Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Диагноз клиникалық көріністер және гистологиялық  зерттеулер нәтижесі негізінде қойылады. Ажырату диагнозы



Pdf көрінісі
бет235/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   386
Диагноз
клиникалық көріністер және гистологиялық 
зерттеулер нәтижесі негізінде қойылады.
Ажырату диагнозы
.
Қызыл жегімен ауыратын науқастарда 
ошақтардың айқын контуры (шекарасы) болмайды, ал 
айналасындағы кілегей қабаттың қабынғаны байқалмайды. 
Лейкоплакия байқалатын науқастарда эпителияның, ақшыл түсті, 
айтарлықтай айқын жиекті біркелкі емес қараюы пайда болады. 
Сифилистің екіншілік түрі байқалатын науқастарда папулалар 
сирек жекеленген дұрыс дөңгелек түрлі болады.
Емі
, егер жайылған болмаса, 30-50% проспидинді жақпа 
майды қолдануды қамтиды. Шектелген ошақтарды оталық 
жолмен алып тастайды немесе лазеродеструкция жасайды. 
Сонымен қатар, жақынфокусты рентгенотерапия пайдалануға 
болады.
С
ҮЙЕЛДІ РАКАЛДЫ 
 
40-50 жастағы ер адамдар жиі ауырады. Тек қана еріндердің 
қызыл жиегінде байқалады.
Клиникалық көрінісі
.
Диаметрі 0,5-ден 1 см-ге дейін, 
шектелген, жоғары шығып тұратын жартышар тәріздес элемент 
пайда болады. Түйіннің консистенциясы қатты. Еріннің қызыл 
жиегінің түсі қалыптыдан тоқыраған-қызыл түске дейін өзгереді. 
Жиірек түйіннің беті жұқа, тығыз отырған қабыршақпен 
жабылған.


Диагноз
 
қойғанда 
клиникалық 
көріністерін 
және 
гистологиялық зерттеулердің нәтижесін ескереді.
Емі.

Хирургиялық жолмен сау тіннің шекарасынан қиып 
алып тастау.
Ш
ЕКТЕЛГЕН РАКАЛДЫ ГИПЕРКЕРАТОЗ
 
Жиі 30 жастан асқан ер адамдар ауырады. Әдетте, төменгі 
еріндердің қызыл жиегінде, ортасынан аздап асимметриялы 
орналасады.
Клиникалық көрінісі.
 
Мөлшері 0,3х0,5-тен 1,5-2 см-ге дейін, 
түрі – полигональды шектелген аймақ пайда болады. Егер 
ошақтың беті тығыз отырған қабыршақтар жиынтығымен 
жабылған болса, ол еріндердің қызыл жиегі кілегейінен шығып 
тұрады. Қабыршақтар сұр-ақшыл түсті. Олар болмаса ошақ аздап 
ойық болады. Мүйізденудің, қабыршақтардың пайда болуының 
артуы және тығыздалуы заладануының негізігі белгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет