Реферат Тақырыбы: Әл-Фарабидың рухани мұрасы



бет1/3
Дата23.10.2023
өлшемі35,75 Kb.
#120879
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат ӘЛ ФАРАБИ


Студенттің өзіндік жұмысы

Н 11/1-1.64-2020
1 баспа 25.06.2020



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат


Тақырыбы: Әл-Фарабидың рухани мұрасы
Пәні: Рухани сабақтастық (Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі)
Курс: 2.
Студент: Адилова Айнұр.
Оқытушы: Мырзаханова Назгүл.
Тараз 2023ж
Жоспар

  1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

1,1 Әл-Фарабидың қоғам және мемлекет туралы ойларының басты бағдарлары мен ұстанымдары.
2,1 Тәрбие талғылымдары.
3,1 Әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» және қазақ утопиясы

3. Қорытынды бөлім


4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Әбу Насыр әл-Фараби – бір ұлттың шеңберінен шығып, бүкіл адамзат биігіне көтерілген қайталанбас тарихи тұлға! Оның рухани әлемін тану – адамзаттың мың жыл бұрынғы парасат-пайымын тану ғана емес. Бұл дегеніміз – бүгінгі болмысымыздың қай деңгейде екеніне көз жеткізу, сол туралы ой толғау, осыған орай жаңа заманның сын-қатерлеріне лайықты жауап іздеу. Әл-Фараби ілімі бізді әлемдік өркениет жолындағы «Бақытты адам – қайырымды қоғам – қуатты мемлекет» жүйесін құруға жетелейді. Біздің алдымызда тұрған зор міндет – ғұламаның әлем мойындаған өмірлік қағидаларын қазіргі заманға сай қолданып, ақыл-ой биігіне көтерілу, елімізді дамыған озық елдердің қатарына қосу. Сондықтан Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы рухани өміріміздің қарқынды дамуына зор серпіліс беретін, сондай-ақ жалпыұлттық жаңғыруға жол ашатын игі бастама болатынына сенімдіміз!


1,1 Әл-Фарабидың қоғам және мемлекет туралы ойларының басты бағдарлары мен ұстанымдары. Биыл дала данышпаны, адамзаттың «екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толды. Бұл – тарихымыздағы тағылымды белестің бірі. Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтулы датаны еліміз және әлемдік деңгейде атап өту жөнінде арнайы шешімін шығарды. Бұл орайда Ұлы даланың ұлағатты ойшылдары Абай мен Әл-Фараби мерейтойларының тұспа-тұс келуін рухани сабақтастық деп бағалауымыз керек. Әл-Фараби мен Абай – Шығыс пен Батыс әлемінің үздік жетістіктерін үйлестірген, өркениеттер тоғысында озық ой айтқан ғибратты ғұламалар. Қазақ үшін Абайдың данышпандық тұжырымдары – адастырмас темірқазық. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және шығармашылық мұрасы да – мәңгілік қуат алатын асыл қазынамыз. Әйгілі ғалымның еңбектері аса мазмұнды әрі ауқымды. Ол математика, филология, химия, астрономия, философия, медицина, логика, әлеуметтану, саясаттану, юриспруденция, этика және тағы басқа көптеген ғылым саласын дамытуға орасан зор үлес қосты.
Әл-Фараби феномені – теңдесі жоқ құбылыс. Оның баға жетпес ғылыми мұрасының жалпыадамзаттық маңызы бар. Ұлы ойшыл – орта ғасырларда ірі сауда орталығы, ғылым-білім және мәдениет ошағы болған Отырардың тумасы. Ол – әлемдік деңгейдегі тұғырлы тұлға, біздің мақтанышымыз. Әл-Фараби – Батыс және Шығыс мәдениеті арасындағы алтын көпір. Ұлы ұстаз ғылымның басты мұраты адамзат игілігіне қызмет ету деп білді. Оның пікірінше, ғылым өркениетті дамыту жолында нақты пайда әкелуі керек. Ғылымның дамуын философия, мораль және діни нормалармен үндестік арқылы қарастыру – ойшыл дүниетанымының басты ерекшелігі. Әл-Фараби еңбектерін аударып, жариялау XII ғасырларда басталды. Ғұлама ғалымның интеллектуалды капи­талы – көне грек философиялық мәтін­дерінен аударылған еңбектер, түсінік­те­мелер, сондай-ақ гуманитарлық және жара­ты­лыстану ғылымдарын синтездеген жеке шығармалар. Оның ең танымал туындылары – «Қайырымды қала тұр­ғындарының көзқарастары», «Даналық негіздері», «Музыканың үлкен кітабы», «Ғылымдар жіктемесі» және тағы басқа.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруге, яғни одан бұрын жаңғырып отыруға тиіс. Бұл сая­си және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», деп атап өтті. Ен­де­ше, Әл-Фарабидің рухани әлемін терең және жан-жақты зерттеу – уақыт талабы.
Халқымыздың парасатты перзенттері әл-Фарабидің есімі мен шығармаларын халқына қайтару үшін аянбай тер төкті. Солардың ішінде даңқты ғалым Ақжан Машанидің орны бөлек. Фарабитанушы өз зерттеулерінде ұлы ғұламаны Абай арқылы танығанын мәлімдейді. Ол, сондай-ақ қос ғұламаның идеяларынан үйлесімділік тауып, «Әл-Фараби мен Абай сынды данышпан ұлдары бар ел жарық сәуле жолынан адаспас. Әл-Фараби мен Абай жолы – тура жол», деп жазды. Ұлы ойшылдың елімізге қайта оралған рухани мұрасы – біздің сарқыл­мас қазынамыз. Ол өзінің шығар­ма­ларына әділетті қоғам қалыптастыру, ізгі адам тәрбиелеу идеяларын арқау етті. Осы игі бастама Абайдың туындыларында жалғасын тапты. Ғибратты ғұламаларымыздың ой-тұжырымдары бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біз Тәуелсіздікке қолымыз жеткен соң Әл-Фараби мен Абай армандаған асыл мұраттарды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. Енді Ұлы даланың дара тұлғаларының туындыларын елімізде ғана емес, сондай-ақ жаһандық ауқымда дәріптеуіміз керек.
Әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі саналатын Ежелгі Тұран өңірі Азия мен Еуропаны географиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар рухани және мәдени жағынан да байланыстырып келеді. Осы қасиетті топырақта туған Әбу Насыр әл-Фараби, Ибн
Сина, әл-Хорезми, Әбу Райхан әл-Бируни, Мах­муд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Иүгінеки және басқа тарихи тұлғалар өз заманында орта­ғасырлық түркі өркениетінің өркен­деуіне зор үлес қосты Аталған ұлы ойшылдардың арасында Әл-Фарабидің орны бөлек. Ол ислам мәдениетінің ошағы болған Бағдад, Каир, Дамаск, Халеб қалаларында бүкіл саналы ғұмырын өткізді. Ғұлама ғалым ақыл-ойдың алыптары – Аристотель мен Платонның шығармаларын өз заманына сай талдап-түсіндірді. Әл-Фараби өзінің ғылыми еңбектері арқылы жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырып, ғылыми дүниетанымның интеллектуалдық деңгейін жаңа биікке көтерді. Әл-Фараби ислам өркениетінің «алтын ғасырын» дамытуға үлкен үлес қосты. «Қайта өрлеу» дәуірінің алғашқы кезеңінде Фараби еңбектері латын тіліне аударылып, Еуропа жұртшылығына танылды. Сол арқылы бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды. Ілгергі дәуірде Әл-Фарабиді туған елі­мен байланыстыру, жан-жақты зерт­­теп-зерделеуге мүмкіндік болмады. Ұлы ұстаздың есімі қазақ жұрты­на бел­гілі болған кезден бас­тап, оның мұ­расы ұлттық сананың оянуы­на және ны­ғаюына ықпал етті. Фара­би мұрасын ұлықтауға белгілі мемле­кет және қоғам қайраткерлері, ғалым­дар мен зерт­теушілер көп еңбек сіңірді. Кеңестік дәуірде Ғылым академия­сында құрылған Әл-Фараби еңбек­терін зерттейтін шығар­машылық топқа көрнекті философ-ғалым Ағын Қасым­жанов жетекшілік етті. Осы бастама­лар­дың нәтижесінде Алматы қаласы Әл-Фараби мұрасын зерттеуді үйлесті­ретін ғылыми орталыққа айналды. Ат­қарылған жұмыстар шетел ғалымдары арасында да кеңінен танымал болды.
XX ғасырдың 60-70 жылдарында қазақ оқымыстыларының табанды зерт­теулерінің арқасында ұлы ойшылдың еңбектері Қазақ еліне оралды. Осылайша «екінші ұстаз» туған топырағымен қайта қауышты. Әрине, бұл айтуға ғана оңай. Өйткені сол тұс­та көптеген елдерде әл-Фараби секілді әлемдік деңгейдегі ірі тұлғаны өздеріне қарай икемдеу үрдісі жүріп жатты. Ғалымдарымыз қажырлы еңбегі мен ғы­лыми дәлелдемелері арқы­лы Әл-Фарабидің қазақ жерінің тумасы екенін әлемдік қауымдастыққа мойындатты.
Еліміз тәуелсіздік алған соң ұлы ұстаз тұлғасының ой-санамызда және күн­де­лік­ті өмірімізде берік орны­­ғуына кеңінен жол ашылды. Мемлекеттігіміздің символына айнал­ған ұлттық валютамызда Әл-Фараби бейнесі көрініс тапты. Арнайы ғылыми-зерттеу орталықтары құрылып, ғалымның шығармаларын зерттеу ісі жүйелі түрде жүргізіле бастады. Мектеп бағдарламасына әл-Фараби және оның мұрасы жөнінде мәліметтер енгізілді.
Әбу Насыр әл-Фараби есімін иеленген Қазақ ұлттық университеті ғұламаны дүние жүзіне танытуға барынша үлес қосуда. Халықаралық әл-Фараби ғылыми орталығы құрылды. Мұндай орталықтар әлемнің бірқатар елінде ашылды. Қазақ елі ұстаз алдындағы борышы мен парызын өтеу мақсатында оның сүйегі жатқан Дамаск қаласында мәдени кешен тұрғызды. Сондай-ақ Фарабидің адамзат өркениетінің даму тарихындағы өзіндік орнын айқындау үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуде. Ұлы ғұламаның мол мұрасын мұқият зерделеп, оның терең философиялық ой-тұжырымдарын өскелең ұрпақ тәрбиелеу, ізгілік қағидаттарын дәріптеу ісіне тиімді пайдаланған жөн. Бұл – бас­ты міндетіміздің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет