытындылай келе, Бердяев «Адам 
тағдыры» атты кітабында:  – жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі іске асыруы дегеніміз – 
парықсыздықтан  саналылық  арқылы  жоғары  саналылықтың  биік  шыңына 
шығу» – деді. Ол : «Ресей тұлғаның діни эмансипациясынан ӛту керек», яғни 
«әулие  орыс»  түсіндірмесінде  діни  бостандықты  түсіну  үшін  қоғамдық 
сананы  қайтадан  бағыттау  керек.  Осы  тұрғыда  адамның  шығармашылық 
әрекеті Құдайлық ӛмірге толықтырулар жасауды кӛрсетеді. Сондықтан ол тек 
қана  антропологиялық  емес,  кейбір  теогоникалық  (Құдайлық  –  ғарыштық) 
маңызға  да  ие.  Бердяев  индивидуализмді  орнына  келтіріп,  ақтап  шығарды. 
XX  ғасырдың  басы  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  орыс  зиялы  қауымы 
ұжымдық идеологиямен әсерленген болатын. 
Олар  христиандық  Русьте  моральдық  құндылықтарды  қайта 
жаңғыртуға шақырған ӛнегелілік пен рухани бірігу проблемаларын кӛтерді.  
Достоевский сияқты олар моральдық құндылықтарға елдің бетін бұрып, 
халықтың  рухани  қайта  жандануы  мен  мәдениетінің  іргетасын  қалауға 
үміттенді. 
 Философияның  басты  сұрағын  негізге  ала  отырып  шындықты 
Флоренский  былайша  сипаттайды:  бұл  –  шынайы  шындық,  жоғары  ұлттық 
тұтастық, сонымен қатар философияның тәжірибені саралай отырып мынаны 
түсіну  керек:  шындық  нені  айқындайды,  абстракциялық  қалпын  немесе 
айқын  шындықты  ма?  Кӛріп  отырғанымыздай,  жоғарыдағы  екі  жағдай  да 
шындыққа  жанасады,  бірақ,  жалпы  шындық  діни  кӛзқараспен  айқындау 
арқылы  біз  махаббаттты  –  ақиқат  және  шынайылық  деп  түсінеміз.  Яғни 
махаббатты  белгілі  бір  қатынаста  ӛмір  сүрумен  сипаттайды.  Сондықтан 
Флоренский  бұны  былайша  тұжырымдайды:  бұл  біздің  санамызда 
қалыптасқан  объектінің  субъектісі  емес  кӛшірмесі  немесе  Канттың 


ойлағанындай  ойдың  пайда  болуы,  нақты  ӛмірдің  объектісі.  Басқаша 
айтқанда  ақиқат  «Шынайы  ақиқатты»  тікелей  пайымдау  процесіндегі 
интуициямен танылады. Бірыңғай ақиқат «аспанда» ғана мүмкін. 
Оның  метафизикасы  ӛте  биiк  бағаға  лайық.  Осылай  А.Ф.Лосев 
«Флоренский  платонизмнің  терең  тұжырымдамасын  бердi,  ол  мен  Платон 
туралы  оқығанымның  бәрінен  асып  түседі»деп  мойындады.  Белгiлi 
экономист,  дiни  философ  С.Булгаков  «Мәдениеттiлiк  және  шiркеулік 
кездесті»  деп  есептеді.  Афина  және  Иерусалим,  бұл  органикалық  байланыс 
тарихи-шіркеулік мағынаның дәлелі болып саналады. 
 И.А.Ильин  (1883-1954  жылдар)  –  Мәскеу  университетiнiң  құқық 
философиясының  профессоры,  большевиктердің  бұйрығымен  шетелге 
қуылған.Ол  «Философияның  дiни  мағынасы»,  «Рухани  жаңарудың 
жолы»жұмыстарында  философияның  мақсаты  Құдайды  және  әлемнiң 
құдіретті негiздерiн тану болатынын бекiттi. Ол қазiргi ӛнердiң азып-тозуын 
дiннiң жеткiлiксiз таралуымен түсіндірді :  тек  қана  дiни  рухтың  қайта  тууы 
ӛнердiң құлпыра гүлденуiне әкеледі. Соловьев сияқты Ильин де Л.Толстойға 
қарама-қайшылық ретінде «Жамандыққа зорлықпен кедергi туралы» тезисiн 
ұсынды.  Құқық  зерттеушi  және  философ,  ол  «күш  қолданудың  кез  келген 
түрі  зорлыққа  жата  бермейді»  деген  пікірге  сүйенді.  Егер  ол  игі  істерге 
жұмсалса онда зорлыққа жатпайды. «Алаңғасар жолсерiктi құздың ӛлкесiнен 
шығаруға бағыттаса ол зорлық болып есептеле алмайды; ... уақытында саяси 
ӛлтiрушiні  қолынан  соғып  жiберу..;  арандатушыны  уақытылы  ұрып  жығу; 
қасиеттi жерлерді ұятсыз қорлаушыларды шiркеуден қуып шығару.. " . Ильин 
«жамандыққа  күшпен  және  семсермен  қарсы  шығуға  мүмкін  болған  кезде 
емес,  басқа  құралдардың  жоқтығынан  ол  қажетті  болғандарұқсат 
етіледі» деп ескертеді.  
 «Мақсатты  құралдар  ақтайды»  деген  иезуиттардың  ұранын  қолдана 
келе,  Вл.  Соловьевтің  «Жақсылық  жұдырықпен  болуы  керек»  деген  тезисін 
қолдай  отырып,  Ильин  орыс  философиясының  ең  жақсы  салттарында  күш 
пен  семсердің  жолы  «қандай  қажетті  болса  сондай  әділетті»  деген  сӛздерді 
бекітеді.  
 Г.Г.Шпет  (1870-1937 жыл)  «Құбылыс және мағына»  еңбегін Гуссерля 
феноменологияны  жетiлдiредi  және  герменевтиканың  негiзiн  салды.  Оның 
пiкiрi бойынша философия ӛз дамуында даналықтың,метафизика және қатал 
ғылым  кезеңінен  ӛтедi.  Мүмкін  болатын  дискурстың  шекарасы  бір  мезетте 
эмпиризмге,  критицизмге,  скептизм  және  догматизмге  әкеп  соғатын 
философиялық  пайымдау  және  теріске  шығарудың  да  шекарасы  болып 
саналады.  Философиялық  білімнің  негізі  «тек  қана  тіршілік  білімі»  болып 
табылады.  Бұл  білімдер  интеллектуалдық  мүшелеудің  шеңберлерімен 
шектелмеген, бұнда мағынаның нақты бірлігі бар. Мағынасы құбылыстардың 
шекті негізі сияқты қаралуы керек. Танымдық ахуалды әлеуметтік мәдениет 
контекстінде қарастыру осыдан шығады. 
П.А.  Флоренскийдің  София  туралы  ілімі,  Құдайдың  Данышпандығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет