Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Емсіз ауру ұзақ жылдар бойы сақталып, созылмалы түріне



Pdf көрінісі
бет127/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Емсіз ауру ұзақ жылдар бойы сақталып, созылмалы түріне 
ауысуы (жиі әйелдерде) немесе өздігінен жазылып та (жиі ер 
адамдарда) кетуі мүмкін.
Ер адамда мұрт, сақал өсетін аймақта 
 
53-сурет. Тегіс терінің 
трихофитиясы 
52-сурет. Бастың шашты 
бөлігіндегі трихофития


да бастыңшашты бөлігіндегі сияқты клиникамен ошақтар дамуы 
мүмкін. 
Тері беткей трихофитиясы жиі бет, мойын, иық, дене терісінде 
жиі кездеседі, алайда кез-келген тері аймағында кездесуі мүмкін. 
Ошақтар жақсы жиектелген, бас терісінен аздап көтеріңкі
домалақ немесе сопақ пішінді, шеттерінде майда көпіршік пен 
қабыршақтар орналасқан кішкене дақты не түйінді валик болады . 
Ошақ ортасында патологиялық процестің шешілуі болады
сондықтан ол бозғылт түсті және қабыршақты болып келеді. 
Өзара қосылып, ошақтар қызық көрініс түзеді. Субъективті айқын 
емес қышу байқалуы мүмкін. Процесске буда шаштар қосылып, 
ем созылуы мүмкін. Тегіс терінің беткей трихофитиясымен 
көбінесе балалар ауырады.
Тегіс теріде
эритроматозды-сквамозды дұрыс дөңгелек 
пішінді, мөлшері тиын (монета) тәрізді шетке қарай өсуге 
ошақтар пайда болады. Бұл зақымдалудың клиникалық 
көрінісінде терінің деңгейінен шығып тұратын, жиірек ұсақ 
көпіршіктермен немесе қабыршақтармен жабылып тұратын,
шетке қарай өсу білігі айтарлықтай тән болып келеді 
(53-сурет)
.
Тырнақ трихофитиясы
.
Тырнақ пластинкаларын (жиі қол 
саусақтарында) беткей трихофитияда процесске 2-3% ауруларды 
қамтиды. Зақымдалу тырнақ пластинкаларның бос жиегінен 
басталады, сирек – ай тәрізді аймағынан бірнеше айдан кейін 
барлық пластинкасына тарайды, олар қалыңдайды, болбырланып, 
сынады және лас-сұрғылт түске боялады. Тырнақ астылық 
гиперкератоз байқалады. 
Әдетте, бірнеше тырнақ пластинкалары зақымдалады. 
Емделмесе процесс бірнеше жылдарға дейін дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет