Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


ТЕРІНІҢ, АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕРІНДЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет233/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   386
2.9. ТЕРІНІҢ, АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕРІНДЕРДІҢ 
КІЛЕГЕЙ ҚАБАТЫНЫҢ ОБЫР (РАК) АЛДЫ АУРУЛАРЫ 
Терінің ракалды ауруларын қарастырғанда 
«ракалды 
жағдайлар» және «ракалды зақымдану» деген түсініктерді 
(терминдерді) ажырата білу керек.
Ракалды жағдай
– 
бұл ракалдына бейімділік, бірақ қазіргі 
кезде оған тән белгілері болмайды. Ракалды жағдайдың жиірек 
кездесетін нұсқасы эпидермис пен дерманың бірігу аймағының 
зақымдалуынан, созылмалы гранулеманың, көптеген созылмалы 
дерматоздардан (дискоидты қызыл жегі, кілегей қабаттардың 
қызыл тегіс теміреткісі, туа бітікен дистрофиялық буллезді 
эпидермолиз және т.б.) кейін пайда болады.
Ракалды зақымданулар
 
басынан өткен трансформацияның
әртүрлі белгілерімен сипатталады. Ракалды зақымдану УК-
сәуленің канцерогендік, канцерогендік заттардың, иондық 
сәулелердің әсерінен кейін пайда болады.
Терінің ракалды
-деп тері рагіне, статистикалық тұрғыдан 
болжауға 
болатын 
жиілікпен, 
трансформацияланатын 
зақымдануларды айтамыз. Ракалды ауруларды анықтау үшін 
клиникалық мәліметтерді бағалаумен қатар, міндетті түрде 
гистологиялық және/немесе цитологиялық зерттеу жүргізу керек. 
Қазіргі кезде тері морфологиясын зерттеу үшін инвазивті емес 
әдістер кеңінен қолданылады.
Ракалдының 
пайда 
болуына 
созылмалы 
жарақаттар, 
салқынның, күннің, желдің, қоздыратын тағамдар (әсіресе, ыссы 
және ащы), алкогольді шектен тыс қолдану, шылым шегу, кәсіби 
және басқалардың әсерлері ықпал етеді.
Терінің ракалды ауруларының жіктелісі 
А. Шамамен вирусты этиологиялы ракалды аурулары: 
А1 – Левандовский-Лутц верруцирленген 
эпидермодисплазиясы; 
А2 – бовеноидты папулез; 
А3 – Бушке-Левештейн алып кондиломасы. 
Б. УК-сәулеге сезімталдығы туа біткен жоғарылығы салдарынан 
және радияциямен шақырылған ракалды аурулары: 


Б1 – пигментті ксеродерма; 
Б2 – күндік кератоз; 
Б3 – радиациялық дерматоз. 
В. Эпидермаішілік ракалды аурулар: 
В1 – Боэн ауруы; 
В2 – Кейр эритроплазиясы; 
В3 – экстрамаммарлы Педжет ауруы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет