Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Этиологиясы мен патогенезі



Pdf көрінісі
бет232/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   386
Этиологиясы мен патогенезі.
Витилигоның этиологиясы 
белгісіз. Ауру патогенезінде генетикалық фактор басым, себебі 
пигмент түзілуді реттейтін меланоцит пен меланосомаларда 
тирозиназа ферментінің болмауымен түсіндірілетін аутосомды-
рецессивті тұқымқуалау типі анықталған. Витилигомен ауыратын 
науқастарда гипофизарлық-бүйрекүстілік жетіспеушілік пен 
қалқанша безі функциялық жетіспеушілігінің басымдығымен 
болатын плюригландулярлы эндокринді бұзылыстар болады. 
Клиникалық көрінісі.
Сау теріде пигментсізделген өсу мен 
қосылуға бейім ақ дақтар пайда болады. Пигменттің кетуіне 
көбіне тез қайтатын қабынулы эритема себепші болады. 
 
Витилиголанған дақтағы түктер түссізденуі, кейде өз түсін 
сақтап қалауы да мүмкін. Пигментсіз дақтар терінің кез келген 
бөлігінде, жиі симметриялы түрде пайда болады 
(122-сурет).
Пигменті жоқ тері бөліктері ультракүлгін сәулелерге өте сезімтал 
келеді, инсоляция әсерінен олар қабынып эритема түзеді, бірақ 
пигментация сирек кетеді. Витилиго жиі балалық шақта 
басталады және дами түседі. 
Кейде пигментсіз дақтарда жекелеген гиперпигментация 
аралшықтары болады. Витилигинозды дақтар өзара қосылуы 
 
122-сурет. Витилиго 
 
 
121-сурет. Терінің 
гиперпигментациясы 
 


арқылы іш, арқа, бөксе, сирек бүкіл денені алып кетеді және 
қалыпты түсті терімен кезектесе отырып, оған ала түр береді 
(пестрый). Кейде түссіз тері бөліктерінің пайда болуының 
алдында эритематозды ошақтар пайда болады. Субъективті сезім 
болмайды, витилигинозды дақтардың қабыршақтануы мен 
атрофиясы болмайды. Витилиго склеродермиямен, таздық 
(алопеция) ұяшықтармен қосарлануы мүмкін. 
Витилигоны бірнеше түрге бөледі. 
Ошақты
түрінде бір 
немесе бірнеше дақ бір аймақта (бет, кеуде және т.б.); 
сегментарлыда
– дененің бір жағында дерматома шегінде
жайылған
(генерализацацияланған) түрінде көптеген дақтар, 
терінің кезкелген аймағында симметриялы орналасқан – әмбебап 
витилиго деп аталады. Жиі акральды витилиго кездеседі:
саусақтың ұшында, жыныс мүшесінің басында, ауыз айналасында 
және т.б. 
Диагностикасы
қарау мен анамнез мәліметтері негізінде 
жүргізіледі. 
Ажырату 
диагностикасын 
сифилитикалық 
лейкодермиямен, лепроматозды депигментация бөліктерімен, 
тыртықты теміреткінің ошақтары кеткеннен кейінгі екіншілік 
жалған лейкодермиямен, Жильбердің қызғылт теміреткісімен, 
псориазбен, парапсориазбен жүргізеді. 
Емі
аз әсерлі, пигмент түзілуді катализдейтін тирозиназа 
ферменті мыс тұздарымен белсендіріледі, сол себепті науқастарға 
жиі 0,1-0,5% мыс сульфаты ерітіндісі 10-20 тамшыдан күніне 3 
рет тамақтан соң бір ай бойына береді. Бір уақытта темір, цинк, 
никотин қышқылын, В
6
, В
12
витаминдерін қабылдаған дұрыс. Жиі 
фурокумаринді қосылыстар – пувален, псорален, бероксан, 
аммифурин, меладининді ультракүлгін сәулемен қоса – ПУВА-
терапиямен қоса қолданылады. Негізінен спектрі 311 нм УК-
сәулелендіру жүргізіледі, бірақ бұл әдіс тұрақты пигмент 
түзілуіне әрқашан әкеле бермейді. Депигментацияның үлкен 
аудандары болса дигидрооксиацетон түріндегі декоративті 
косметикалық бояғыштарды қолданған жөн. 
Кеңес беру. 
УКС, фотопротекторларды, берперделік 
косметиканы қолданбаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет