Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет126/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Эпидемиологиясы.
 
Антропофильді 
Tr. 
еndothrix
саңырауқұлақтары ауру адаммен тікелей қатынаста болған кезде 
немесе ауру адам қолданған заттар арқылы жұғады. Қалада 
көбінесе балалар ауырады. Зоофильді саңырауқұлақтармен 
шақырылатын аурулар негізінен ауылдық жерлерде немесе 
қалалық жағдайда жұмыс барысында жылқы және басқа да ірі 
жануарлармен қатынаста болатын ипподром, цирк, зоопарк, 
ветеринарлық 
мекемелер 
сияқты 
жерлерде 
кездеседі. 
Инфекциялану 
тікелей 
ауру 
адамнан 
немесе 
жанама 
жануарлардан жұқтырылған жүн, пішен, топырақ, жем арқылы 
жұғуы мүмкін. Тышқан, көртышқан және басқа да кеміргіштерді 
зақымдаушы “гипстік” майдаспоралы трихофития адамға тікелей 
ғана емес, аралық – саңырауқұлақ спораларымен ластанған 
қорада тұратын ірі малдар арқылы да жұғады. 


Беткей трихофития.
 
Беткей трихофитиямен жиі мектеп 
жасындағы балалар ауырады, бірақ ауру кез-келген жаста кездесуі 
мүмкін. Шамамен беткей трихофитиямен ауыратын балалардың
40-50%-ы ауруын үлкен адамдардан жұқтырады. Бұл 
бұрыннан белгілі тек мектеп жасының ғана емес, “отбасылық ” 
инфекция. 
Эпидемияға 
қарсы 
шараларды 
тек 
балалар 
мекемелерінде (бөбектер, балалар бақшасы) ғана емес, ауру 
баланың үйінде де жүргізеді.
Клиникалық көрінісі мен ағымы.
Беткей трихофитияның 
бастың шашты бөлігінде, теріде және тырнақта кездесетін түрлері 
болады. Бастың шашты бөлігінде кездесетін беткей трихофития 
кіші ошақты және ірі ошақты болуы мүмкін. Қысқа жасырын 
(инкубациялық) кезеңнен кейін (6-7 күн) қабыну белгілерінсіз 
бірден шеттері айқын емес, дұрыс емес пішінді, майда 
қабыршақпен жабылған ошақтар пайда болады. Ошақтың шет 
жағында кейде көпіршіктер, пустулалар мен қабыршақтар болуы 
мүмкін. Қабыну ошағындағы шаштар процесске түгелдей 
қатыспайды, тек сиреп кетеді. Кейбір шаштар өте қысқа болып 
сынады (бас терісінен 1-2 мм-ге) және үтір, ілмек, сұрақ белгісі 
тәрізденеді. Оларды “көбіктер” деп те атайды 
(52-сурет)
. Әдетте 
бас терісінде бірнеше ошақтар болады, бірақ жалғыз ошақ болып 
та кездесуі де мүмкін. Науқастар субъективті шағым айтпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет